Әңгіме
Ажар Садықова
Ауылда қалған қыз сезімінен бейхабар жас жігіт бұл күндері қос өрімі жамбасына түскен,ойнақы да,жылы мейірімді жанары,бидай өңді,орташа бойлы Сарқанттық ару Меруертке көңілі кетіп жүр еді...
Мамырлаған көктем мезгілі де келіп жетті. Тау іспетті биік құмдардың етегін көмкерген құм қызғалдақтары әр жерден қылтиып шыға бастаған. Сырдың салқын желі өңін қақтаған,әрі алыстағы сүйгеніне деген іштегі арпалысқа толы сағынышы жүзіне мұң ұялатқан Жәудір бір мезгіл ауыл сыртындағы Бектас көлінің жағасына барып, ой сергітуді әдетке айналдырды. Сондағы мақсаты Жігерге деген ыстық, риясыз сезімін ақ параққа түсіру.
..- Қызым, біз сенен үлкен үміт күтеміз.
- Бір отбасына бір дәрігер керек.
- Астанаға, шет ел асып оқисың.- деп үміт артқан ата- анасының сөздеріне бір ғана жауап айтты.
- Жоқ. Мен тігінші боламын. Қапшағайға кетемін.
- Есің дұрыс па? Сенен осындайды күттім бе?- деп анасы жылады.
— Қайдағыны айтпа! Дәрігер боласың!- деп әкесі қатуланды.
Көз жасына ерік берген қыз сыртқа ытқып шығып,көлге қарай жүгіре жөнелді.
,,Мен қалайда саған барамын. Махаббатым үшін кез- келген сынға төтеп бере аламын" деп,іштей өз- өзіне серт берді. Қолындағы қарапайым ұялыдан тездетіп Жігердің нөмерін терді. Бұрын- соңды бұлай жасамаған қыз өз қылығына есеп бере алмады. Арғы жақтан:
- Алла, аллоо, бұл кім?- деген құлағына жағымды қоңыр дауысты естігенде ,ұялының қызыл тетігін баса қойды. ,,Менің нөмерімді сақтамаған екен ғой" деген реніші қылаң берді.
Көлдің жағасына шыққан қалың өлең шөпті құшақтай ,етпеттеп жылап жіберді.
...Кеш бата Жәудірдің ыстығы көтерілді. Дәрі- дәрмек ішкенмен, қыздың хәлі төмендей берді. Ауыл дәрігері Сәрсенбай ағай қыздың жүрегін,өкпе тұсын тыңдап көрдіде:
- Ауруханаға апарып, томаграфияға түсіріп көру керек-деді. Қаншама тексерулер мен қан құрамын зерттеулер оң нәтиже берді. Дәрігерлер қыздың науқасын таба алмады. Ол - махаббат ауруы еді. Жас қыздың пәк сезімінен тулап шыққан ішкі сағыныш еді. Жәудір ем- дом қабылдап, бір аптадан соң сабағына қайта қосылды.
.. Ертесіне сабақтың үстінде қалта телефонына қайта- қайта елеңдеумен болды. Кеше;
,,- Жігер аға, Қапшағайда тігінші оқуы бар деп естідім. Соның мекен- жайын, телефон нөмерін жазып жіберіңізші" деген қысқа ғана хабарлама жіберген болатын. Бірақ жауап келмеді. Ертесінеде хабар болмады.
.. Сарқанд аруына есі кетіп жүрген Жігерге басқа ешкімніңде керегі жоқ еді. Демалыс күндері қалайда сол арумен жүздесуге асығып жүріп ,Жәудірдің жолдаған хабарламасын оқымады да.
...Алматы бағытына қарай Ақтөбе-Алматы поезды Шиелі станциясына келіп тоқтады. Перронда жағалай күріш, көкөніс, кептірілген балық сатқандар жолаушылардың вагондарға мінуіне мұрша берер емес, етек- жеңдерінен тартып;
- Сырдың ақмаржан күріші! Жегенде арманда,жемегенде арманда.
