Ажар Садықова
Әңгіме
Мына жерден тезірек шығып кетсек екен деп іштей қысылды Жәудір.
- Аға,осы қызды оқуға қабылдасаңыз деген өтінішпен келіп тұрмын- деген Бақытқа Жәудір жалт қарады. ,,Мұнысы несі? Ұят болды- ау. Өзім- ақ түсетін едім ғой" деген пендешілік ойлар ойлар жылт етті санасында.
Орынсыз жерге пышақ ұрмайтын жиенінің мінезін білетін нағашысы;
- Жалғыз жиен өтінсе,неге орындамасқа. Барым да, нарым да сол апам ғой- деген жігіт ағасының сөздерінен қазақилық пен бауырмалдық аңқып тұрды. Бақыттың бұл әрекетіне не қуанарын,не өкпелерін білмей дал болды қыз. Тапсыратын құжаттар тізімін әкеп берген хатшы қызға:
- Рахмет,қалқам. Бара бер - деген декан жиеніне емес, қыздың қолына ұстатты қағазды.
- Қарақтарым, өмір ақ пен қарадан тұратын ұлы жол. Сол ұлы жолдың жаңа қадамым бастамақ екенсіңдер. Алла бақтарыңды ашсын.- деп батасын беріп, есікке дейін шығарып салды.
..Қыздың жүзінен қуаныштың табын байқамасада мән бермеуге тырысты Бақыт. Екеуі екі көше айналып өткенше үнсіз отырды.
- Сізге алғысым шексіз. - деді кенет қыз үнсіздікті бұзып. Жолдың шетіне көлігін тоқтатқан жігіт қыздың оң қолын қос қолымен қаусыра қысып жүрегінің тұсына қойдыда;
- Жәудірім, менің жүрегімнің үнін сезінесің бе? Ол ендігі жерде тек бір сен деп соғатын болады.
Ұнатпасада отбасын құруға келісімін берген қыз жігітті үнсіз тыңдап отырды. Сағынышы мұңға айналған қыздың жанарынан сырғып түскен жасты саусағымен іліп алған жігіт қыздың маңдайынан сүйді. Ия ,ияя Жігер де дәл осылай сүюші еді ғой маңдайынан. Ақын жігітке деген сағынышпен қыз Бақыттың тізесіне басын қойып,өксіп- өксіп жылап жіберді.
Жалғыз ұлы Бақыттың тойын бір ай тойлады Сәрсенбай ақсақал. Жас жұбайлардың әр күніне,әр сәтіне іштей шүкіршілік етіп,қызықтап жүрді.
Жаңа отбасына Жәудір тез үйренді. Ата- енесі де,жолдасы да бұл десе,шығарға жандары бөлек.
Жұбайлық күндердің қызығы мен отбасы мүшелерінің жылуы Жәудірдің мұңаюына да, өткенін еске алуына да мұрша бермегендей күндер өтіп жатты.
Екі айдан соң жас жұбайлар бірі жұмысына,бірі оқуын жалғастыру үшін қалаға бөлек кетті. Жолдасы жұмысына бара жатып жолай мұны университетінің жанына қалдырып,түскі аста алып кетіп бірге тамақтанады.
Ақылы мен мінезінің тұрақтылығы басым Жәудір сырттай бақытты өмір сүріп жатқандай болғанымен,жарына пәк ,адал болғанымен,Жігерді ойламай өткен бір күні болмады. Ішкен асы мен жұтқан ауасы,бәрі- бәрі қыздың жүрегіне түскен сағыныш жарасын емдей алмады. Жаңа өмір,жаңа отбасы бәрін ұмыттырар деген үміті күн өткен сайын өлеңге айналып, сол бір қараторы жігітті мәңгілік ұмыта алмайтынын ұғынды.
... Келіншегі Меруерттің аяғы ауыр екенін естіген Жігердің қуанышында шек болмады. Таңның атысы,күннің батысы Жаратушыға шүкірлігін айтудан бір жалықпады.
