Асаубек Айымбетовке
Асау жүрегің,
адалдық қалар.
Арман-тілегің,
жүрекке жанар.
Асау теңізім,
толқуға құмар.
Асау теңізім,
Шағала сыңар.
Асау теңізім,
самалы дəру.
Асау теңізім,
сан жүрек зəру.
Асау сезімің,
шық сынды тұнар .
Асау сезімің,
арманыңа сыңар.
Асау арманың,
қиялыңа серік.
Асау арманың,
өміріңе көрік
 Жібереміз бе?
 Хан болсын мейлі,
бек болсын дара.
Асау жүрек лүпілі,
жол салар сара.
Асау от жүрегің,
таңдауға əзір 
Асау от сезімің,
жалғайды дəуір.