Бірінші хат

Медине Гүлгүннің хаттарының ізімен

Азамат Əбілқайырға

Мейірхан Мейрамбекұлы

"Адалдың аты - ақ жүрек,

Адалдың жаны - ақ парақ".

Медине Гүлгүн.

Кеңдік. Кісілік. Тазалық.

"Заманында сыйласар адамы жоқ адам - қурауға таяу қарағаш тəрізді".

Орхан Памук

Тірлікте адам баласының бағы мен мұраты - адамға деген сыйластықтан басталған жəне солай жалғаса да береді.  

"Сыйластық - уақытпен пісіп жетілетін сезім.  Таныс адамның бəрі сыйлас бола алмайды. Уақытпен жақындап, уақытпен құрметің артып, уақытпен ол жанды қабылдайсың. Сыйластық жүрекке орныққан сəттен ол сенің  тамыры бір  туысыңа айналады" деген-ді Медине Гүлгүн өте дұрыс айтқан сияқты.

Азамат, мен сізді өлең арқылы танығалы төрт жылдан асып қалыпты. Осы аралықта нені сездім? Нені білдім?  Көрдім дей алмаймын. Сездім.  Өлеңге ынтық жүрегіңіздің  кеңдігін сездім. Кеңдік - көкейінде кісілігі бар адамға танытылар құрмет. Кісіліктен жұрдай адамға кісілік тантпайтын жəне тантқанды да   қабылдай алмайтын өрлігіңізді сездім. Бұл -  нағыз жігіттік!

"Кісіліктің қадіріне жетпейтіндерге кісілік тантқан адам абырой тапқан емен. Таппайды да.  Кісілік жайлы ойлануға санасы жетпейтіндерге біздің  зат болмысымыз жақпайды да. Білем,  кісілігін қара жерге көміп тастап, өзгелерден кісілік күтіп жүргендерге мойында бұрып қарамаған адам ғана ұтады" деген Медине Гүлгүн. Санасы сергек осы бір сөзбен сіздің ойыңыз бір жерден шығатындай көрінеді де тұрады.

"Жүрегі соғып тұрған əрбір адамның  саф ауаны керек етуі  - өмірге құштарлығының айқын дəлелі. Ал, жан  дүниенің   тазалыққа ұмтылысы - рух мен ділді өлтірмеудің жалғыз амалы" -деп, Ришат Нури Гүнтекин өз хикаяттарының бірін де айтып кеткен болатын.

Кейде, бір ғұмыр жүректі жанды іздетіп, ұзақ  сүргінге салатын бір қасиет  болады. Ол - адам бойындағы тазалық. Тазалық - адамды ерекшелейтін ең арда қасиет. Онысыз адам болу мүмкін бе?! 

 

Брайльдан  аударған: Л. Кулиева