Ақтауда баланы қағып өлтірген жүргізуші қалай жазалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
 
Басылым мәліметінше, сот отырысында прокурор бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы және оның қорғаушысы соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар - кінәсін мойындау, сотталмағанын алға тартты. 
 
Көлікті басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және абайсызда орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіргені және абайсызда абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.