Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Осылайша аяғым тұсау салынып Айкодан алыстай бердім . Онымен болған күндерім қиялымда ғана қалған сағымға айналды . Дегенмен уақыт емші дегені рас екен уақыт өте келе ауданға ауыстым . Ауыспай қайтейін үйдегілердің бәрі осы қызды құптай берді . Оның үстіне ауданға мамаммен тағы да барып келдім . Тіпті Алматыға оқуға кетіпті деп сонда жіберді . Бұл 1993 - ші жылдың қыркүйегі , яғни сенің әскерге кеткеніңе жарты жыл болған кез . Сонда мен саған хат жаздым . Басымдағы болып жатқанның бәрін жаздым .
Ол хат қолыңа тиген тимегені белгісіз , жауап келмеді . Ал қалада қалған жалғыз кластасымыз оқуға түсіп кетті .( екіншісі менімен әскерге кеткен ). Сөйтіп Айкодан еш хабарсыз кеттім .
Оның үстіне үйдегілер үйлен де үйлен деп қолқа сала бастады . Білесің ба досым сонда маған бір ой келді . Тек саған ғана айтып отырмын , мамамның үйлен деген қызына үйленіп алып , көп тұрмай ажырасып кете салғым келді .
Қысқасы өзің көрген Камилаға мен осылайша үйлендім . Обалына не керек , ол мені шын сүйді . Сүйгенде де ессіз сүйді . Алайда мен оны сүйе алмадым . Бар ойым сол Айкода болды да тұрды . Мынадан қашан құтылады екенмін , қашан Айкома жетер екенмін деп көп жүрдім . Ал күндер болса сырғып өтіп жатты . Ай соңынан жыл келді . Сонда да мендегі мұзды жүрек жібімей қойды .
Былайша айтқанда қатының барма бар дегеннің күнін кештім . Қысқасы үйленгеннің алғашқы жылы ештеңе ойламадым . Бір жыл өтседе Камиланың бала көтермегені мені қызықтырмады . Тіпті осы қатын құрсақ көтермесе екен деп қуанып жүрдім .
Ол менің болашақ жарым болса да бала керек емес деп жүрдім . Өйткені менің ойымша баласыз болсаң ажырасқанға жақсы .Тым болмаса құрсақ көтермейтінін тілге тиек етемін деп ойладым . Бірақ бәрі де мен ойлағаннан басқаша болып шықты . О баста келінінің бала көтермегеніне мән бермеген мамам келесі жыл бейжай қарай алмады . Мені сұрақтың астына алса келінін ертіп ауданға , онан облысқа шапты . Қысқасы сан соғып жүгіре бастады .
Содан бір күні ақылдаса келе Камила екеумізді қайынжұртқа жіберді . Қалтамызды қампайтып алып қайынжұрттан Қарағандыға жеттік . Тап қазір де соның бәрі көз алдымда , бәрі де есімде . Себебі соңғы екі жылда бұл менің қалаға алғаш келуім . Содан не болды дейсің ғой . Әрине Камиладан сытылып шығып өзіміздің ескі жатақханаға келдім .
Сөйтсем көзіме таныс ешкімді таппадым . Бәрі бөтен адамдар , бәрі басқаша . Былайша айтқанда бәрі де жаңаша . Ал менің Айко жайлы сұрамаған адамым қалмады .Тіпті вахтёршадан сұрасам да дөп басып ештеңе айта алмады . Қағазға үңіліп болып бұл жерде Айғаным атты қыз тұрмайды дейді . Енді қайтсем екен , қайдан табаиын . Қысқасы қаңғып - қаңғып ұнжырғам түсіп Камилама қайтып келдім . Осылайша үмітім үзіле бастады . Шынымды айтсам Камиланың құрсақ көтермей жүргені миыма кіріп те шықпады . Үйленген соң оқуын сырттайға ауыстырған . Күні жетіп Алматыға кеттік . Бұрында барып кеп жүрген жеріміз ғой , осы барғанда тіпті басқаша болды .
- Екеумізде емделуіміз керек , саған бала керек емес пе?- дейді Камилам маған .
- Қазірше керек емес , несіне асығасың- дедім .
- Әй несіне асығасың дегені несі ? Есің дұрыс па сенің? Екі жыл толып өтті ғой- дейді .
- Елу жыл өтсе де , керек емес дедім бе керек емес деп дүрсе қоя бердім .
- Соңғы кездері сенен қатты қорқып жүрмін . Сонда сенің ұрпақ сүйсем дейтін үмітің жоқпа- дейді .
- Сенен сүйгім жоқ - деп айтып салдым да шығып жүре бердім . Еңіреп жылап ол қалды . Міне осы менің оңбай шатасқан жерім болды . Сөзіме періште әумин деді ме білмеймін . Не ұл не қыз бермеді . Қалғанын өзің білесің ғой досым- дейді .
Мен не дейін , көңілін жұбатып басу айтқаннан басқа ештеңе дей алмадым . Шөлмекті босатқан ол болса тағы да сол ескі әуеніне басты . Көзінің жасын сүртіп жіберіп ілулі тұрған домбыраға жармасты . Күмбірлетіп күй шертіп көңіл құрғырды құрдымға түсіріп жіберді . Расыменде , кімге бақ кімге бейбақ деген осы ғой . Өзі сомбалдай азамат . Сырттай қарағанда нағыз жігіт сұлтаны дерсің . Самайын ақ шалып қырау түскені болмаса өзі сондай келісті жігіт .
Бұл менің сонау бала күннен бергі досым ғой . Жасынан көп сөйлемейтін тұйық мінезді болатын . Ешкіммен ісі болмай өзімен өзі ғана жүретін момын жігіт еді . Ойлап қоямын да , кейде осы тым момындықтың да қажеті жоғ -ау деймін . Олай деуге бірнеше себебім де бар . Досым домбыраға датын айтып отқанда өзімде ойымды айтайын .
Қысқасы екі жыл қаңғып жүріп менде әскерден келдім . Сонда кластағы үйленген жалғыз жігіт осы еді . Мұны бәрімізден бұрын үйленеді деп мың ұйықтасам түсіме бір кірмепті . Қарасам Камила атты әп - әдемі келіншегі бар . Бірақ бала көтермей жүр екен деп еститінбіз . Біреудің жоғын біреу түйенің үстінде жүріп іздейді деген рас екен . Сол жылдарда мұны қалжыңдап мазақ қылатынбыз . Туғыза алмай жүрсең мына қатынды қор қылмай бізге берсейші дейтінбіз . Камилаға да осыны айтатынбыз .
Ол үшін құдайдың өзі кешірсін дейін . Жазғаннан озған адам жоқ . Маңдайға жазғаны осы шығар , қайтсін енді . Төбеңдегі бермесе төмендегі тартып алсын ба , әлі де тұяқсыз жүргеніне жаным ашиды . Біреулер балаға зар , біреулер баладан азар деген осы ғой, басқа түспей ешкім де білмейді . Түптеп келгенде осының бәріне мамасы кінәлі болғаны ғой . О баста айтқанымдай өте қатал тік мінезді кісі еді .
Мен әскерден келген соң үш төрт жылда ол кісінің марқұм болғаны есімде . Онан соң бұл досыммен Камиланың арасы тіпті де шиеленісіп кетті . Бірақ КСРО құлап , ауыл ыдырап жатқанда біріміз қалаға біріміз далаға көшіп басымыз қосылмай кетті .
Сөйтіп жүргенде әкесі қайтыпты деп тағы да есіттік . Ол олма күндердің күнінде Әскербекпен Камила ажырасыпты дегенді де есіттік . Егер мен жаңылмасам бұл сонау 1999 жыл болуы керек . Осылайша зорлап қосқан екеу екі жаққа кетті . Білмеймін бұл зорлап қосқан дегенге келеме келмейме , өйткені Камиланың мұны шын сүйетінін білемін . Өйткені тап қазірде Камиламен арамыз үзілмеген , қоңырауласып тұрамыз . Әр сөзінде :
- Ол бақытты болуға лайық еркек , бақытты болса екен- дейді . Сондай - ақ өз іде қазір өте бақытты әйел .
- Қошқардай үш ұлдың анасымын- дейді . Өткенге өкінішім жоқ , маңдайыма осылай жазылса қайтейін- дейді . Менің де тілегім сол ғой , кінәсі жоқ Камоштың бақытты болуға әрине қақысы бар . Жалпы бұл өмірге келген әрбір пенденің бақытты болуға қақысы бар ...
( жалғасы бар )