Салмағы 115 келі болатын Үндістанның Ченай қаласының тұрғыны Тамил Наду бес айда 40 келі салмақ тастады.
Times Of India басылымы оның жетістігінің құпияларымен бөлісті. 29 жастағы Гунджан Джха салауатты өмір салтын ұстанбағаны үшін және ауыр жұмыс кестесіне байланысты артық салмақ жинады. Нәтижесінде ол 174 келі салмақ жинап, өзінің жасынан едәуір үлкен көрінді. Осыған байланысты ер адам өзіне айнадағы келбетіне қараудан қалған. Тіпті ең үлкен өлшемдегі киім оған сыймай қалған кезде, ол өмір сүру қалпын өзгерту керектігін түсінеді. Таңғы асқа ол маусымға сай жемістер немесе жемістен жасалған салат, бірнеше құрма жейді.

Түскі асқа көк-сөк, екі тандыр нан немесе бұршақ тұқымдастарынан жасалған ботқа, сондай-ақ қантсыз сүзбе мен қияр салатын жейді. Кешкі ас, әдетте, көкөністерден немесе вегетариандық сорпадан тұрады.
Үнділік азамат кешкі сағат жетіде кешкі ас ішетінін және аш қарынға ұйықтамауға тырысатынын атап өтті. Таңертең бір сағат бойы Джха жаяу жүреді, кешке 45 минут велосипед тебеді, ұйықтар алдында тағы бір сағаттық жаяу серуенге шығады.
Ол жаяу жүру кезінде жылдамдығын арттырып отыруға тырысатынын айтады. Бастапқыда ол бір сағатта төрт шақырым, содан кейін сегіз шақырым жүретін болған. Үнді азаматы жаяу қашықтықта орналасқан жерлерге жету үшін велосипед немесе автомобиль айдаудан қалған. Жаттығу алдында ол алма жеп, бір стақан су ішеді, содан кейін екі қайнатылған жұмыртқа жейді.
Сонымен қатар аптасына бір рет тауық жеуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ ер адам зиянды тағамнан, ақ күріштен және тазартылған қанттан толығымен бас тартты. Джха оның отбасы салмақ тастауға деген ниетін қолдайтынын және бұл оның ынтасын ары қарай дамытуға көмектесетінін атап өтті.