Үндістандағы Ұлы Моғолдардың әміршісі Шах-Джахан Тәж-Махалды 1629 жылы босану үстінде қайтыс болған өзінің сүйікті әйеліне арнап салған. Өз әйелінің мазары әлемдегі ең әдемі зират болғанын қалады. Тәж-Махалды тұрғызу кезінде 20000 жұмысшы және суретші жұмыс жасады, оныңқұрылысы 20 жылға созылды. Ғимарат ақ мәрмәрдан жасалған және құмды платформада орналасқан күмбездермен әшекейленген.