Бала кезімізде «осы айна неден жасалады екен» деп қызығатынбыз.
 
Бұған ой жібермеген бала жоқ шығар. Ата-анамыздан сұрасақ, түсіндіріп, айтып беретіндері аз. Сондықтан бАйна туралы ырымдарізге әлдебір тылсым күшке ие сияқты көрінетін. Қазақ  ырымшыл халық.
 
Үлкендердің аузынан «Айнаға көп қарама, сұлулығыңды жұтады», «Сынған айнаға қарауға болмайды, бақытыңнан айырыласың» немесе «Ұйқыға жатарда айнаның бетін міндетті түрде жабу керек» деген сөздерді жиі естиміз. Әсіресе, барлығын білуге құмар кішкентайлар неге екенін білгісі келіп, қызығып сұрағанда алған жауаптарына қанағаттанбай жатады.
 
Бұл құпияның сыры неде? Ғаламтордың айтуы бойынша айна осыдан IX ғасыр бұрын Мысыр және Үнді елдерінде мәрмәр, қалайы, сынап қоспаларының үстіне шыны жапсыру арқылы дүниеге келген.
 
Алғашында жасалуы жасырын сақталған бұл тұрмыстық құрал қолөнершілерге айтарлықтай табыс әкелген. Бүгін айна әр арудың қолынан түспейтін дүниеге айнлды. Америкалық ғалымдардың тәжірибесіне сәйкес қыздар айнаны күніне 20 реттен астам қолданады екен. Сонымен қатар ол адамның көңіл-күйіне тікелей әсер ететін қасиетке ие.
 
 
Яғни, адам бейнесіне неғұрлым ұзағырақ қараса, соғұрлым өзін шаршаңқы сезіне бастайды, тіпті тезірек қартайып бара жатқандай сезінеді. Осыған байланысты «Сұлулығыңды жұтады» деген түсінік қалыптасып кеткен. Ел арасында айнаны сыйға тартуға тыйым салынады, біреудің қолданған айнасына қарауға болмайды деседі.
 
Себебі, керемет күшке ие бұл зат иесінің жағымсыз қасиеттерін жаттап қалады да, келесі бір адамға береді. Ал сынғанын қолдануға мүлде болмайтынының себебі де осында жатыр. Түн ортасында оянған адам бар нәрсені бірден қабылдай бермейді. Қарсы алдында қозғалған өзінің бейнесін өзге бір жан иесі деп ойлап қалмауы үшін ұйқыға жатар алдында оның бетін жауып қою керек.
 
Кей адамдар түндегі айнадан өз бейнесінен қорыққаны соншалық сөйлеу қабілетінен айырылып қалған. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін осындай ырымға сенсе керек. Ерте заманда айнаның көмегімен болашақты болжаған, өткенді дөп айтып бергендер, науқастарға дерттерінен айырылуға көмектесіп, о дүниеліктермен байланысқа шыққандар болған дейді кей деректер.
 
Мұның рас-өтірігін анықтау үшін зерттеушілер бар күшін салуда. Адам өмірін жеңілдетуге жасалған құралды тек жақсы энергия үшін пайдалану керек. Яғни, бетін таза ұстап, шуақты жерге қойған абзал.
 
Қорғау Еркеназ Өскемен қаласы 145