Ажар Садықова
Әңгіме
..Бөлмеге сән беріп тұрған үлкен гүл салатын вазаға қарап ойланып жатқан Жәудір арман қанатымен әлемді шарлап кетті.
,, Менің әппақ сезімімнің кейіпкері! Өзіңмен мәңгілікке бір болуды қалай армандайтынымды білсең ғой,шіркііннн. Сенің жанымды елжіреткен көзқарасыңа мына жалғанда бірде- бір көзқарас тең келмес. Сен ғайыптан түскен ғажайып жансың . Жо- жоқ,жоқ ...көктен түскен нұрсың. Ия,ия менің жүрегіме жылу берер нұрсың. Жақсы көрем сені. Жақсы көрем дейм- ау..құлай сүйемін. Әттең ,әттең менің жүрегіме үңілсең ғой. Әр күніңді маған деген ұлы махаббатқа арнар едің" . Кешегі киноға барғанда Жігердің театрға кірерде есікті ашып,алдымен қызға жол бергенін, үзіліс кезінде сусын алып беріп күле сөйлегенін сағына ойлап,күбірлеп жатып көзі ілініп кетті.
Көзі енді ілінген Жәудір шошып орнынан атып тұрды.
- Күнделігім, күнделігіммм- деп ,қойындәптері есіне түсіп ,орнынан ұшып тұрды. Жас болсада талайды басынан өткерген,жымысқы ойлы Лена ауыл қызының қылығына көрпе астынан сығалап,күліп жатты. Лена отырса отырып, жүрсе жүретін көлеңкесі болған ұйқысы қалың Гүлнар тырп етпей пысылдап жатыр.
Күнделігі кеше керуертінің үстінде қалғаны есіне түскен Жәудірдің жүрегі зырқ ете қалды. Демде арқасын суық тер жуып кетті.
Жастығының,төсенішінің астын қарады. Еш жерде жоқ. Қасындағы құрбыларын оятып сұрауға дәті бармай, кітаптар тұрған сөрені ақтарды. Оқуға арналған нұсқаулық жинақтардың арасынан тапты. Табылғанына қуанып,еріксіз жымиып ,қойындәптерді кеудесіне қысқан күйі төсегіне келді.
Жәудірдің әрбір қимылын бақылап жатқан Лена:
- Ағаң қандай аға екенін білдік
Сырттай момақан болғаныңмен ішіңде арамы ой бар екен я " деп жымысқы ойын бір түйіндеп қойды.
...Кинодан соң Жігер Жәудірді жатаханасына әкеліп тастап,жұмысына қатынайтын пәтерге жақындай бергенде телефоны шыр ете қалды.
Түнгі клубта жұмыс жасайтын сары қыз екен.
- Жаным,мен жұмыстан шықтым. Бірге болғың келмей ме?- деген сары қыздың сұрағына селқос жауап берді.
- Таңертең ерте кетуім керек жаттығу алаңына. Ренжіме- деп ,қысқа жауап берді де,ұялысын өшірді.
Ішке кіруге асықпай, қалтасынан шылым алдыда, орындыққа отырып ұзаақ ойланып,бірінен соң бірін шеге бастады.
,, Мен өзі не істеп жүрмін? Мына жүрісім не әр көбелектің соңынан ақшамды шашып? Мені сүйген, мен сүйген Меруертіме адалдығым кәне? Әкем ауылдағы бұзықтықтарымнан талай жер шұқыды мен үшін. Енді мына жүрісіме жол болсын. Өзімді- өзім қолға алайын" деген сансыз сұрақтар мен ойлардың жетегімен ұялысына сақтаған небір қыздардың нөмірлерін өшіріп тастады. Олардың арасында Жәудірдіңде нөмері қоса өшірілген еді.
...Ештеңені сездірмеген қос құрбы Жәудірмен күліп- ойнап,жалған аңқаусып күндер өтіп жатты.
Күнде керзі етігінің өкшесі тақ- тақ етіп,терезе алдынан өтетін ақын жігітті көрмегеніне бүгін үшінші күн. Жәудір алаңдай бастады. Күні бойы телефонына қайта- қайта үңіле берген Жәудірге қос құрбысы бірін- бірі түртіп,сыртынан күліп отырды.
Шыдамы таусылған қыз ақын жігітке қоңырау шалды. Тұтқа алынбады. Тағы шалды,тағы жауап жоқ.
Көңілі демде құлазып,көкірегі сағынышқа толып шыға келді.
Түскі астан соң кітапханаға келген қыздың көңілі жәй таппай,тыпыршып, алаңдаумен отырды. Алдындағы кітапқа емес,қалта телефонына қайта- қайта үңіліп отырған қыздың қылығына оқу залындағы оқырмандар жақтырмай қарасты. Ту сыртынан пышақ ұрғандай болған көзқарастаодан қаймыққан қыз тез жиналып шығып кетті.
Неде болса ауылдағы ағасынан білмек ниетпен ағасына қоңырау шалды. Қарындасының даусын естіген ағасы мәз болдыда қалды.
- Сабақ қалай?
- Қарның ашып жүрген жоқсың ба?
- Ақшадан қысылсаң ,айт. Қанша керек?- деп үстін- үстін сұрақтың астына алды. Ағасының елпілдеген адал ниетіне ризашылығын білдіре барлық сұраққа күле жауап берді.
- Айтпақшы ,Жігер ағаңды көріп тұрасың ба?- деді ағасы. Қарындасынада керегі осы еді;
- Біраз болды көрген жоқпын- деді Жігердің бар-жоғына онша мән бермейтін адамша.
Бірақ ішінен ағасы бір хабарын айтса екен деген үміті тұрды.
.....Жас аруды сағынтып ақын жігіт те оралды жаттығу алаңынан. Бидай өңі күнге қақталып,бұрынғысынан сәл қарайған жүзінен шаршағандық білінеді. Денесі таралып ,сымдай болған жігіттің бойы ұзарып кеткендей. Рота командирі Босановпен етене араласып,сыйластығы жақсы ақын жігіт өзіне үш күн демалыс жариялады. Әрине командирінің рұқсатымен. Сұңғақ бойлы,ашаң өңді, бұдан жасы біршама үлкен,қыз- келіншектердің көз құртына айналған сержант Берік екеуі демалыс күндерін түнгі клубта тән ләззатын алумен өткізіп жүрді. Ауылдан келген аңғал,қарапайым жігітті қыздарға тұрақсыз рота командирі өзімен бірге қайда барса,сонда ертіп жүрді. Жігер қыз- келіншектерді ай сайын емес, күнара қолғап ауыстырғандай ,бірінен жерініп, екіншісіне емініп, кісі айтса нанғысыз нәпсіқұмар жанға айналғанын өзіде аңғармай қалған еді.
...Ұлты бөлек екі қызды құшақтаған ақын жігіт пәтеріне келе ,әлгі қыздармен алма- кезек шарап толы бокал соғыстырып,екеуін кезек- кезек құшағына алған күйі жатын бөлмеге кірді.
Бозала таңнан шырылдаған ұялының дауысынан оянды. Рота командирі екен;
- Кешкі кезекшілікке шығасың бүгін!,деді зілсіз бұйрықпен. Басы мең- зең жігіт жерде шашылып жатқан шемішке қабығы мен бос шөлмектерге қарап түнде не болғанын есіне түсіргісі кеп бақты. Ұмар- жұмары шыққан ақ жайма төселген төсекке қарап бойын бір жиіркенішті ой дір еткізді.
Беті- қолын жүре шайып, күздік әдемі жұқа күртешесін жамылып ,жақын маңдағы асханалардан тамақтануға шықты. Пәтерінен шығып,келесі көшенің бұрышындағы 777 деп аталып кеткен асханаға асықты. Жолай такси тоқтатпақ болып, ішкі төс қалтасынан қарманын іздеді. Күні кеше айлық алып,қыздармен көңіл көтерген еді.
- Бәке, ассаллаумағаллейкум. Халың қалай? - деп Берікке қоңырау шалып:.
-Түнде пәтерде болған қыздарды танисың ба?- деді.
- Жоқ. Бірақ Қапшағай шағын ғой. Тауып аламыз. Бірге тамақтанамыз. Күт!- деді Берік.
