Су – Алланың берген нығметі мен берекеті. Сусыз өмір жоқ. Шөл қысқанда суды бірден өте көп мөлшерде жұтып-жұтып жібереміз. Асыққанда жүріп, тұрып та іше береміз. Бірақ су ішудің де шариғатқа сай өзінің тәртібі бар.

Түрегеліп су ішуден сақ болайық. Алла елшісі бір хадисте-шәрифінде былай бұйырды:

«Сіздерден біріңіз түрегеліп тұрып су ішпесін, егер ұмытып су ішіп қойса оны бірден шығарсын». Ғалымдар да түрегеп тұрып су ішудің асқазанға зиян екенін анықтады.

Бірақ зәмзәм суы мен дәреттен артқан суды, түрегеліп ішуге рұқсат етілген.

 

Суды ішпестен бұрын «Бисмиллях» деп ішіп,

Бірінші демде «Әлһамдулиллаһ»

Екінші демде «Әузу биллаһи минәшәйтәнир ражим».

Үшінші демде «Аллаһуммаж әлһу шифа ән мин кулли да ин», деп айту керек.



Әрбір дем алғанда суды жоғары көтеру керек, яғни судың ішіне үрлемеу керек.

Суды жануарлар сияқты сүзіп ішпеу керек. Бауырға зиян.

Көлден немесе бұлақтан еңкейіп жануарлар сияқты су ішпеу керек. Егер ыдыс болмаса, әдептілік заңы бойынша оң қолмен ішкен дұрыс.

ihsan.kz