Әміртай Мейрамбек Сәрсенбек ұлы 28.01.1995 жылы ,Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазіргі Қарағанды облысында, жеке меншік филиал да жұмыс атқарады. Жас талапкердің өлеңдері «Балқаш өңірі» газетінде жарық көрген.

Мейрамбек, неше жастан бастап өлең жаза бастадыңыз?Өлеңдеріңіз де мұң бар, сағыныш бар...

Мектеп оқып жүргенде , сынып жетекшіміз үй тапсырмасына шығарма жазып келіңдер дегенде , шығармамен қосып бір шумақ өлең жазып келетінмін. Нақты қай сыныпта екені есімде жоқ. Сынып жетекшім 'мәнерлеп оқудан' Абай оқуына қатыстырған. Өлең жазуды сол уақыттан бастадым.

Өзіме ұнайтын өлеңім бар, 14 жасымда жазған.

Туған жер

Бабамнан қалған жер бұл далам,

Шешілмес жұмбақтай сыр маған.

Сендегі ғажапты жырлауға,

Мендегі жетпейді мың қалам.

Көбісі өлең жазып бастағанда «Бала махаббат» «Алғашқы махаббат»себебінен туындап жатады.

Менікі олай емес. Өлеңім туған жерден басталған. "Туған жер" туралы өлеңім өзіме ұнаған соң , өлең жазуды 14 жасымда бастадым деп айта аламын.

Сәби кезімде әжемнің қолында қалғанмын. Әжем 5 жасымда өмірден өтті. Анамнан бөлек тұрдым. Бірақ , туған анамның мейіріміне аса қатты зәру болған жоқпын. Ара-арасында барып тұратынмын. Өсе келе анамның қасында болдым. Былтыр анам (2017 жылы) өмірден өтті. Енді , бала кезде зәру болмаған ана мейіріміне зәру болып қалдым.

Мұңымда , сағынышымда Анам!

Әлеуметтік желі арқылы танылуға болады дегенге келісесіз бе?Мысалға инстаграм желісі арқылы –ақ,біраз оқырман жинап,өздерінің танымалдығын арттырып жатқандар бар.

Біздің қоғамда аяқ алысың "жаза бассаңда, игі іс жасасаңда" әуелі әлеуметтік желі көреді. Сондықтан барынша сақ жүруге тырысамын. Менің замандастарым бар әлеуметтік желі арқылы танылып жүрген. Танылуға болады. Ұлттық тәрбиені өзіңнен кейінгі буынға дұрыс сіңіре аламын десең. Ал , жеке бастың мүддесі үшін,әлеуметтік желіге танылып қажеті жоқ. Өміріңде ешқандай құпия қалмайды.

Өлең- өмір.Өлең  ақынның,ішкі жан –дүниесіндегі  нәзік қалтарыстарды береді.Өлең арқылы жан толғанысыңды шығарып,жеңілдеп қалатын сәттерің бола ма?

Өмірде сырласатын адамым бар. Ол кісіні өзім «Әпке» деймін. Анам кеткелі бар ойымды сол кісіге ғана ашық айта аламын. Бала кезден өлең жазып келе жатқан соң , іштегі ауыр мұңымды өлеңге ақтарамын.

Өлең жазып болған соң ғана арқаны кеңге саламын. Өлең арқылы әлемді, біздің қоғамды көремін. Өлеңсіз көңілім толмайды.

 Әлеуметтік желіні қаншалықты жиі қолданасыз және қандай мақсатта?

Әлеуметтік желіні , уақыт болып жатса кез келген сәтте қолдана беремін. Оған белгілі бір уақыт арнамаймын.

Мақсатым; көзі тірі ақын-жазушылардың өлеңдерін , ой-пікірін оқығым келеді. Бір сөзі болсын ,рухани күш-жігер береді.

Мамандығыңыз?Бұл күнде қандай тірлікпен айналысып жүрсіз?

Ж.С.Ақылбаев атындағы  "Балқаш маңызды білім беру" (Болашақ) колледжінде оқуға түстім. Өкінішке орай әлі бітірген жоқпын. Жалғастыру қажет. Бітірмеген себебім; 2 курста (18 жасымда) әскерге кеттім. Әскерге баруды құп көрдім. Ауылда бала кезде еститінмін. Бізден алдыңғы буынның Әскерге бардың ба? Дәрігерден өттің бе? Облыстық ше?

- Жоқ. Өте алмадым. Көзден, құлақтан, т.б. жағдайларға байланысты өткізбеді дегенді. Соның бәрі санамда қалса керек. 18 жасымда аудандық , Облыстық дәрігерден денсаулығым 'Әскерге жарамды' деген соң мүмкіндікті жібергім келмеді. (Оның үстіне аннам да қарсы болмады. Керісінше әскерге барғанымды құп көрді) Өйткені келесі жылы Әскерге жарамдысың ба, жарамсыз боласың ба? Оны Алла біледі деген оймен , оқуды бәрін доғарып Әскерге кеттім. Қазір Қарағанды облысында жеке меншік филиалда жұмыс атқарамын. Жұмысымның өлеңге қатысы жоқ.

 

 

 Сіздің жүрегіңізді жаулап алған,шабытыңызды оятатын,сезіміңізді селт еткізер ару бар ма?

Колледж оқып жүргенде , өз ауылымның қызына ғашық болғанмын. Ол да қалада оқыды. 2 - жыл жігіт пен қыз болып, жарасып жүрдік. Бәрі сол мен әскерге кеткен соң аяқталды. Өкінішім жоқ. Отан қорғайтын жігітті , Махаббат ұстап қала алмайды. Отансыз көрген махаббаттың құны бес тиын.

Қазір тек қиял ғана!

 «Уақыт емші,уақыт кез –келген нәрсені  ұмыттырады» дегенге келісесіз бе?

Уақыт емші дегенге сенбеймін. Уақыт тек өткеннен алыстатады.

Бала кезімде Әжемді қалай сағынсам, қазірде дәл солай сағынамын.

«Адамның аяры,достың сатқындығы»дегенен не түсінесіз?Дос болып жүріп, сатып кеткендер болды ма?

Қулығына құрық бойламайтын адамды айтады ғой аяр деп , менің түсінігімде.

Достың сатқындығы дегенді бастан өткеріп көрмеппін. Сол себепті ол жағын әлі айта алмаймын. Дос жоқ менде!

Қазақ ақын - жазушыларынан кімдерді оқисыз?Өз замандастарыңнан кімнің өлеңдерін ұнатасыз?

Махамбет Өтемісұлынан бастап 19, 20 шы ғасырдағы ақындардың бәрін оқығым келеді. Оқып жүрмін шамам жеткенше.

Өзімнің ең негізгі оқитыным, Ауылдас ағам ақын Бағдат Мүбәрак.

Жазушылардан Бердібек Соқпақбаев

«Өлгендер қайтып келмейді»

Шырайлы Шымкент , Созақ ауданының тумасы ақын қыз Мехнат Теміртасқызының өлеңдерін жақсы көріп оқимын.

Ағалар айтып жүрген ақындық болмысты сол қыздан көре аламын. Өткір. Асау мінез!

Біздің сайт оқырмандарына қандай тілек айтар едіңіз?Сөз соңын әдемі шумақпен түйіндесек

Әлеуметтік желіде отырғаннан кейін аға-әпкелер, белсенді жастар  барынша үлгілі болуды өзіне және өзгеге талап етсе деймін. Неше түрлі топтар бар. Жағдайы мен айтпасамда желі қолданушылардың бәріне аян. Бәріміз « Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып Ұлттық қалыпты сақтауға ат салыссақ деймін.

«Суық күздей самалы салқын бақыт,

Тұтанбады от қоятын жарқылдатып.

Ақынбыз ғой, қайтесің , бір парақпен

 қаламды алар.

Жолында алтын жатып»

 

Сұхбатыңыз үшін рақмет!