Бұл туралы Жазаны орындау мемлекеттік қызметі хабарлады.
Бішкек қаласы Ленин аудандық сот залында Түзеу мекемелерін күзету және айдауыл жөніндегі департаментте қызмет ететін қатардағы жауынгер 31 шілдеде табельді қарумен шүйдесінен атып өлді.
Қызмет мәліметі бойынша, оқиға шамамен сағат 15.43-те болған. 1999 жылы туған қатардағы жауынгер жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.
Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы мен Бішкек гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері келді. Өзін өлтірген сарбаз 2018 жылы көктемде әскер қатарына алынған. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны туралы хабарланбады.