Қасыңыздағы досыңыз не сүйіктіңіздің сырын қалына қарап ашу өте оңай. Оның бетіндегі меңдерін анықтап біліп алыңыз.

1. «Үшінші көз» маңындағы қал иесінің интуициясы жақсы дамығандығын білдіреді. Бұл кісінің логикалық ой-өрісі керемет.

2Көзінің сыртқы ұшында қалы бар адам қызу, кейде қызғаншақ болады. 

3. Бұл жерде қалы бар - поэзияға құмар, ақыл еңбегін жақтайтын жан. 

4. Мына қал иесі сезімге берілгіш, адал, махаббатына берік адам. 

5. Осы жерде қалы бар кісі - тік мінезді, көбінесе махаббатқа тұрақсыз адам.

6. Мұрындағы қалдан адамның саяхатқа деген құмарлығын байқаса болады. Сондай-ақ, иесінің қиялы кең, өнерсүйгіш.

7. Осындай қалы бар адам қызғаншақ, қатал, тіпті диктаторлық қасиетке ие.

8. Мұндай қалдың иесі - көңілі нәзік жан. Сезімге берілгіш.

9. Бұл қал иесінің психологиялық қиындықтары болуы мүмкін. Көбінесе олар әрқашан өздерін кінәлап, өзіне сенімсіз болады.

10. Бұл жерде қалы бар адамдарды өкпелетуден абай болыңыз. Себебі олардың есте сақтау қабілеті ерекше жақсы дамыған. 

11. Осындай қалы бар адам тыйым салынған заттарға құмар болып келеі. Осы әдеті жеке өмірінде қиындықтар тудыруы мүмкін.

12. Қал иесі құмарлықтарына ессіз беріледі. Алайда кейде бұның нәтижесі теріс болуы мүмкін. 

13. Осы жерде қалы бар жан ұрсысуға құмар. Алайда артынан кінәсін көріп, татуласуға да дайын.

14. Бұл қалдың иесінің ой-өрісі ерекше, тылсым болып келеді. Бұл адамның тағдыры ерекше болмақ. 

15. Мынандай қал тек тәуелсіздік пен бостандықты сүйетін адамда болады. Бұл кісі білгенін істеп, еш уақытта кеңеспейді. 

16. Мына жерде қалы бар жан барын отбасы үшін құрбан етуге дайын.

17. Бұл қал иесінің сылқым жан екенін көрсетеді. Ол жеке өмірінде бәрін көргісі келеді, алайда некеде өте адал. 

18. Осындай қалы бар кісі өте сезімтал, нәзік, оның қиялы бай, ойлары ерекше. 

19. Мынандай қалы бар жан өмірде бір ғана үлкен махаббатты қалайды. Сол үшін шығар, ол ғашығына ерекше талғампаз әрі қызғаншақ. 

20. Қалы осы жерде орналасқан адам депрессияға берілгіш болып келеді. 

21. Дәл осындай қал иегері біркелкілікті ұнатпайды. Бұл оның жеке өмірінде де байқалады. 

22. Осындай қалы бар адам сұлулыққа ерекше құмар болып келеді. Ғашықтарының көп екені түсінікті. 

23. Мына қал иесінің ойлары таза, өзі ұқыпты екенін көрсетеді. Олар өмірдің кез келген саласында сәттілікке жетеді.

24. Осы жерде қалы бар жандардың психикасы мен денсаулығы зақымдануға бейім. Олар сырттан келген қауіп-қатер, ауру-сырқауларға төзе алмауы мүмкін. 

25. Ал мынандай қал иегері үлкен, мықты отбасын қалайды. Өзі тыныш, қарапайым өмір сүргенді дұрыс санайды.