Әңгіме
Ажар Садықова
..Жүрдек поездың жанұшыра салған гудок үні Шиелі вокзалын ұйқыдан оятқандай болды.
Шығыстан Батысқа қарай жүйткіген бұл поезд сан армандар арқалаған жолаушыларға бақыт тілеп тұрғандай.
...Әскери борышын өтеп ,елін сағынып келе жатқан, үстеріндегі шинелдері сымбатты бойларына құйып қойғандай вагоннан түскен үш жігітке қыз- келіншек тұрмақ ,қариялар да қызыға қарасты. Өздеріне елдің назары ауғанын білген олар алшаңдай басып, маңғазданып қояды. Қолында гитарасы бар тәпелтек жігітті орталарына алған оншақты бозбала бұларды сонадайдан көріп:
- Аман- сау оралуларыңмен,,,братандар" деп,жапа- тармағай құшақтасып амандасты.
Перронды жағалай орналасқан орындықтарға отырыса қалып ,,Шиелім' әнін әлгі тәпелтек гитаршы сүйемелдеп, әскерден келген үш жігітті ортаға алып, шырқай жөнелді.
...Күздің салқын кеші. Күн көзінің жылуы азайып, соңғы жапырақтардың ағашты қимай жерге үзіліп түсіп жатқан шағы. Әскерден келген үш жігіттің бірі ақсары өңді, денесі шымыр, жымиғанда бетінде әдемі ойық пайда болатын ,қыз біткеннің назарын еріксіз аударатын Нүркен қасындағы екі әскери жолдасы Жігер мен Нұрланды үйіне қонақ етіп күтуде. Бөтен ауыл ,бұрын көрмеген адамдары болсада әскердің ыстық буы ма кім білсін, бір- екі шөлмектен соң ұзын бойлы, жанарында оты бар,денесін тік,әрі еркін ұстайтын,көрген жанды еріксіз өзіне баурап үйіріп әкететін Жігер құлаққа жағымды қоңыр үнімен өлең оқи бастады.. Жігердің сырға толы өлеңі мен өлең оқу стилі тым ерекше дауысына барлығы сілтідей тына қалды. Жынды судың әсері бар,және бөтен ауылдың жігітінің өнеріне деген іштей қызғаныштары ояна бастады отырған жігіттердің. Бір- біріне ымдасып қарап қояды.
Ақын жігіттің ғажап үні мен жүректі шым еткізер өлеңін сыртқы бөлмеден ұрланып тыңдап тұрған қыз ішке қалай кіріп келгенін өзіде аңғармай қалды.
..Қара торы жүзіне мойылдай қара көздері мен иықтан төмен түсе өрілген қос өрімі жарасым берген бұл қыз Нүркеннің тоғызыншы сынып оқитын қарындасы Жәудір еді..
...Төрде бар ынтасымен өлең оқып отырған, әскери киімі өңіне құйып қойғандай ақын жігітке көз алмай қарап, қаттыда қалды. Жүрек тұсы еш себепсіз шаншып, Ішкі әлемінде бір ұлы төңкеріс басталдыда кетті. Мөлдіреген жанарынан ақын жігітті іштей ұнатып қалғандығын білу қиын емес еді. Ауыл жігіттері мұны байқап , бір- бірін түртіп қалысты. Мұнысы өзге ауылдың жігітінен Жәудірді қызғанғандары еді. Осы жігіттердіңде біразы Жәудірді ұнатып,бірақ ағасы Нүркеннен бата алмай жүргендер еді.
Әскери киімі өзіне жарасымды ақын жігіт Жігер Жәудірдің өзіне кірпік қақпай қарап тұрғанын аңғардыда, іштей бір жымиып қалды. Жігіттің өзіне қарап жымиғанын аңғарған Жәудір жанарын төмен салдыда, ытқып сыртқа шықты. Өнбойында әл жоқ,жүрегі талықсып бара жатқандай,екі беті ду ете қалды.
Анасының:
-Жәудіржан, ішке тамақты таси ғой- деген дауысынан ес жиды
Анасы ұсынған бірінші табақтағы палауды алдыда, у да,шу болып жатқан қонақ бөлменің нақ төрінде өлеңімен жүрегін шым еткізген Жігердің дәл алдына әкелді. Қыз ұсынған табақты ақын жігіт қолын сосып алып жатқанда ,байқаусызда қолы жігіттің қолына тиіп кетті. Алапат дауыл соғып жібергендей бүткіл денесі шым ете қалды. Көзінің қиығымен жігітке ұрланып қарады. Жігіт мұның ішкі арпалысынан мүлдем бейхабар сияқты,көз қырында салмады.