-Нәнсайдың сазанын аламыз!!
- Төңкерістің бал татитын қауын қағынан жеп көріңіздер!
-Шиелі картобы!--деп,заттарын өткізуге асыққан сатушылардың арасынан талдырмаш,бойы орташадан ұзынырақ,үстінде көнелеу көкшіл көйлегі мен көйлегінің түсіне ұқсас қол сөмкесі,қасында үлкен қара жол сөмкесін сүйреткен ағасы Нүркен мен Жәудір сегізінші вагонның алдына келіп тоқтады.
- Әлдеде ойлан,қарындасым. Сенің жоғары оқу орынына түсуге білімің жетеді ғой- деді Нүркен қарындасына.
- Аға, менің қалауым тігінші болу. Кім болсамда, нанымды тауып жесем болды емес пе,аға?- деді ағасына жүзін басқа жаққа бұрып.
- Жарайды,қалқам. Жүрек қалауыңа ешкім қарсы болуға қақысы жоқ- дедіде,қарындасын,сонан соң жол сөмкені вагон ішіне кіргізіп,орнына орналастырды.
- Он үшінші орын! Қасиетті сан ғой. Жолың болады- деп қарындасының майңдайынан сүйіп, бауырына қысты.
- Сен қорықпа. Қапшағайда әскери досым Жігер бар. Сені күтіп алып,орналастырады. Тапсырып қоямын хабарласып - дедіде, Нүркен қалтасынан ұялы телефонын алып қоңырау шалды.
Жігердің есімін естуі мұң екен Жәудірдің жүзіне күлкі үйіріліп, көкірегін қуаныш биледі. Жүрегі кетті тарсылдап.
- Нөмерін жазып алшы- деп ағасының Жігерге айтып жатқанын құлағы шалып қалды.
...Дүрсілдеген вагон үніне үйренбеген қыз түнімен көз ілмей шықты.Дөңбекшіп әрі жатты,бері жатты. Оның үстіне ұры- қарыларданда қауіптенгені бар. Әйтеуір таңды әзер атырды.
Екінші Алматыға келіп тоқтаған поездан ығы-жығы жолаушылар түсуде. Үлкен қалаға алғаш келуі болсада,сырт көзге ештеңе білдіргісі келмеген ауыл қызы денесін тік ұстап,сүйретпелі жол сөмкесін сүйреп купеден енді шыға бергенде:
- Жәудір қарындасым- деген таныс дауыс бүткіл әлемді нұрға бөлегендей саңқ ете қалды. Жігер! Жігерді көрген бейкүнә ару еріксіз жылап,жігіттің мойнына асыла кетті. Тоқтаусыз ұзақ жылады...сағыныштың көз жасы. Арлы- бері өткендерденде ұялмады.
,,Рахмет саған, Тәңірім! Сүйгенімнің жанында болуды бұйыртқаның үшін" деп іштей күбірлей берді,күбірлей берді.
Бірдеңелерді айтып күбірлеп тұрғанын ыңғайсыз көрген жігіт:
- Қой ,мұның не,қарындасым- ау? Сонша қорыққаның не? Ағаң тұрғанда еш қорықпа-деп,қызды жұбатып әлек. Қайдан білсін өзіне ынтыққан жас қыздың сағыныштан жылап тұрғанын.
....Оқуына орналасқан Жәудірдің ең бақытты күндері өтіп жатты.
Жәудірдің оқу орны мен Жігердің қызмет етіп жүрген әскери мекемесі өте жақын орналасқан еді. Күнде таңертең Жәудірдің жатаханасының алдынан өтеді Жігер жұмысына. Жігіттің қай уақытта жұмысқа барып,қай уақытта өтетін уақытын жаттап алған қыз терезеден сыртқа қарап,сол бір қараторы, өзге жігіттерден сырттай еш айырмасы жоқ,ауыл баласына ұзап кеткенінше ынтыға қарап тұратын.
Жігіттің жүрген жүрісі,бойын тік ұстауы,жалтыраған қара әскери етігіне дейін өте ыстық болып көрінетін. Іштей елжіреп, көзімен аймалап тұратын бота көзі.
Түн болса қиялымен ай кезіп,Жігермен сырласуды қалап жататын. Енді бойжетіп толықсып келе жатқан құлын денесі бір ысып, бір суып,ұйқысыз талай түндерді өткізді Жігерге арнап жазылып жүрген өлең- күнделігін құшақтап ұйықтайтын. Қасындағы қыздар мұнысына сырттай білдірмегенмен,іштей таңғалысты.
...Тық- тық еткен өкшенің дыбысынан оянып кетті. Жүгіріп терезе алдына барса,қасында екі жігіт бар Жігіт өтіп бара жатыр екен дәл терезе алдынан. Жүгіріп сыртқа шықты. Ұзап кеткен жігіттердің соңынан:
- Жігер! Жігер аға!-деп айқайлады. Қыздың дауысын естіген жігіттер сонадайдан бұрылып қарады.
Жәудірді көрген Жігер:
- Сәлем, қарындасым!-деп риясыз күлкісімен қолын көтердіде,қасындағы жігіттермен бірдеңе айтып ұзай берді.
- Аға, мен сізді сүйемін. Сіз үшін барлығынан бас тартып осында келдім. Күндіз көзіме,түнде кірпігіме жасырған махаббатымсыз. Сүйем сізді,сүйем..
Менің сізге деген ыстық махаббатымды жүрек- күнделігімді ашып оқысаңыз ғой,шіркін- деген қыз көз жасына ерік беріп,сабағынада бармастан керуертіне егіліп құлай кетті.
.....Қапшағайдың бүгінгі таңы тым ерекше . Группаластары Лена мен Гүлнар Жәудірге бұл күндері айны мас дос,сырлас құрбы болып алған еді. Қайда барсада үшеуінің жұптары жазылмайтын болды.
Сабақтан соң қаланың сырт жағындағы ,,Ғашықтар мекеніі" аталып кеткен демалыс орнына жиі баруды үш құрбы әдетке айналдыра бвстады. Сондай күндердің бірінде Лена Ақтөбелік жігітпен танысты. Тез тіл табысып кеткен қос ғашық бірін- бірісіз күн кеше алмайтындай хәлге жетіп,жиі кездесіп жүрді. Дене бітімі сәл толықтау,қысық көз ,сары өңді жігіттің тым жылпосты Жәудірге ұнамайтын. Жәудірдің мұнысына қарап жатқан Лена жоқ. Жігіті қыдыртуға келсе, Жәудір мен Гүлнарды қоса ертіп шығады. Сондай күндердің бірінде әлгі сары жігіт үш құрбыны кешкі клубқа апарды. Бұрын тек сырттай естігені болмаса,мұндай орынға кіріп көрмеген ауылдың қараторы қызы Жәудір жан- жағына тосырқай қарады. Кешкі клуб деген Жәудірдің пайымдауынша арақ- шарап ішетін жын-жыпырлар жиналатын орын. Өзі секілді жастарды, салмақты ересек кісілерді көргенде өз ойының қате екенін ұғынғандай болды.
...Клуб іші абыр- сабыр. Құлаққа жағынды әдемі әуен. Зыр жүгіріп қызмет етіп жүрген даяшылар. .Бұлар төртеуі шеткеріректегі орынға жайғасты. Ас мәзірі жазылған қағазды Ленаның қолына ұстатқан сары жігіт қыздың асты- үстіне түсіп;
-Жан,не қалайсың? Не ішесің? -деп бәйек болуда. Гүлнар мен Жәудір бір- біріне қарап күліп қояды. Тілі өткір,көзі көк Гүлнар әзіл-шыны аралас:
- Біз сіздерге кедергі жасап отқан жоқпыз ба,ғашықтар? деді күле сөйлеп. Ленаның құрбыларын енді байқағандай қысық көз сары жігіт ұялған тек тұрмастың керін келтіріп,екі иығы селкілдей күліп.
- Сендер не қалайсыңдар? деді.
Жігіттің бұл қылығына үш қыз бір күлісіп алды.
Әсем әуен тына қалып,қолына микрофон ұстаған сұңғақ бойлы жігіт:
- Бүгін біздің ортамызда бірнеше туған күн иелері бар екен. -Ортамызға шақырамыз - деп туған күн иелерінің есімдерін айтты.
- Аяна ару, Дулат мырза, Жігер мырза.
Жігердің есімін естіген Жәудір жан- жағына қарап жігітті іздей бастады. ,,Қалай көрмегенмін? Қай жағында? Туған күні екенін неге ертерек білмедім екен" деген ойлар қыздың санасын демде жаулап алды.
Бір есіктен қасында бес жігіт қоса еріп ортаға Жігер шықты. Жігерді көрген құрбылары:
- Мынау сенің ауылдас ағаң ғой- деді Жәудірге. Көзі күлімдеп,жүрегі елжірей қарады Жігерге.
Клубтың бүгінгі кешін өткізіп тұрған әлгі сұңғақ бойлы жігіт тақпақтатып,мақалдатып туған күн иелеріне ыстық лебізін білдіруде. Құттықтаудан соң туған күн иелерімен билеуге шақырды отырғандарды. Шетте,сәл тасалау жерде отырған Жәудір қанша елжіреп тұрғанымен,Жігермен ортаға шығып билеуге ұяңдығы жібермеді. Би біткен соң Жігер қолына микрофон алып,барлығына рахметін айттыда:
- Ұлы дана Абайды оқып, Мұқағали жырларын жаттап,Нұршайықовтың ,,Махаббат қызық мол жылдарын" жастанып өскен ұрпақпыз ғой. Бір өлең оқымасам, поэзиядан ұятты- дегенде барлығы үнсіз тына қалды.
Қоңыр дауысымен бірінен соң бірін үш өлең оқығанда жігітке ынтық болмаған қыздар кемде кем болған шығар.
Сәл қызып алған жігіт бойын тіп- тік үстаған бойы басын еңкейтіп,сол қолын жүрек тұсына қойып рахмет ишарасын жасағанда барлығы қол шапалақтап жіберді. Жігіттің көзіне түсуге именген Жәудір тек тасадан қарап отырды.
Дереу ұялысын қолына алып, Жігерге туған күніне құттықтау жолдады. Не жазарын,қалай жазарын білмей:
,,Жақсы жан!! Туған күніңізбен!" деп ғана жазды. Бірақ осы екі сөйлемнің ішінде қаншама ұлы сезім жатыр еді. Бұл қазан айының ең керемет түні еді.
...Ішке келген соң Жәудір ұйықтай алмай ,ұзақ дөңбекшіп жатты.
,,Жігер аға! Мен сізді сондай жақсы көремін. Сіздің әрбір қимылыңыз,әрбір сөзіңіз мен үшін теңдесі жоқ ең қымбат дүние екенін білсеңіз ғой. Сізбен қол ұстасып, ғашықтар паркінде ұзақ қыдырғым келеді. Жан- тәніммен құлай сүйемін сізді. Бірақ әттең сіз ештеңе сезбейсіз"
Қыз қиялымен арпалысып жатып ұйықтап кетті.
Сабақтан шығып ,оңаша қыдырғысы келген Жәудір ,,Ғашықтар мекеніндегі' күзгі баққа келді. Аяққа тапталған түсті қалың жапырақтардан бірнешеуін жинап алып, қос қайыңның ортасына қойған орындыққа отырды. Сөмкесіндегі жеңіл тамағын алып жеді. Бірақ асқа тәбеті болмады. Қойын дәптерін алып,шимайлап өлең жазған болды. Онысы ұнамай,парақты жыртып тастады. Осылай бірнеше рет қайталанды.
- Неге көпшілік демалатын жерге қағаз тастайсыз,қарындас? - деген ту сыртынан естілген дыбысқа селк ете қалды. Қараса Жігер. Екі езуі екі құлағында,бірдеңеге мәз.
- Сені іздеп барсам,жоқсың. Қасыңдағы қыздар осы жаққа кетті деген соң осында келдім- деді. Жәудір тілі байланып қалғандай,бота көзі бақырайып,жерде жатқан шимайланған қағаздарды жинай бастады. Жігер де енді жинайын деп еңкейгені сол еді:
-Жо! Жоқ! Өзім жинаймын!-деді де,жанұшыра тез жинап алды да,дәреу сөмкесіне мыжып сала салды. Қыздың мына әрекетіне таңданған сезімтал жігіт:
- Қарындасым,сенде бәрі дұрыс па? - деді.
- Ия,ияя,ия- деді бірнеше рет қайталап Жәудір.
- Ертең қалалық мәдениет үйінде жас ақындардың мүшәйрасы өтеді. Соған кел- деді Жігер.
Жігіттен шақырту алған қыздың қуанышы қойнына сыймай;
- Ия,ия,барамын ,аға- деп,қалай қуана сөйлегенін өзі де аңғариай қалды. Сұңғыла ойлы ақын жігіт қыздың сонша қуанғанына іштей бір күліп алдыда:.
- Жүр, бір жерден тамақтанып алайық,қарындасым- деп қызға қолын созды. Жігіттің қолынан ұстап орнынан тұрғызып,орындықта тұрған сөмкесін алып беріп ілтипат көрсеткеніне іштей дән риза қыз.
(Жалғасы бар)
Жәудір 4- бөлім
Ажар Садықова
...Бөлмеге сән беріп тұрған үлкен гүл салатын вазаға қарап ойланып жатқан Жәудір арман қанатымен әлемді шарлап кетті.
,, Менің әппақ сезімімнің кейіпкері! Өзіңмен мәңгілікке бір болуды қалай армандайтынымды білсең ғой,шіркііннн. Сенің жанымды елжіреткен көзқарасыңа мына жалғанда бірде- бір көзқарас тең келмес. Сен ғайыптан түскен ғажайып жансың . Жо- жоқ,жоқ ...көктен түскен нұрсың. Ия,ия менің жүрегіме жылу берер нұрсың. Жақсы көрем сені. Жақсы көрем дейм- ау..құлай сүйемін. Әттең ,әттең менің жүрегіме үңілсең ғой. Әр күніңді маған деген ұлы махаббатқа арнар едің" . Кешегі киноға барғанда Жігердің театрға кірерде есікті ашып,алдымен қызға жол бергенін, үзіліс кезінде сусын алып беріп күле сөйлегенін сағына ойлап,күбірлеп жатып көзі ілініп кетті.
Көзі енді ілінген Жәудір шошып орнынан атып тұрды.
- Күнделігім, күнделігіммм- деп ,қойындәптері есіне түсіп ,орнынан ұшып тұрды. Жас болсада талайды басынан өткерген,жымысқы ойлы Лена ауыл қызының қылығына көрпе астынан сығалап,күліп жатты. Лена отырса отырып, жүрсе жүретін көлеңкесі болған ұйқысы қалың Гүлнар тырп етпей пысылдап жатыр.
Күнделігі кеше керуертінің үстінде қалғаны есіне түскен Жәудірдің жүрегі зырқ ете қалды. Демде арқасын суық тер жуып кетті.
Жастығының,төсенішінің астын қарады. Еш жерде жоқ. Қасындағы құрбыларын оятып сұрауға дәті бармай, кітаптар тұрған сөрені ақтарды. Оқуға арналған нұсқаулық жинақтардың арасынан тапты. Табылғанына қуанып,еріксіз жымиып ,қойындәптерді кеудесіне қысқан күйі төсегіне келді.
