Алматыда жалған ақша басып шығарумен айналысқан астыртын цех әшкереленді.
Алматы қалалық экономикалық зерттеулер қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ 500, 5000 номиналдағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан.
Топ құрамында 4 адам жұмыс істеген. «ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех жұмыс істеген. Купюраларды 4 адам бірігіп қолдан жасаған. Цех ішінен ноутбуктер, түрлі түсті принтер, еріктіш, ультракүлгін сәуле шығаратын шам, ламинатор, клише, бояу құйылған құтылар, ішінде сурет сақталған флэш-тасымалдаушы құралдар, құны 308 000 теңге болатын жалған ақша табылды», - делінген баспасөз хабарламасында. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сот қарауына берілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат