Ақтөбеде зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі сотталып кетті Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Әйел 3 жасар қыз тәрбиелеп отыр, сондықтан сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырды.
Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды. 20 жастағы қыз полицияға арызданған. Ол өзін зорлаған танысын жауапқа тартуды сұраған. Алайда ер адам оны зорламағаны анықталды. Қасақана жалған ақпарат бергені үшін "жәбірленушіге" қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған келіншек 3 жасар қыз тәрбиелеп отыр, сондықтан сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырды.
Ақпараттық дереккөз : ktk.kz