Жәудірдің әрбір қимылын бақылап жатқан Лена:
- Ағаң қандай аға екенін білдік
Сырттай момақан болғаныңмен ішіңде арамы ой бар екен я " деп жымысқы ойын бір түйіндеп қойды.
...Кинодан соң Жігер Жәудірді жатаханасына әкеліп тастап,жұмысына қатынайтын пәтерге жақындай бергенде телефоны шыр ете қалды.
Түнгі клубта жұмыс жасайтын сары қыз екен.
- Жаным,мен жұмыстан шықтым. Бірге болғың келмей ме?- деген сары қыздың сұрағына селқос жауап берді.
- Таңертең ерте кетуім керек жаттығу алаңына. Ренжіме- деп ,қысқа жауап берді де,ұялысын өшірді.
Ішке кіруге асықпай, қалтасынан шылым алдыда, орындыққа отырып ұзаақ ойланып,бірінен соң бірін шеге бастады.
,, Мен өзі не істеп жүрмін? Мына жүрісім не әр көбелектің соңынан ақшамды шашып? Мені сүйген, мен сүйген Меруертіме адалдығым кәне? Әкем ауылдағы бұзықтықтарымнан талай жер шұқыды мен үшін. Енді мына жүрісіме жол болсын. Өзімді- өзім қолға алайын" деген сансыз сұрақтар мен ойлардың жетегімен ұялысына сақтаған небір қыздардың нөмірлерін өшіріп тастады. Олардың арасында Жәудірдіңде нөмері қоса өшірілген еді.
...Ештеңені сездірмеген қос құрбы Жәудірмен күліп- ойнап,жалған аңқаусып күндер өтіп жатты.
Күнде керзі етігінің өкшесі тақ- тақ етіп,терезе алдынан өтетін ақын жігітті көрмегеніне бүгін үшінші күн. Жәудір алаңдай бастады. Күні бойы телефонына қайта- қайта үңіле берген Жәудірге қос құрбысы бірін- бірі түртіп,сыртынан күліп отырды.
Шыдамы таусылған қыз ақын жігітке қоңырау шалды. Тұтқа алынбады. Тағы шалды,тағы жауап жоқ.
Көңілі демде құлазып,көкірегі сағынышқа толып шыға келді.
Түскі астан соң кітапханаға келген қыздың көңілі жәй таппай,тыпыршып, алаңдаумен отырды. Алдындағы кітапқа емес,қалта телефонына қайта- қайта үңіліп отырған қыздың қылығына оқу залындағы оқырмандар жақтырмай қарасты. Ту сыртынан пышақ ұрғандай болған көзқарастаодан қаймыққан қыз тез жиналып шығып кетті.
Неде болса ауылдағы ағасынан білмек ниетпен ағасына қоңырау шалды. Қарындасының даусын естіген ағасы мәз болдыда қалды.
- Сабақ қалай?
- Қарның ашып жүрген жоқсың ба?
- Ақшадан қысылсаң ,айт. Қанша керек?- деп үстін- үстін сұрақтың астына алды. Ағасының елпілдеген адал ниетіне ризашылығын білдіре барлық сұраққа күле жауап берді.
- Айтпақшы ,Жігер ағаңды көріп тұрасың ба?- деді ағасы. Қарындасынада керегі осы еді;
- Біраз болды көрген жоқпын- деді Жігердің бар-жоғына онша мән бермейтін адамша.
Бірақ ішінен ағасы бір хабарын айтса екен деген үміті тұрды.