,,Пәтердің ақысында төлейтін уақыт кеп қалды. Інімеде уәде беріп қойып едім ақша саламын деп. Енді не істесем екен?" деген сан сұрақ жігіттің еңсесін түсірді. Мұның жүзіндегі көңілсіздікті аңғарған сұңғыла досы Берік:
- Бас аман болсын. Менен қарыз ала тұр- деп, арқасынан қағып, шарап толы бокалды ұсынды.
- Кешке нарядқа тұрамын. Ішпеймін- дегеніне қарамастан:
- Бір бокалдан мас бола қоймассың - деп арқасынан қақты
Бокал тола ащы судан соң Жігер бар уайымын ұмытыпта кетті.
Бір- бірімен күлісе ішке 3-4 қыз кірді. Даяршы жігіт кедген қыздарды қарсы алып төрдегі үстелге жайғастырды.
- Ооо, кешкі көңіл көтеруге мына қыздармен танысып алайықта ,досым- деген Беріктің сөзіне:
- Мен болмаймын ғой . Бірақ саған таңдап берейін. Талғамым мықты ғой- деп қарқылдай күлді Жігер.
- Анау оң жақта отырған қызбен таныссақ, көңілімізден шығары анық. Ауылдың пәк қызы екені көрініп- ақ тұр ,шіркінн- деп Берік жұтына айтқан қызды көрмек болып бұрылды. Өз көзіне өзі сенбей,әрі өз ойынан ұялғаны сонша,тілі байланып қалғандай болып:
- Ол менің қарындасым ғой,қарындасым- деуге ғана тілі келді.
- Мен танымайтын қандай қарындасың,?
- Жан жолдасым Нүркеннің қарындасы Жәудір.
- Неғылады дейсің?. Өзің ұялсаң, мен көрейінде рахатын- деген масаң болып қалған Беріктің жағасынан жұлқи тартып:
- Әттең досымсың,мына пышақ жүрегіңе қадалар - еді деп үстел үстінде тұрған пышақты алып, бар күшімен үстелге тақ еткізіп қадады да, орнынан тұрып есікке беттеді.
Бағанадан сырттай қарап отырған Жәудірдің қасына жетіп барған Берік қызға:
- Нөмеріңді айт- деді масаң үнмен. Мұны көрген Жігер Беріктің жағасынан тартып қалдыда,құлаштар бірақ ұрды. Ащы шарапқа қызған екі дос жаға ұстасып ,бір- бірін біраз жұлқыласты. Жәудір келіп ажыратпағанда соңы не боларын кім білсін.
- Аға, мен үшін қойыңыз- деген қыз сөзіне келіскен ақын жігіт;
- Қарындасым,жүр!- деп ,Жәудірді ерте шықты .
Жігітті пәтеріне әкеліп, шаң болған киімдерін тазалап, ыстық шәй қойып берген Жәудірге ұзаақ қараған жігіт:
- Қарындасым, өте көрікті болып өсіп келесің. Тіл- көзден аман болшы - деді.
Екеуі шәй ішіп,ауыл қызықтарын айтысып біраз отырды.
- Аға, мен қайтайын- деді қыз ішкі толқынысы мен жүрегінің жиі соққанын білдіргісі келмей.
- Рахмет саған,қарындасым!- деген жігіт қыздың маңдайынан сүйіп:
- Жүр шығарып салайын- деді.
- Жоқ, вға. Сіз демалып алыңыз. Мен өзім- деген қызды кең құшағымен қапсыра құшақтап,бетінен, маңдайынан тағыда өпті.
Арманына айналған жігіттің құшағына енген арудың жүрегінің тарсылы құлаққа жеткендей болды. Бір ысынып,бір суынған сезім шіркін кет әрі емес еді.
Арыға бармаған ақын жігіт қызды пәтерден шығарып салып, көз шырымын алуға кірісті.
...Жолай мың сан ойға шырмалған ару жанына келіп тоқтаған жеңіл көліктіде аңғармады.
- Жәудір қарындас!- деп шақырған бейтаныс жігітке таңырқап қараған қыз:
- Мені қайдан танисыз?- деп таңданысын жасырмады.
