Диетолог Хайдрун Шуберт ұйқысыздыққа ұшырататын өнімдерді атады.

Оның ойынша қызылмия ұйқы қашырады. Оның құрамында қан қысымын арттыратын глицирризин бар. Ол адамды мазасыз етеді. Сондай-ақ ұйқыға жатар алдында шикі көкөністерді жеуге болмайды.  Себебі асқазан оларды қорыту үшін белсенді жұмыс істейді де, ағза терең ұйқыға кете алмайды.


 Чили бұрышы мен зімбір де ұйқы бермейді. Олар зат алмасуын арттырады. Жатар алдында ішкен шай мен кофе ми жұмысын белсендендіреді. Диетолог ұйқысы бұзылған адамдарға кешкі алтыдан кейін немесе сегізден кейін тамақ ішпеуге кеңес береді.

Дереккөз: reactor.inform.kz