Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында жаппай төбелеске қатысқандардың бірі оққа ұшты. 
 
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Lada.kz порталына хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 тамыз күні болған.

"Жаппай төбелес кезінде атыс қаруымен адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99, 293 және 287-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 11 адам тұтқындалды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлдекімдермен төбелесіп қалып, ажал құша жаздаған еді. Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің бірі тапанша алып шығып, боксшыны атқаны анық көрінеді. Абырой болғанда, Жанқошқа оқ тимеген.  Қалалық ішкі істер департаменті төбелес барысында ешкім зардап шекпегенін хабарлады.



sputniknews.kz/