Түнде бас бақай сыздап ауырса, бұл құяң (тұз жиналу) ауыруының белгісі болуы мүмкін. Мұндай адамның бүйрегінде сыр бар деген сөз. Мұны айтқан Майо медициналық клиника және зерттеу орталығының докторы Линн Постон.
Халықаралық клиника дәрігерінің айтуынша, бас бақайдың ауырып бастауы – бүйрек ауруының алғашқы белгісі. Несеп жолының кристалдары буын саңылауында, әсіресе, бас бармақтың тұсында жиналып қалады, ауырсыну содан пайда болады.
Егер бүйрек дұрыс жұмыс істемесе, несеп қышқылы сыртқа шығудың орнына қанға араласып кетеді де, құяң дертінің пайда болуына әкеледі, - деп түсіндіреді Постон бұл құбылысты.
Дәрігердің айтуынша, құяңның пайда болуына бүйрек ауруынан бөлек ішімдік пен пурині көп тағамдарды көп ішу де себеп болуы мүмкін. Пурині көп тағамдарға жасымық, үрмебұршақ, қарақұм сынды бұршақ түрлері, майшабақ, майбалық, нәлім, көксерке сынды балықтардың еті жатады.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz