Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мобильді аударымдарды реттеуге және "мобильді төлемдер" ұғымын енгізуге қатысты басты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
МКК мәліметінше, екінші деңгейдегі банктерден барлық жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тек 2025 жылдан бастап алу болжанып отыр.
"Болжамды критерийлер - бір адамның үш ай қатарынан 80-100 тұлғадан көптеген аударым алуы. Өлшемдерді бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланады және жария талқылау үшін қолжетімді болады", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz сайтына берген жауапта.
Жосықсыз кәсіпкерлерді анықтау үшін банктер тарапынан дәлелдемелік ақпарат жиналады деген болжам бар.