Алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынады.

Бұл туралы Үкімет тотырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Тілшілер министрден еліміздегі жолашылар вагондарын жаңартуға қатысты сұрақ қойды.

«Жалпы, Қазақстанда 2 667 вагон паркі бар.

Кейінгі бірнеше жылда 600 вагон қолданыстан шығарылды, 300 вагон алынды. Осыған байланысты бізге вагондар жетіспей жатыр. Осы 2 667 вагон паркінің 74 пайызы, яғни 1 857 вагонында кондиционер бар. Өкінішке қарай, 26 пайызында (кондиционермен) жабдықталмаған. Былтырдан бастап вагон сатып алу көлемін ұлғайттық.

Өткен жылдары 50-100 вагон сатып алсақ, былтыр 118 жаңа вагон сатып алдық. Биыл қосымша 140 вагон пайдалануға беріледі, келер жылы 224 вагон сатып алынады. 2025 жылдан бастап жыл сайын жалпы 200-ден аса сатып вагон паркін аламыз.

Осылайша, алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагонды аламыз. Бұл ескі вагондарды алмастыруға мүмкіндік береді. Министрлік пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық оператор тарапынан осындай жұмыстар істеліп жатыр», - деді М. Қарабаев.

Оның айтуынша, санитарлық талаптар вагон паркі тұрақты түрде тексеріліп жатыр. Тек биыл 62 маршрут мемлекет тарапынан субсидияланса, оның ішінде 20 маршрутқа инспекция тексеріс жасады.

Дереккөз: Kaz.inform.kz