Әңгіме

Ажар Садықова

Жәудірдің тып- тыныш момақан ғана күндеріі  бір сәтте аласапыран күйге түсті. Ақын жігітке деген пәк махаббаты күннен - күнге сағынышқа айнала бастады. Жүзінен күлкі кетпейтін ботакөз арудың жанарына мөлдір шық тұнғалы тым тұйық боп алды.
Ашық жарқын бала мінез қыз құрбыларынан оқшаулануды шығарды. Қызының бойындағы өзгерісті байқаған анасы:
- Қызым, сені біреу ренжітті ме?- деп сүрады бірде оңаша қалғанда.
Ауыл қызының ұяңдығы ма:
- Тісім ауырып,мазамды алып жүр- деп, өксіп жылап жіберді.
Қызының бұлай жылағанын бұрын- соңды көрмеген анасы :
- Дереу жинал. Аудан орталығындағы тіс емханасына барасың- деп, мал қораның құлаған жерлерін бүтіндеп жүрген  ұлы Нүркенге қоңырау шалды.
- Апа, бүгін жексенбі ғой. Емхана жұмыс жасамайды- деген ұлына:
-  Ауылдағы доқтор Сәрсенбайдың баласы Бақыт қой. Әкеңе  звандап хабарлас деймін- деді де, Жәудірдің маңдайынан сүйіп,көзінің жасын сүртіп, бәйек болдыда қалды. Бақыт былтыр жазда Ақтөбедегі медициналық академияны бітіріп келген тіс дәрігері. Бір үйдің жалғыз ұлы .
...Көк ауди ойдым- ойдым болған көше шаңын бұрқыратып зулап келеді. Жүргізушімен қызу әңгімеге кіріскен Нүркен қарындасын ұмытып кеткен сияқты. Арасында екеуі күлісіп қояды. Олардың не айтып жатқандары тұрмақ,бір сөздерін де естір емес Жәудір. Бар ойы қазір тісімнің ауырғаны өтірік екенін айтса, не деймін деп келеді.
..Иығына түскен шашын екі жаққа бөліп, әдемі түйрегіш қадаған,ботакөз аруға Бақыт сұқтана қарады. Тіс емдеу бөлмесіне қызды ертіп ,ағасы Нүркенді коридорға қалдырып кетті.
Қыздың сұлулығына сұқтанған жанары  қыздың өнбойын бір шарлап өттіде:
-Есімің кім,қарындасым?- деді.
- Жәудір- деді қыз баяу ғана.
- Мектепте оқисың ба?
- Ия. Биыл тоғызыншы сыныптамын.
— Ее,бойжетіп қалған екенсің ғой- деп,орындықты ұсынды. Құрал- жабдықтарын алды да:
- Қайсы тісің? Ауызыңды аша ғой- деді.
 Қыздың отыз екі тісінің біреуіндеде кінәрат жоғына таңғалған доқтор:
- Қарындас, тістеріңіз маржандай тап- таза екен. Бәрі сау. Тістің қызылиек қабынуы болуы мүмкін - деп, жақпа май жазып  ұсынды.
Жолай дәріханадан жақпа майды әперді де, ағасы Нүркен көрші ауылдағы әскери досы Жігерге жолығып қайтатынын айтып, қарындасын ауылға қатынайтын көлікке мінгізіп жіберді.
... Нүркенді  Жігер аңқылдаған мінезімен құшақ жая қарсы алды.
Тумысынан  сәл бұйығылау Нүркен оң қолын көкірегіне қойып:
- Әкей, ассаллаумағаллейкум- деп, Жігердің теледидар алдында отырған  әкесіне амандасты. Жанары өткір, қайратты қара шашына әлі ақ кіре қоймаған,жігіт ағасы жасына келіп қалған  кісі:
- Уәғаллейкум ассаллам, балам. Төрлет- деді. Нүркеннің үйге келетінінен хабары бар сияқты. Ас бөлмедегі үстел үстін түрлі тағаммен толтырып қойыпты.
Дөңгелек жүзді,етженділеу келген,сөйлегенде  үні жүрекке жылы естілетін Жігердің анасы исі мұрын жарардай бір табақ  қуырдақты әкеп, екі иығынан дем алып тұрған шоқ самауырынмен тіл үйірер қызыл күрең шәй құйды.
.. Сыр өңірінің қара суығы мен қыс ызғары қосылғанда  Солтүстіктің кәдімгі сақылдаған сары аязынан кем түспейді. Бойларында жастықтың қайнаған қызу қаны бар қос жігіт сырттағы қызыл шұнақ аязды шыбын шаққан құрлы көрмеді. Үйден сәл ұзай бере Жігер анасы шыр- пыры шығып кигізіп жіберген бас киімін күртешесінің қалтасына салып алды.
