Ақтауда жүктіліктің жетінші айында 27 жастағы жас әйел көз жұмды, деп хабарлайды облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жамал Жаманбаева.
23 желтоқсанда жүкті әйел Жаңаөзен қаласынан облыстық перзентханаға жеткізілген. Алайда екі тәуліктен кейін дәрігерлер жүрек ақауын анықтайды. Дегенмен, жағдайы қалыпты болған.
Тек туыстары келген уақытта кенеттен жүрегі ұстаған келіншекті дәрігерлер құтқара алмады. Бүгінгі күні өлімнің нақты себебін анықтау да мүмкін емес. Себебі қайтыс болған келіншектің туыстары мәйітті алып кеткен.
«30-40 адам біздің дәрігерлер мен күзетшіні ұрып-соғып, медицина қызметкерлерінің қолынан әйелдің мәйітін тартып алды. Полиция да оларды ажырата алмады.
Қазір жаңаөзендік әріптестеріміз өлімнің себебін анықтау үшін мәйітке тиісті сараптама жүргізу мақсатында оның туыстарымен келіссөз жүргізіп жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық перинаталды орталықтың директоры Жамал Жаманбаева.