Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған.
Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген. Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
«Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.