.....Жас аруды сағынтып ақын жігіт те оралды жаттығу алаңынан. Бидай өңі күнге қақталып,бұрынғысынан сәл қарайған жүзінен шаршағандық білінеді. Денесі таралып ,сымдай болған жігіттің бойы ұзарып кеткендей. Рота командирі Босановпен етене араласып,сыйластығы жақсы ақын жігіт өзіне үш күн демалыс жариялады. Әрине командирінің рұқсатымен. Сұңғақ бойлы,ашаң өңді, бұдан жасы біршама үлкен,қыз- келіншектердің көз құртына айналған сержант Берік екеуі демалыс күндерін түнгі клубта тән ләззатын алумен өткізіп жүрді. Ауылдан келген аңғал,қарапайым жігітті қыздарға тұрақсыз рота командирі өзімен бірге қайда барса,сонда ертіп жүрді. Жігер қыз- келіншектерді ай сайын емес, күнара қолғап ауыстырғандай ,бірінен жерініп, екіншісіне емініп, кісі айтса нанғысыз нәпсіқұмар жанға айналғанын өзіде аңғармай қалған еді.
...Ұлты бөлек екі қызды құшақтаған ақын жігіт пәтеріне келе ,әлгі қыздармен алма- кезек шарап толы бокал соғыстырып,екеуін кезек- кезек құшағына алған күйі жатын бөлмеге кірді.
Бозала таңнан шырылдаған ұялының дауысынан оянды. Рота командирі екен;
- Кешкі кезекшілікке шығасың бүгін!,деді зілсіз бұйрықпен. Басы мең- зең жігіт жерде шашылып жатқан шемішке қабығы мен бос шөлмектерге қарап түнде не болғанын есіне түсіргісі кеп бақты. Ұмар- жұмары шыққан ақ жайма төселген төсекке қарап бойын бір жиіркенішті ой дір еткізді.
Беті- қолын жүре шайып, күздік әдемі жұқа күртешесін жамылып ,жақын маңдағы асханалардан тамақтануға шықты. Пәтерінен шығып,келесі көшенің бұрышындағы 777 деп аталып кеткен асханаға асықты. Жолай такси тоқтатпақ болып, ішкі төс қалтасынан қарманын іздеді. Күні кеше айлық алып,қыздармен көңіл көтерген еді.
- Бәке, ассаллаумағаллейкум. Халың қалай? - деп Берікке қоңырау шалып:.
-Түнде пәтерде болған қыздарды танисың ба?- деді.
- Жоқ. Бірақ Қапшағай шағын ғой. Тауып аламыз. Бірге тамақтанамыз. Күт!- деді Берік.
,,Пәтердің ақысында төлейтін уақыт кеп қалды. Інімеде уәде беріп қойып едім ақша саламын деп. Енді не істесем екен?" деген сан сұрақ жігіттің еңсесін түсірді. Мұның жүзіндегі көңілсіздікті аңғарған сұңғыла досы Берік:
- Бас аман болсын. Менен қарыз ала тұр- деп, арқасынан қағып, шарап толы бокалды ұсынды.
- Кешке нарядқа тұрамын. Ішпеймін- дегеніне қарамастан:
- Бір бокалдан мас бола қоймассың - деп арқасынан қақты
Бокал тола ащы судан соң Жігер бар уайымын ұмытыпта кетті.
Бір- бірімен күлісе ішке 3-4 қыз кірді. Даяршы жігіт кедген қыздарды қарсы алып төрдегі үстелге жайғастырды.
- Ооо, кешкі көңіл көтеруге мына қыздармен танысып алайықта ,досым- деген Беріктің сөзіне:
- Мен болмаймын ғой . Бірақ саған таңдап берейін. Талғамым мықты ғой- деп қарқылдай күлді Жігер.
- Анау оң жақта отырған қызбен таныссақ, көңілімізден шығары анық. Ауылдың пәк қызы екені көрініп- ақ тұр ,шіркінн- деп Берік жұтына айтқан қызды көрмек болып бұрылды. Өз көзіне өзі сенбей,әрі өз ойынан ұялғаны сонша,тілі байланып қалғандай болып:
- Ол менің қарындасым ғой,қарындасым- деуге ғана тілі келді.
- Мен танымайтын қандай қарындасың,?
- Жан жолдасым Нүркеннің қарындасы Жәудір.
