– ҚР СІМ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», - деген ақпаратпен бөлісті Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік,оқиға 21 маусым күні кешке Агиос-Николаос жағажайы аймағында болған. Деректерге сүйенсек, туристер алдымен яхтаны жалға алып, кейін онда отшашу ұйымдастырып, оны құрлыққа қарай ұшырған. Нәтижесінде қарағайлы орманда өрт шықты.

Кейін олар өртті көріп, сөндіруге тырысқан. Алайда жалын күшті болғандықтан өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, кейін өздері оқиға орнынан кетіп қалған.Туристердің арасында қазақстандықтар да бар деген дерек жарияланған болатын.