- Құлағың үсіп кетер,киіп алсай- деген Нүркеннің сөзіне 
- Бастысы құлақ емес, қауашақтың ішіндегі ми- деп, риясыз күлкісімен аңқылдай күлді. Екеуі  би кеші өтіп жатқан  ауыл клубына әскердегі  қызықтарын айтып,қалай тез жеткендерінде аңғармай қалды.
Бұл желтоқсан айының оныншы жұлдызы еді. Ертең Жігердің арман қала Алматы түбіндегі Қапшағайға кететін күні.
...Сағыныш арқалаған Жәудір біржола томаға тұйық болып алды. Сырттай ғашық болған алғашқы махаббатынан күдерін үзгенімен,сол бір қараторы,ақынжанды жігіт бойжеткеннің күнәсіз жүрегіне біржолата мекендеген еді. Үй тірлігінеде,сабағынада тиянақты қыз түн болса, шимайлап өлең жазатынды шығарды. Өлеңдерін үлкен көп парақты дәптеріне жазып,мектепке ұстайтын қоңыр сөмкесінің түбінен сақтап жүрді.
,,,Жігер аға! Мен сізге ғашықпын. Мұным бәлкім дұрыста емес шығар. Бірақ мен бар болмысыммен ,бар жан- тәніммен сізді құлай сүйдім. Оған Алла куә " деп басталатын дәптер жолындағы сезім хаты күн өте келе өлеңдерге айналды.
Бар арманы,бар ойы ақын жігітте. Енді көре алам ба, жоқ па деп жүргенінде Жігердің бір- екі қағазы дұрыс болмай, ауылына келгенін, аудан орталығындағы емханадан бірсүгүні анықтама қағаз алып,қайтадан  Қапшағайға кететінін естіп, бота көзіне қуаныш ұялап,кешке дейін өзінен- өзі күліп,үйдің барлық жұмысын ыңылдап әндетіп жүріп әп- сәтте тындырып тастады.
Бір ғасырға татырлық, ұзаққа сосылған  түнді ұйқысыз атырды. 
Бозала таңнан айна алдында ұзақ таранған бойжеткен аудандық емханаға баруға құстай ұшты.
Сағыныш пен қуаныш арпалысқан ұлы сезім жас қызға қанат бітіргендей.
 
Талдырмаш мүсініне жарасымды ақ тоны мен қою бұйра,қалың шашын жасырған ақ бөрігі Жәудірдің қараторы өңін аша түскендей. Арқасындағы оқулықтары салынған қара сөмкесін алдына алып,аудан орталығына баратын автобустың соңғы орындығына келіп жайғасты. Бір қараған жанды өзіне еріксіз баурайтын жанарынан жас қыздың  ішкі қуанышын бірден аңғаруға болады. Терезеден ақ ұлпа жамылған тораңғылдар мен тал- теректерге сүйсіне қарап қояды. Барлық әлем өзіне бақыт тілеп тұрғандай.
Аудан орталығына жақындағанда автобус тоқтап, үш жолаушы алды.
Жәудір орнынан үш тұрып,үш отырды. Өз көзіне өзі сене алар емес. Әлгі үш жодаушының бірі Жігер еді. 
..Жәудір орнынан тұра бергені сол еді, Жігер бірге мінген ақсары қыздың құлағына бірдеңелерді айтып, қыздың бетіне қарап сүйсіне күлді. Жәудір орнына сылқ етіп отыра кетті. Жаңа ғана қуаныш кернеген көкірегін қызғаныш оты шарпып,белнісіз бір мұң оянғандай болды. Іштей жек көріп кетті жігітті.
Аудан орталығындағы автовокзалға келіп тоқтаған автобыс толы жолаушылар түсе бастады. 
Жігер алдыңғы есіктен алдымен өзі түсіп, әлгі ақсары қыздың қолынан ұстап түсіріп құрмет көрсетуде. Жәудір жүрегін өкініш кернеп,арты есіктен түстіде, кілт бүрылып теріс қаоай кетті. Ондағы ойы Жігерге көрінбеу. 
- Жеңеше, жақсы. Ағама сәлем айт- деген таныс дауысты естіп ,сілтідей тына қалды.
- Ия,ия ,ақын бала. Сәлеміңді жеткіземін- деп, әлгі ақсары қыз өзіне жарасымды күлкісімен сыңғыр ете қалды. Бұл Жәгердің жақында үйленген немере ағасы Берііктің үйіндегі жас жеңгесі еді.
Жәудір өз ойынан өзі ұялып кетті.
,,- Мен осы ақымақпын ба? Әлде жындымын ба? Анық- қанығын білмей жатып, сағынышыма айналған  жанды өкпеге қиғаным не" - деп,іштей өзіне ұрса жөнелді. Сонадайда ұзап кеткен жігіттіің артынан:
-Аға! Жігер аға!- деп айқайлады. Ішінен ,Жігер,жаным" деп айқалағысы келіп- ақ тұр. Бірақ әттең...
Жігер Жәудірді көріп,туған қарындасындай құшақтап,бетінен  сүйіп амандасты. 
- Үйдегілер қалай? Сабақ үлгеріміңді өте жақсы деп естідім. Жарайсың,қарындасым-деп, ештеңеден бейхабар жігіт қыздың арқасынан қағып- қағып қояды. Ал,Жәудір болса іштей ,,Тағыда құшақтап,бетімнен сүйіңізші" деп,өз ойымен әуре.
...Емханаға кіріп шыққан жігіт:
- Жұмысым бітпеді. Екі жерге қол қоймады. Облыс орталығынан өтуім керек екен- деді де,,сыртта өзін күтіп тұрған қызға:
- Сенің сабағың жоқ па бүгін?- деп таңырқай қарады .
- Аға, мен аудан орталығына даярлық курстарға келіп тұрамын осылай- деді сасқалақтаған қыз. Әрине мұнысы жалған еді.
- Аға, облыс орталығында диагностикада жеңешем жұмыс жасайды ғой. Бәлкім соған айтып көрерміз- деді Жәудір.
Жеңешем деп тұрғаны әкесінің інісі Есболдың әйелі.
- Ол қалай болар екен?- деді Жігер екіұштылау оймен.
- Жеңешемнің нөмерін телефоныңызға теріп, мен хабарласып көрейін. Менің ұялымда ақшасы бітіп қалып еді- деді. Мұндағы ойы жігіттің нөмерін қалайда есіне сақтап қалу еді.
- Мақұл көрейік- деп жігіт Жәудір айтқан нөмерді теріп, қызға ұсынды.
Ұялыны қолына ұстаған қыздың сезімі тулап,жүрегі жиі соға бастады. 
,Мен ұнатқан,мен сүйген жанның саусағының ізі бар ғой мұнда' деп ,ұялыны сүйріктей саусақтарымен сипап,қиялға беріліп кетті.
Арғы жақтан:
- Алло,бұл кім?  Алло,алло- деген дауыстыда естір емес. 
Әріректе шылым шегіп тұрған Жігер   қыздың бұл әрекетіне сырттай таңғалсада, сыр бермей:
- Жәудір қарындасым,ұялыға жауап берсей- деген ұнамды дауысынан есін жиып:
- Алло, жеңеше. Қалайсыздар? .деді асып- сасып.
- Бұл кім? Кім керек? деген орта жасты алқымдап қалған әйел дауысы сонадайда тұрған 
Жігергеде естілді.
- Мен ғой, Жәудірмін.
- Аа, ботакөзім- ау, амансыңдар ма? Кімнің нөмері мынау?- деп ,әлгі әйел дауысын жұмсарта сөйледі.
Ауыл қызына тән ұяңдығы мен сыпайылығын сақтаған Жәудір бір күліп алдыда, істің мән- жайын айтып түсіндірді.
- Ақ баланың жолдасы болса, қалайша көмектеспеймін. Ертең жетсін- деді ұялының арғы жағындағы әйел..
Шылым тұқылын арнайы жәшікке салған сұңғақ бойлы,сымбатты жігіт:
- Ол кісіні қалай тапсам болады?- деуі мұң екен:
- Қалаға диагностикалық орталыққа жеткенде маған қоңырау шалыңыз,аға. Мен жеңгейге келіп тұрғаныңызды ескертемін- деп,жалма- жан қағаз- қалам алып,нөмерін жазып берді. Жігер таңертең ерте діттеген жерде болуы үшін кештетіп қалаға аттанып кетті.
Ертесіне бірінші сабақта қоңырау күтіп елеңдеп отырған Жәудірдің ұялысына қоңырау шалынды
 Алдыңғы партада отыратын еңгезердей ірі сыныптасы Талғатты тасалап:
- Алло!- деді сыбырлап.
- Жігер ағаңмын ғой- деуі мұң екен, екі беті ысып шыға келді.
- Апай, сыртқа шығып келуге рұқсат па?- деді шұқшиып журнал толтырып отырған ұзын бойлы, жүзін әжім торлаған мұғалімге. Көзілдірігінің үстімен бажырая бір қарадыда:
-Бар. Соңғы кезде сабақты қойдың. - деді қарлыққан үнімен.
Өңменнен өтерлік суық көзқарастан жүрегі дір ете қалды оқушы қыздың. Ытқып сыртқа шықтыда,акт залынына кіріп,есігін жауып алдыда:
- Алло, аға. Халіңіз қалай? - деді үздіге.
... Арада айлар өтті сынаптай сырғып. Ақын жігіттің  Қапшағайдағы шыжығы мен қызығы мол әскери өмірі басталғанына 4- ай болды. Таңның атысы,күнніің батысы әскери жаттығулар, әскери тәртіп онсызда жүріс- тұрысы сымбатты  жігітті сымдай еткізді.
 
(Жалғасы бар)