-Пока маған болмайды, Магнумға сен барып кел енді. Міне, тізім.
10 минуттан соң телефоның шыррр-шырр етеді.
-Фейридің үлкені ме, кішісі ме, ақ па, жасыл ма?
-Доместостың мың миллион түрі бар, қайсысын аламын?
-Туалетная бумага ше? 56 ма, 65 пе, қалыңы ма, жұқасы ма?
-"Олвейсің не-и, мында өңкей қатын жүр ғой, ұят емес пе? Ерікпеш, каплясын санап тұрайын сол.
-Туф, круасан деген не пәле? Обычный кирпиш нан ала салам.
-Қазақстан шоколадын ваще таппадым, сатудан алып тастаған ғой дейм (толып тұр негізі).
-Кукуруз деген банкадағы ма? Аааа, анадай слоеная ма, қайдан табам?
-Макаронның сан түрі көп қо, қайсысы?
-"Сдобные суxарики" деген не? (соңында непонятный Магнумның қатқан булочкасынан жасалған суxар тауып келеді, іздесең табылмайтын суxар ше)
-Сгущенка қайсысы? (вареный, қап-қара боп қайнаған сгущенка әкеледі)
-Сүттің қай түрі, неше %? Колбаса қандай? Сыр ше? Шадринское деген не? Коктейль деген не пәле-и? Сары май қайсысы, неше проценттігі? Алманың қай түрі?
Тууу, үтір, нүктемен жазбайсың ба? "Криспи чикен гамбургер" деген үш нәрсе ме?
Оx-оx, продуктоға өзің барғандай болмайды иә? Күйеуіңді бір жаққа жұмсасаң обязательно телефоның 80 рет стучит етеді))). Бәрін қиындатып жібереді.
Еще бұл тізім бергендегі тема. Тізімсіз жіберсең, Африкаға барғандай болатын шығар.
Біздер, қатындар, через бараxолка, по Ташкентский через КФС, через мектеп, балабақша, заправкі арқылы, Магнумды көтеріп келсек те бір звондамаймыз ғой осы. Қаңғалақтап телефонға қарауға уақытымыз болмайды.
Көрдіңіз бе, еркек пен әйелдің миының жаратылысы, ойлауы екі бөлек, оларды жаңағыдай дүкенге жіберіп, ал үйде 5 адам болып "1 балмұздақ ал" десең, олардың өздігінен тағы 4 штук алуға бастары жетпейді))). Мысалы, еркек күні бойы "Кешке не тамақ ішер екенбіз?"дегенді ойласа, әйелдің дәл сол аралықта қаншама дүние ойлайтынын айтпай-ақ қояйын... Сериал мен инстаграмдағы проблемасының өзі қандай жұмыс.
Мектепте "дұрыс уxаживать етпеді" деп ұлдарға ренжитінбіз кезінде, сөйтсе олардың ойлау қабілеті ваще басқаша екен ғой)).