Адамның ішетін дәрумендері ағзасына қай дәрумен жетіспейтініне байланысты, ол қан тапсырған кезде анықталады. Десе де, күзде бәрі ішуі тиіс дәрумендер бар.


D дәрумені — бәріміздің негізгі дәруменіміз. Ол ағзадағы 300-ден астам реакцияға қатысады. Ол жақсы сіңу үшін D дәруменін міндетті түрде таңертең ашқарынға K2 дәруменімен бірге ішу керек.


С дәрумені де ағзамызға аса қажет. Ол иммунитетіміздің негізгі қорғаушысы. Сондықтан күзде С дәруменін ішу керек.

Магний B6 – ағзамыздың құрылыс материалы. Онсыз жасушалар синтезі жүрмейді. Магний B6 зат алмасу процесіне белсенді араласады.

А дәрумені – иммунитетті нығайтып, көздің көру қабілеті мен ағзаның репродуктивті жүйесін қалыпта ұстауға септігін тигізеді.

Е дәрумені антиоксидант ретінде иммунитетті күшейтелі, ағзаны ерте қартаюдан қорғайды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрумендердің тапшылығын тек тамақтану арқылы жабу қиын. Сондықтан, әсіресе, күз маусымында жоғарыда аталған дәрумендерді міндетті түрде ішкен жөн.