Бірінші хат.
"Ертегінің шын болатынына сену - жүрегіңдегі  əлсіз үміт оты. Ол маздайды. Сəл күтсең, үміт үзбесең..."
   Р.Гүнтекин.
Қанша рет... Қанша адамды жақын тартсам да, қанша адамға ағымнан ақтарылсам да бір нəрсе аян -  жүрегімнің қалауынан аса алмағам. Асуды мүмкін ойланбайтында шығармын. Асқанда қайда барам?! Теңізден ұзай алмас шағаладай қайта келем. 
Қасым - санамдағы сіздің есім. Мен сізді Қасым деп қабылдап жүрмін.  Басқалардай есіміңізді бірден жаттап қала алмадым. Мені іздеп қоңырау шалған күніңіз əлі есімде. Ірілік сездім. Жылылық сездім. Абай туған топырақтың иісін сездім. Қыс еді. Сіз мені іздейді деген-ді біреу айтса, сенбес едім...
Өмірге келген сəтімнен, бүгінге дейін өзегімде бір үміт пен бір күдік қатар көктеп жатыр. Үмітім басым шығар, əлі сауықсам деп арманым-  саф. Күдіктің илеуіне түспегенім, өнерді сүйгенімнен əсте  Баһадүр батырлардай батырлықты, батылдықты үйретерсіз маған. Өмір ұстаздың  сабағына бар ынтаммен  зер салып-ақ келем. Десе де, аға мектебінің жөні бір бөлек.
 Дерт салмағын артқан сайын хəм жылдар алға жылжыған сайын бір ғана нəрсе ұғынып келем. Ол- өзімді жоғалтпау үшін ғана қаламды дос қылу керек екендігі мен  өнерді, өлеңді сүюден жүректі шектесем өмірім мəнсізденеді екен...
          *
Тəтті түс шығар,
Күтетіні көңілдің.
Тəтті түс шығар,
алданышы өмірдің.
Ж. Сүрея.
 Тəтті түс - жаураған санаңды жылытқан тəтті елес қана.  Түс демекші,  мен үнемі түсімде  сахнада əн салып жүремін. Ішімнен аяқтан тұрсам, сахнаға осылай шығады екенмін-ау деп қоямын. Сахнаны түсімде көруіме сіз не дейсіз? 
3.02.17.
  Мейірхан Мейрамбекұлы
  Аударма тікелей брайль әліппесінен "el24.kz" аударма бөлімінің тапсырысымен аударылды