Тоқты

Шілде айында тоқтылар сабырды серік етуі тиіс. Бар нəрсеге асқан сарабдал көзқараспен қараңыз.

Достарымен қарым-қатынаста қолайсыз жағдайлар орын алуы мүмкін. Ешкімге өз құпияңызды айтуға асықпаңыз. Сезімде көптен күткен өзгерістер орын алуы мүмкін. Бұл ай ұзақ күнтізбелік айлар қатарына жатады. Сондықтан, ақшаңызға ықтият болыңыз.

Торпақ

Келер күнді бүгіннен ойланатын кез келді. Барлығына жақсы көрінем деп, бəрініе көмек жасай аламын деп шаршамаңыз. Адамдардың ішінде сізді жақсы көретін жандарға көбірек уақыт арнаңыз. Күшіңізді сарқитын жұмыстардан қашық жүріңіз. Сізге қажеті жоқ əңгімелерді тыңдаудың сізге қажеті шамалы. Шілде айында жүйкені күткен абзал. Бұл айда сіз қолыңызда қаржы ұстай алмайсыз. Оған өкінбеңіз! Сізді қонаққа шақыратын жерлерге барудан қашудың да қажеті жоқ.

Егіздер

Бар жағдайға салқын ақылмен қарауға  дағдыланғаныңыз жөн. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста белсенділік тантуыңыз шарт. Ақылмен жасаған жұмысыңыз жемісті болмақ. Жалған қошемет пен жалған мақтауларға алданбаңыз. Сауда-саттық саласында жасаған əрбір ісіңіз берекелі болмақ.

 

Шаян

Ақылды адамсыз. Қаржы сауатыңыз бен құқықтық сауатыңызды ашыңыз. Денсаулығыңызға жете  мəн беріңіз. Тамақты талғап ішкен де артықтық етпейді. Алайда, жазғы демалысқа шығуға асықпаңыз.  Жеке өмірде жарқын уақыт тумақ. Сүйген жандарға жылылық тантудан кеш қалмасаңыз, сізді де сүйер жан табылады.

Арыстан

Бұл айда сізді ұзақ сапарлар күтеді.  Сапарда өзіңізді жақсы жағынан өзгертуіңізге де мүмкіндік тумақ.  Аз сөйлейтін қасиетіңіз бен адамға деген ілтипаттан ажырамауға тырысыңыз. Тым қатты сенгіш болмаңыз. Жүректен гөрі ақылға жүгініңіз.Бұл айдың екінші он күнінің бірінде  қолыңызға  қомақты  ақша түседі. Сол ақшаны жүйелі жұмсаңыз.

 Бикеш

Бұл айда сізден көптеген ескі достар алшақтайды. Олардың алшақтауына бас ауыртып қажеті шамалы. Ай бойы жаңа таныстықтар мен күтпеген қуаныштар көп болмақ.

Таразы

Отбасыңыз жете көңіл бөліңіз. Отбасылық мəселерді жалғыз отбасы мүшелері шеше алатын ұмытпаңыз.  Жиі тынығыңыз. Барлық нəрсенің шешімі - тыныштықта табылады.

Денсаулығыңыз сыр берсе, міндетті түрдн дəрігерге көрінгеніңіз абзал.

Сарышаян

Сөзге мəн бермеңіз.  Бұл ай сарышаяндар үшін құжатпен жүретін ай. Бар ісіңіз алға басады. Десе де,  аздап қалтаңыз бен жүйкеңіз жұқаруы мүмкін.

Мерген

Алаңсыз ай. Қиялыңызға қанат бітіріп, өзіңізді дамытудың уақыты келді. Біліңіз, шілде айы -толық тыныштық пен махаббат айы. Сүйіктілеріңіздің сізді қуантуына мүмкіндік беріңіз

 

Тауешкі

Тауешкілерге бұл айда сезімге ерудің қажеті жоқ. Жаңаша өзгеріс жасауға асығатын да кез емес. Ақырын жүріп, өз мақсатыңызға жетесіз. Ешкімге сөз бермегеніңіз абзал. Сізді ай соңында бір керемет тосын сыйлар тосады. Ешкіммен ренжіспеңіз.

Суқұйғыш

Басыңызға ешкімді шығармаңыз. Жағымпаздыққа жол жоқ. Сізді ренжіткен адамға қайта жуымауға тырысыңыз. Ақшаңызды аздап болса  да, келешегіңіз үшін жинасаңыз жөн болмақ. Жеке өмірде тым белсенді боласыз. Жігіттер қауымына нағыз шаңырақ құратын ай

Балықтар

Күйбең тіршілікпен жүріп өзіңізді ұмыттыңыз. Балықтарға жұлдыздар осы айда өзіне қарауды жəне өзі үшін қаржы аямауды кеңес етеді. Емдік шипажайларға барып емделуге ең қолайлы кезең. Ағзаңызға қажетті дəруменді де осы айда толықтыруға болады.  Десе де, балықтар терісін күткені жөн.