- Бес минутқа тоқтаңызшы- деп, әлгі жігіт көлігін жол жиегіне қойып,қыздың соңынан жүгіріп жеттіде:
- Тісіңіз ауырып келген едіңіз ғой Шиеліде- деп жымия қарады .
Есіне енді түскен Жәудір:
- Ия ияя есіме түсті. Сәлеметсіз бе?- деп күле сөйледі. Ол күлгенде бүкіл әлем сұлуланып кетуші еді.
- Сізді қанша іздеп ауылыңызға бардым.
Қыз жігіттің жүзіне Не үшін іздедің дегендей таңғала қарады.
- Жүріңіз көлікпен жеткізіп салайын- деген жігіт сөзіне:
- Жатахана жақын жерде. Рахмет- деп қысқа жауап қайтарды.
Тіс дәрігері Бақыт қызды жатаханасына дейін жаяу шығарып салды да,кешкі киноға шақырды.
Тал бойында бір міні жоқ Жәудірдің ішкі әлеміде өте таза еді. Артық жүрісі,не бір артық сөзі жоқ қыз:-
Көңіліңізге рахмет. Кейін барармыз- деді. Қыздың бірден ия демесін сезседе ,кейін барармыз деген сөзін көңіліне медет еткен Бақыт төбесі көкке жете қуанып ,көлігіне беттеді.
..Көктемнің соңғы күндерінде Алатау бөктері үздіксіз сіркіреген ақ жауыннан тұманданып тұрды. Биылғы көктемде тау тастарын жара шыққан қына,мүктер табиғатты ерекше түрлендірді.
(Жалғасы бар)
Жәудір
Әңгіме
Ажар Садықова
6- бөлім
Жәудірді бір көргеннен ұнатқан Бақыт туууу сонау Сыр елінен Қапшағайға үмітін үкілеп келген еді.
Қылықты қыздың тылсым әлеміне ойша сүңгіген дәрігер жігіт ұзақ түнді ұйқысыз атырды.
Таңнан қызға қоңырау шалуға оқталдыда,кешкісін киноға апарарда бірақ хабарласайын деп шешті.
...Бір шоқ қызыл раушан гүлі бар Бақыт Жәудірдің жатаханасының жанынан су жаңа көлігінен түсіп жатқанда қыздың бір жігітпен сөйлесіп тұрғанын көріп, не істерін білмей дал болды. Өзін сабырға шақырып,көлігінің ішінен екеуін бақылап отырды. Сұңғақ бойлы,әскери киіммен тұрған жігіттің жүзі таныс сияқты. Бірақ қайдан көргенін, кім екенін есіне түсіре алмады.
Ұзақ сөйлескеннен соң жігіт қыздың қос қолынан ұстап, бірдеңелерді айтып маңдайынан сүйді. Бақыттың ішін қызғаныш оты шарпып өтті. Бір шоқ раушанды көліктің терезесінен тысқа лақтырып жіберуге оқталып барып өзін ұстады.
..Жәудір әскери киімдегі жігітпен қоштасып ,жатаханаға кіріп кетті. Бақыт қанша қоңырау шалсада, қыз тұтқаны көтермеді. Арнайы әкелген қызыл раушанын жатахананың күзетшісіне Жәудірге табыстауын және өзін суреттеп айтпауын өтіндіде, үміті үзілгендей болып,көлігіне беттеді.
..Қызыл раушан гүлді алған қыздың қуанышында шек болмады. Бұл сыйды Жігерден деп қабылдады қыз.
...Қанша қыздың жүрегіне өлеңімен де, сымбаттылығымен де шоқ салып үлгерген Жігердің бар ынтығы Сарқандтық ару Меруертте ғана еді бірақ. Ол қыз иманилығы мен қарапайымдылығы,үнемі жымиып жүретін биязылығымен жігіттің жүрегін мәңгілікке жаулаған еді. Бірақ жастық шақтың буы ма, әлде жанындағы достарының жүріс- тұрысы солай болды ма, әйтеуір ақын жігіт тән ләззатын алу үшін қыз- келіншектерге жиі баруын қоя алмады. Жігіттің мұндай қылығын сырттай естіп жүрседе, ұстаздық мамандықта оқып жүрген Меруерт естімеген кейіп танытты. Ақын жігіт қаншама рет қыдыртып,сезімін білдіріп,құшақ- құшақ гүл сыйлаудан әріге бармайтын Меруерттің алдында.
,,Өзіме адал. Қолымнан ұстағаннан әріге аспайтын жанды қалайша сүймеуім керек. Ең бастысы адалдығыма кір келтірген жоқ. Қалғанының бәрі өткінші"" деп бағалаған Меруерттің биік құрметіне жігіт те құрметпен қарайтын. Араларындағы ыстық ықылас пен адалдық болашақ өмірді бірге сүруге серт байласуға жетеледі екеуін.
...Таңертеңгісін сергек оянған Жәудір қалта телефонын дыбыссыз етіп қойғаны енді есіне түсті. Дәрігер жігіттің бірнеше рет соққан қоңырауын көріп,кеше киноға барайық деп ұсыныс айтқаны есіне түсті. Қоңырауына жауап бермегеніне кешірім сұрамақ болып өзі қоңырау шалды. Тұтқаны көтерген жігіт;
- Сәлем,қарындас! - деді көңілді үнмен ( Әрине ішіндегі алай- дүлей соққан үнді жасырып қалды)
- Аға, кеше ұялымды дыбыссызға қойып, түнімен сабаққа дайындалып едім. Естімей қаппын. Кешіріңіз- деді.
- Оқасы жоқ. Бүгін Алматыға жолға шығатын едім. Өзіңді бір көріп кеткім келген едім- деді жігіт.
- Айыпқа бұйырмаңыз. Енді көрдім қоңырауыңызды. Сессия басталады бірер күнде. Каникулға шыққан соң ауылға барғанда жүздесе жатармыз,аға- деді қыз жігітті өзінен қашыртып.
Қыздың өзінде мүлдем көңілі жоғын сезседе :
- Уәдең уәде болсын,қарындас- деп күле сөйледі.
...Сессия басталғалы бір жағынан практика,бір жағынан өлең жазуға машықтану үшін орталықтағы Жас әдебиетшілер клубындағы дәрістері бар әйтеуір Жәудірдің қыдыруға уақыты болмай- ақ қойды. Алған стипендиясын үнемдеп жұмсап үйренген қыз селтеңдеп қыдыруға өзі о бастан жоқ еді.
,,Жырла, жүрек" атты жастар мен студенттер арасындағы мүшәйра болады дегеннен қызу дайындыққа кірісті іштей. Бір өлеңді он жазып,он өшіріп әбігерге түстіде қалды. Қалайда қатысуға бел буды. Себебі бүл мүшәйраға Жігердің де қатысатынын біледі. Өлеңін ақын жігітке көрсетіп ,кем- құтығын сұрап алуға қымсынды.
...Жәудірдің мүшәйраға дайындалып жүргенін Ленадан естіген Жігер қоңырау шалды.
- Ал сәттілік,қарындасым! Ағаң сенің өлең жазатыныңды білмейді екен. Жеңіс тілеймін,күнім!- деген ақын жігіттің сөзінен екі беті дуу ете қалды. Өйткені барлық шимайының кейіпкері Жігер еді.
Дүбірлеген мүшәйраға қатысушылар да, көрермендер де көп жиналды. Сартылдап,жалындап тұрған қатысушылар бірінен- соң бірі сахна төріне шымылдықтың сыртынан шығып өлеңдерін оқуда. Әр ақын шыққаг сайын жанкүйерлері қошеметтеп,қолпаштап жатыр шапалақпен залды жаңғыртып.
Өлеңдерін қайталап,әрлі- берлі теңселіп жүрген қатысушылардың ішінен Жігерді көрмеген Жәудір алаідай бастады. Шыдамай қатысушылардың тізімін көруге рұқсат сұрады жүргізушілерден. Ақын жігіт тізімде жоқ болып шықты.
- Жігер Асқар деген ақын қатысамын деп еді.
- Ол кісі өтінішін қайтып алды- деп қысқа ғана жауап берді жүргізуші жігіт
....- Келесі қатысушымыз бұрын еш жерде өлеңі жарияланбаған,жас ақын қыз Жәудір Сейітті қарсы алыңыздар!- дегенде залдың арт жағында шулап қол соғып қоя берді.
Ай сәулесі жанарымда дірілдеп,
Сені сүйдім ,сені ғана күнім деп.
Менің іңкәр жүрегімді жылатып,
Өтінемін кетпегейсің,Күнім тек.
Түнгі самал аймаласын жүзіңді,
Жуытпашы жүрегіме күз үнді.
Сенің ыстық құшағыңды аңсаумен,
Менен ыстық мөлдір тамшы үзілді.
Аққулы көл ғашықтардың мекені,
Ай да куә жүрек сендік екені.
Мәңгілікке бірге жүріп күлмесең,
Бір ғасыр да маған аздық етеді.
Сүйем сені ессіз ғашық екенмін,
Түн келгенде оймен саған жетемін.
Керегі жоқ, керегі жоқ басқаның,
Сені ғана,сені сүйіп өтемін.
Басқаны да,өзін де ұмытқан қыз көзін тарс жұмып,қиял әлеміне елітіп,тұңғыш рет тұңғыш махаббатына арналған ,,Сені ғана" өлеңін нақышына келтіре,барлық ішкі болмысымен сәтті оқып шықты. Зал тола көерермендер ду қол шапалақтарын аямады.
Дірілдеп барып есін жиған қыз жан- жағына қарады. Көрермендер арасынан өзіне тым ыстық ықыласпен қол ұрып отырған Жігерді көргенде жүрегі өрекпіп,дем жетпей қалғандай күй кешкен бойы перденің артына аяғын тез- тез басып жасырына қалды. Бұл өлең сол жігітке,асқақ арманына айналған мөлдір махаббатына арналған еді.
....Құрбыларымен сыртқа беттеген Жәудірді қасында бұрымы жамбасына түскен,бидай өңді,қысықтау көзді қызды ерткен Жігердің:
- Жәудір қарындасым!-деген үні тоқтатты. Қолындағы шоқ ақ гүлін Жәудірге ұсынған Жігер:
- Өлеңің өте сәтті шығыпты. Кімге арнасаңда,бақытты жан екен,қарындасым! Жүлдең құтты болсын- деді күле құттықтап.
Жігерді қасындағы бұрымды қыздан қызғанып тұрғанын Жәудірдің үнсіз қалғанынан бірден білген сұңғыла Гүлнар;
- Жеңгеміз бола ма?- деді қағыта .
- Ия. Бұйырса жеңгелерің осы қыз болады- деген ақын жігітті жаңа көргендей Жәудір көзін алмай қарадыда қалды әлгі қызға.
- Ооо,тамаша! Тойға шақыруды ұмытпаңыз!- деген Лена Жәудірді түртіп қалды. Сонда барып есін жиған қыз:
- Аа ия ия. Бақытты болыңыздар!- деді де, кілт бұрылып сыртқа жүгіре шықты.
..Бозала таңға дейін жасына ерік берген Жәудірдің бала күннен жүрегінде қалған сырқаты ұйқысын бұзды. Жәудірдің таңға дейін жылағанын біліп жатқэн қос құрбысы ештеңе сезбегендей кейіп танытты таңғы шәйда.
..Жүрекке түскен ауыр салмақтан Жәудір күннен- күнге жадап- жүдей бастады. Ішкен асы да, сүрген өмірі де еш мағынасы жоқтай. Қыз қиялына,қыз арманына айналған қара торы ақын жігітпен тек қалың дәптеріне жазылған сырлары арқылы ғана тілдесетінді шығарды.
,,,О,ұлы махаббат! Сен осыншама азапты да,ыстық пе едің? Жан- тәнімен құлай сүйген жанға тек қана сағыныш,ия ия сағыныш сыйлайды екенсің ғой. Жазығым не? Сүйгенім үшін жазалы болсам,несіне маған сезім бердің, ұлы Жаратушым?....""
Қыз күнделігі жүректен шыққан мұңлы да, қимас сезімдерге толды. Қазақ қызына ғана тән иба мен ардан аттамаған Жәудір өмірінің соңына дейін сол ақын жігітке деген махаббаты мәңгілік дерт боларын білген де жоқ еді ол кезде.
...Жазға салым еңбек демалысын алған Жігер Меруертті ата- анасына келін етіп апаруды ұйғарды. Салмақты,ойлы қыз жігітті жаман әдеттерден өзінің мейірімді жанары мен кешірімшіл кең жүрегімен арылтқан еді. Аса тартымды,бір көрген жанды өзінің бауырмалдығымен баурап алатын қыздың өзіне деген құрметін бағалаған ақын жігіт бар бос уақытын тек Меруертке арнады. Қыздың әдебі мен иманилығы күн санап жігіттің өзіне баурай бастады.
Ақын жігіт қарындасым деп құрметтеген Жәудірді ұмытыпта кетті.
Қазақ қызына тән болмысымен,қазақ қызына ғана тән ұяттан аса алмаған Жәудір іштей егіліп,жасқа шыланған жарқылдап тұратын жанарының нұры мұңлы көзқарасқа айналды. Әттең ,өмір- ай...
....Жазғы каникулға шығысымен ешкіммен қоштаспастан бар киім- кешегін жинап Қызылорда бағытына жүретін автовокзалға келді. Іші алай- дүлей арпалысқа толғанымен барлығына нүкте қойып ,біржола қоштасты Қапшағаймен.
...Автобустың жүруіне әлі қырық минут бар. Бар арманын Қапшағайға қалдырған ақынжүректі қара қыз тезірек кеткісі келіп,қайта- қайта қол сағатына қарағыштай берді. Жәудірдің қоштаспай кеткенінен күдіктенген,әрі бауыр басып қалған Лена мен Гүлнар таксимен автовокзалға жетті. Қызылорда бағытына жүретін үш автобусты да қарап шықты. Төртінші автобустың алдыңғы жағынан дағы орындықта отырған Жәудірді көрген қос құрбы әй- шәйға қаратпастан сыртқа сүйрей жөнелді. Тумысынан ақкөңіл Гүлнар :
- Сөздің қысқасы біз сенің Жігерге ғашық екеніңді білеміз- деді төбеден түскендей.
- Көз жасыңа татымайтын адамға бола сонша күйзелгенің не?- деді Лена .
- Біз сенің күнделігіңді оқып қойғанбыз- деген Гүлнар
- Айыптымыз. Бізді кешірші- деп Жәудірді құшақтай алды.
Көз жасына ерік берген қыз тіл қатпастан кері бұрылып,автобусқа беттеді.
- Неге айтып қойдың? - деп ұрса сөйлеген Лена
- Елде сол Жігерден басқа жігіт құрып қалғандай,сонша еңірегені нес?- деп иығын қиқаң еткізді таңғала.
- Недеген тасжүрексің- деді Гүлнар Жәудірге деген аяушылығын білдіре.
Автобустан қолында аққудың суреті бар үнемі жанынан тастамайтын,түнде жастанып жататын қалың дәптер- күнделігі бар Жәудір бұларға қайта келді де:
- Гүлнар, бұл менің саған аманатым. Қандай күн тусада, қандай жағдай болсада ,осыны Жігерге жеткізгейсің- деді бота көздері жасқа тола.
- Мен енді қайта келмеймін, достарым. Оқу орнынан барлық құжаттарымды алдым. Біржола кетіп барамын. Қайда жүрсеңдерде аман болыңдар- деген қыз екеуін құшақтай алды.
Не істерлерін білмей аңтарылып қалған қос құрбысы жұбатуға сөз таппай,қосыла жылады.
...Жәудір мінген автобус таулар мен жасыл желек жамылған сұлу Қапшағайды артқа қалдырып, сары даланы бетке алып жүйткіп келеді.
Махаббат жолында барлығын тәрк ете алатын,бір ғана жанды жан- тәнімен шын сүйе алатын құрбыларының қайсарлығына сүйсіне де,қимастықпен қол бұлғап қала берді қос құрбы.
(Жалғасы бар)