- Неғылады дейсің?. Өзің ұялсаң, мен көрейінде рахатын- деген масаң болып қалған Беріктің жағасынан жұлқи тартып:
- Әттең досымсың,мына пышақ жүрегіңе қадалар - еді деп үстел үстінде тұрған пышақты алып, бар күшімен үстелге тақ еткізіп қадады да, орнынан тұрып есікке беттеді.
Бағанадан сырттай қарап отырған Жәудірдің қасына жетіп барған Берік қызға:
- Нөмеріңді айт- деді масаң үнмен. Мұны көрген Жігер Беріктің жағасынан тартып қалдыда,құлаштар бірақ ұрды. Ащы шарапқа қызған екі дос жаға ұстасып ,бір- бірін біраз жұлқыласты. Жәудір келіп ажыратпағанда соңы не боларын кім білсін.
- Аға, мен үшін қойыңыз- деген қыз сөзіне келіскен ақын жігіт;
- Қарындасым,жүр!- деп ,Жәудірді ерте шықты .
Жігітті пәтеріне әкеліп, шаң болған киімдерін тазалап, ыстық шәй қойып берген Жәудірге ұзаақ қараған жігіт:
- Қарындасым, өте көрікті болып өсіп келесің. Тіл- көзден аман болшы - деді.
Екеуі шәй ішіп,ауыл қызықтарын айтысып біраз отырды.
- Аға, мен қайтайын- деді қыз ішкі толқынысы мен жүрегінің жиі соққанын білдіргісі келмей.
- Рахмет саған,қарындасым!- деген жігіт қыздың маңдайынан сүйіп:
- Жүр шығарып салайын- деді.
- Жоқ, вға. Сіз демалып алыңыз. Мен өзім- деген қызды кең құшағымен қапсыра құшақтап,бетінен, маңдайынан тағыда өпті.
Арманына айналған жігіттің құшағына енген арудың жүрегінің тарсылы құлаққа жеткендей болды. Бір ысынып,бір суынған сезім шіркін кет әрі емес еді.
Арыға бармаған ақын жігіт қызды пәтерден шығарып салып, көз шырымын алуға кірісті.
...Жолай мың сан ойға шырмалған ару жанына келіп тоқтаған жеңіл көліктіде аңғармады.
- Жәудір қарындас!- деп шақырған бейтаныс жігітке таңырқап қараған қыз:
- Мені қайдан танисыз?- деп таңданысын жасырмады.
- Бес минутқа тоқтаңызшы- деп, әлгі жігіт көлігін жол жиегіне қойып,қыздың соңынан жүгіріп жеттіде:
- Тісіңіз ауырып келген едіңіз ғой Шиеліде- деп жымия қарады .
Есіне енді түскен Жәудір:
- Ия ияя есіме түсті. Сәлеметсіз бе?- деп күле сөйледі. Ол күлгенде бүкіл әлем сұлуланып кетуші еді.
- Сізді қанша іздеп ауылыңызға бардым.
Қыз жігіттің жүзіне Не үшін іздедің дегендей таңғала қарады.
- Жүріңіз көлікпен жеткізіп салайын- деген жігіт сөзіне:
- Жатахана жақын жерде. Рахмет- деп қысқа жауап қайтарды.
Тіс дәрігері Бақыт қызды жатаханасына дейін жаяу шығарып салды да,кешкі киноға шақырды.
Тал бойында бір міні жоқ Жәудірдің ішкі әлеміде өте таза еді. Артық жүрісі,не бір артық сөзі жоқ қыз:-
Көңіліңізге рахмет. Кейін барармыз- деді. Қыздың бірден ия демесін сезседе ,кейін барармыз деген сөзін көңіліне медет еткен Бақыт төбесі көкке жете қуанып ,көлігіне беттеді.
..Көктемнің соңғы күндерінде Алатау бөктері үздіксіз сіркіреген ақ жауыннан тұманданып тұрды. Биылғы көктемде тау тастарын жара шыққан қына,мүктер табиғатты ерекше түрлендірді.
(Жалғасы бар)