Дзюдодан әйелдер арасында, 48- келі салмақта Париж олимпиадасына қатысып, ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға KIA көлігін, мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров сыйға тартты. Бұл жөнінде депутат әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.
"Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын.Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі!
Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек", - деп жазған еді Ходжаназаров.