Жәудір аяғын тез- тез басып,қонақ бөлмеден шығып кетті де,дереу өз бөлмесіне кіріп,керуетіне шалқасынан құлай кетті. Өзінен өзі күліп, жігіттің саусағы тиген қолын нәзік саусақтарымен сипап,әлі желден басқа ешкім сүймеген алқызыл ерінімен әлсіз ғана сүйді. Сөйттіде өз өзінен ұялып, бетін басып күліп жіберді.
Көзі ілініп кеткен екен.Абыр- сабыр ,айқайдан шошып оянды Жәудір. Дереу сыртқа жүгіріп шықты. Ауладағы тапшанда ақын жігіттің басын орап жатқан бинтті анасының қолынан қалай жұлып алғанын өзіде аңғармай қалды. Жігіттің шекесінен аққан қанды тоқтату үшін йод тамызып, бинтпен байлап,қолына жұққан қанды ылғал шүберекпен сүрте бастады. Іші елжіреп, кеуде тұсы тағыда шым ете қалды. Ақын жігіттің қасында әліде ұзақ болуды іші қаласада, сырт көзден ұялып,анасына қолқабыс беруге жүгіріп кетті. Бірақ жандүниесі алай- дүлей. Шекесі жарылған ақын жігіттің мейірімге толы қой көзін ойша сүйіп келеді, сүйіп келеді...
Анасынан не болғанын сұрауға ауыл қызына тән ұяң ғана мінезінен аса алмады.
...Ертесіне ауылдың жігіттері келіп,ақын жігіттен кешірім сұрап жатқандарынан ұққаны мынау болды. Жігердің бөтен ауылда емін- еркін өлең оқып,ән салғанын ауыл жігіттері басынғандық деп шыдамай, Нүркен ұйқыға кетісімен сыртқа шығарып алып сабамақшы болғанда,,оншақтысын он жаққа лақтырған ақын жігітке тағыда бес- алты жігіт келіп жабылып,аямай тепкен. Қырғын айқайдан Нүркен оянып кетіп ажыратпағанда аяғы не боларын кім білсін.
Түс ауа Нүркеннің анасына рахметтерін айтып Нұрлан мен Жігер өз елдеріне қайтуға жолға шықты.
...Бөлмесінің терезесінен ақын жігітке қарап тұрған Жәудір бүткіл болмысымен егіліп,мөлдір жанарынан аққан ыстық тамшы алғашқы махаббаттың азаптыда,аяулы тамшысы екенін ақын жігіт сезбеді де.
...Сол күннен бастап Жәудірдің көкіреген кернеген ыстық сағыныш түн болса құс жастыққа тамшы болып сіңіп жатты. Мектебінің ең үздік алтынға үміткер шәкірті екенінде ұмытқандай ,сергелдең күйге түсті.Бойын билеген белгісіз бір бейкүнә сезім жас қызды тез есейтіп жібергендей еді.
..Жәудірдің өзіне деген сезімінен мүлдем бейхабар сымбатты жігіт Жігер туған жерінде өзінің қызықтыда,шыжықты өмірін сүріп жатты. Әскердің желігі басылмаған жас жігіт бойындағы күшін көше тентектеріне жиі күш көрсетуге жұмсап жүргенін әкесі естіп қалып жүрді. Бірақ ұлының қайсарлығы мен кісі тани алатындығы әке ашуын сабырға шақыратын. Сондай бір төбелестен ақ жейдесінің жағасы жыртылып келді. Ертесіне таңғы аста әкесі ұйқысын қимай жатқан ұлының бөлмесіне келіп:
- Жігер, он минутта ас бөлмеге келетін бол!- деді. Әкесінің қатқылдау бұйрығынан Жігер бір айқайдың болатынын іші сезіп, апыл- ғұпыл қолына ілінгенін киіп,беті- қолын шала шайып,дастархан басына келіп жайғасты.
Әкенің қатқылдау қабағынан іштей сескенседе, сыртқа білдірмей:
- Астарыңыз дәмді болсын!- деп,дастарханға қолын соза бергені сол еді, Әкесі қолын қағып жіберді.
- Саған не жетпей жүр? