Маңғыстау облысындағы ГМ-172/8 түзету мекемесінде үйлену тойы өтті, — деп хабарлайды  kz.el24.kz сайты inform.kz/kz сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 мекемесінде сотталғандар Қуаныш пен Алиманың некеге тұруына орай ашық есік күні өткен. Неке қию рәсімі мекеме басшысының кабинетінде салтанатты түрде өткізілсе, ал үйлену тойы түзету мекемесінің асханасында болған. 
 
«Сотталғандардың туған-туыстары мерекелік дастархан басында бас қосып, ұлттық тағамдар мен сусындардан, тойға арнайы пісірілген торттан дәм татты. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Той қонақтары түзету мекемесінің тыныс тіршілігімен танысып, спорттық қалашықты, жатын орындары мен асхананы аралап көрді. 
 
Бұл өзінің сотталған ата-анасымен кездесіп, түзету мекемесі аумағында бағылатын көжектер мен үй жануарларын көріп, әткеншекте ойнаған балалар үшін бақытты күн болды», — делінген хабарламада. Сотталғандардың туған туыстары мекеме әкімшілігіне алғыс білдірді. Мекеме басшысы Ғабит Чутабековтың айтуынша, «Оңалту түрмесі» атты пилоттық жобаның аясында, түзету мекемесінде әрбір мереке сайын «Ашық есік күні» өтеді. 
 
Сондай-ақ сотталғандардың қоғамға бейімделуіне, туыстарымен қарым-қатынасын қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар жиі ұйымдастырылады