Алланың берген дарындылығы ма,дүниеге келетін перзантінің әсерінен бе, әйтеуір ақын жігіттің сырлы қаламынан лирикалық өлеңдер ақпанда тоқтаусыз жауған жапалақ қарша төгілді. Қапшағай мен Алматыда өткізілген мүшәйраларға жиі қатысып,жүлделі орындарды қанжығасына байлау ол үшін түкке тұрмайтындай жеңіл- ақ сияқты болды. Марапаттаулар,мадақтаулар,сый- сыяпаттар толассыз жауа бастаған ,нағыз шыңдалған кезіне жетті. Сондай керемет күндердің бірінде туған жері Қызылордада қыркүйек айында өтетін Республикалық,,Жыр- қанат" мүшәйрасына қатысуыға шақырту алды. Арнайы шақырту алған жас ақынның қуанышында шек болмады. Бірақ аяғы ауыр жас келіншегін жалғыз тастағысы келмей:
- Меруертім,мен осы мүшәйрадан бас тартпақпын- деді таңғы аста.
- Мұныңыз не, ханзадам? Бұл күнде орындала беретін мүмкіндік емес қой- деді келіншегі.
- Онда сен де бірге жүр- деді.
- Мен сіздің амандығыңызды тілеп,бес уақыт намазымдағы дұғама қосып ,сізді үйде күткенім жөн- деді сыпайы ғана Меруерт.
Бір жағынан мүшәйраға қатысқысы келіп,әрі Жәудірмен бір ауыз тілдесіп, баяғы өлеңдер жазылған қалыңдәптерін қыздың өзіне қайтарғысы келген ақын;
- Онда анамды бірер күнге шақырайын- деді..
..Бірінші Алматыдан Қызылорда бағытына жүрген 31 жүрдек поезд тұманға көмілсе де сұлулығын жоғалтпаған Алматыны артқа тастап жүйткіп келеді.
,,Əлем маған қойғандай бірақ талап,
Табиғат та мұңданып сыр ақтарад(ы).
Дұшпандарым қуанса кеткеніме,
Алматы мен бір Ару жылап қалад(ы).
Алматы жылап шығарып салдың қуанып күтіп аларсың..."" деген ақын жігіттің жүрегі әлденеге алабұртып тулай жөнелді.
Жәудірді ойлады. Қыздың өзіне деген махаббатын кеш білгеніне өкініші қылаң бере бастағандай,жандүниесін белгісіз бір мұң жаулады. Сонда ғана Жәудірдің өлеңдері жазылған қалың дәптерді алмай шыққаны есіне түсіп ,іші күйінді.
...Сарыала түске боялған Сыр жері онсызда көңілі алаңдаулы ақынның еңсесін мүлдем басты.
...Республикалық мүшәйраға қатысатын ақындардың тізімін оқып тұрған Жәудірдің қолытығына қысқан кітаптары сусып жерге түсті.
,,-Расымен сол ма? Көзім алдап тұрған жоқ па? О, құдайым- ау,мені сонша неге азапқа салдың?"- деп күрсінді қатысушылардың ішінен Жігердің аты- жөнін оқыған қыз.
- Жоқ. Бұл мүмкін емес, мүмкін емес- деп күбірлеген күйі,артқа шегіне берді.
- Қарындас,абайласаңызшы,көзіңізге қарамайсыз ба?- деген жігіт ағасынан кешірім сұрауғада үні шықпай қалды.
...Бәрі сайдың тасындай жарқылдаған, кіл мықты ақындардың басын қосқан дүбірлі дода басталды да кетті. Бірі күліп,бірі мұңайып,бірі қоңыр тембрмен,бірі ашық үнмен өлеңдерін оқып жатыр. Кенет сахна төрін нұрландырып,бойын тік ұстаған ашық қоңыр костюм- шалбар киген жігіттің құлаққа жағымды қоңыр үнімен өлең оқығанда қазылар алқасы тұрмақ,тыңдармандарды өзі сілтідей тына қалды.
Кездестік қайта
Орындықта отырсың ойға батып,
Ерініңді тістелеп, ой қанатып.
Жабырқаулы жүзіңнен мұң төгілді,
Тағдырың тағдырыңа қойған артып.
Арудың асылысың тұнық ішкен,
Күннен -күнге барасың құрып іштен.
Жаныңа ем болатын сөз таба алмай,
Сыртыңнан тұрдым үнсіз тынып іштен.
Тағдырыңды енді кім шимайламақ?,
Мені көріп жымидың, жимай қабап,
Сенде үнсіз тұрдың да, кете бардың,
Қиылысқан көшемен қимай қарап.
Бірімізге -біріміз өкпеліміз,
Кеткені күз есімде кеткеніміз.
Ойыма оралды сəт сағанда сол,
Есіңе түсті білем өткеніміз.
Торға түскен тотыдай торығамыз,
Сол бір жылы жазылды сорыма күз.
Кездестік тағы бүгін бұл өмір ғой,
Тірі жүрсек біз талай жолығамыз....деп аяқтағанда,өлеңнің құдіреті мен ақын жігіттің сымбаттылығығна қоса өлең оқу ерекшелігіне ду қол соғылды...ұзақ соғылды.
....Жігерден көзін алмай,үнсіз қимылсыз тыңдап отырған Жәудір көз жасына ие бола алмады. Бұл сүйген жанына деген ең ыстық сезімнің селі еді. Бұл қайталанбас ең тәтті арманының үзілген соңғы тамшылары еді.
Мүшәйраға қатысудан бас тартқан бейкүнә қыз көрермендер залының орта тұсынан сыртқа шығып кетудің есебін таппай отырды. Жігерден кейін сахнаға шыққандардың бірде біреуінің оқыған өлеңдерін құлағы естімей қалғандай,мең- зең күй кешті. Тек әділқазылардың;
- Бірінші бөлім аяқталды. Қорытынды бөлім екі сағаттан кейін болады. Антракт!- деп хабарлағанда ғана есін жиғандай болды
Орнынан ұшып тұрып,алдыңғы қатардың бірінде отырған Жігерді іздей бастады көзбен.
Қасындағы үш- төрт жігітпен сыртқа шығып бара жатқан жігітпен дәл қазір
тілдеспесе,өмір бойы өкініп өтетінін ұғынған қыз:
- Жігер!-деді алқына басып жүрісін тездетіп.
Таныс дауысқа жалт қараған Жігер я қарындасым,я Жәудір дерін білмей арпалысқан күйі қызға қарай жүрді. Көрермендердің арасынан бір- біріне ұмтылған періште көңілдердің жанары жасқа толды. Бірі - мәңгілік махаббатын сездіре алмаған мұңлық қыздың көз жасы,бірі-бақытты ғұмыр кешіп жатсада,осыбір бейкүнә арудың өзіне деген сезімін білмеген жігіттің жасы. Екеуі де үнсіз. Тек жігіттің қолында қыздың діріл қаққан ыстық алақаны.
Тумысынан кез- келген қиындыққа шыныққан ақын жігіт есін тез жиды. Тез жиды да баяғы әдетінше қыздың маңдайынан сұйіп:
- Кешір ,күнім аңғал көңілімді. Сені мәңгілік жүрегімде сақтаймын- деді де сыртқа беттеді.
...Жылдар бойы сырттай ғашық болған, арманы мен сағынышына айналған сұңғақ бойлы жігіттің соңынан жанары жәудіреген қыз- ғұмыр қала берді.
,,Сені шексіз сүйдім. Сенің әрбір сөзің,әрбір қимылың менің жүрегімде мәңгілікке ораулы,Жігерім. Сен мен үшін адалдықсың. Бақытты бол, қош бол" деген сөздерді оң қолын жүрегін ұстап тұрып егіле күбірлей берді Жәудір.
Махаббат пен сезімге адалдықтың пәк белгісіне айналған екеу екі жаққа ұзай берді.
Ескерту: Әңгіме желісінде қолданған өлеңдер ақын Жігер Асқар мен Ажар Садықованың парақшаларынан алынды.
29.03.2021жыл
Соңы