Ғалымдар қатерлі ісікке шалдықпау үшін қолданылатын вакцина ойлап тапты.
Тәжірибе 11 адамға жүргізілген. Нәтижесі аталған вакцинаның обырдың қатерін төмендетуге көмектесе алатынын көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, бұл вакцина қатерлі ісікті толық жоқ қылуға қауқарсыз. Бірақ оның салдарымен күресуге, алдын алуға әлеуеті жетеді-мыс. Емделу барысында аталған вакцина құрамындағы дәрілік заттар ісік аумағына еніп, обырдың маңайынан иммундық талшықтардың санын арттырады. Ал имундық талшықтар күш алған сайын қатерлі ісіктің беті қайта бастайды екен. Ғалымдар бұл терапияны сүт безіндегі, мойындағы және бастағы қатерлі ісіктерді жою үшін қолдану қажеттігін айтады. Өйткені, бұл вакцинаның тәжірибе кезінде көрсеткен нәтижесі ауқымды.
Дереккөз: Qamshy.kz