Стамбулдағы тұрғын үйлердің ортасына әскери тікұшақ құлады.  

 Оқиға салдарынан 3 түрік әскери қызметкері қаза тапты. Тағы бір адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда апаттың салдары анықталып жатыр.  
 
Қайғылы оқиға Санджактепе ауданында болды. Тікұшақ Фыртына көшесіне құлаған, әдетте ол жерде адам көп жүреді. Алайда апат болған сәтте ол жерде ешкім болмаған.
 
 Негізгі нұсқа ретінде техникалық ақаулықтар орын алған болуы керек.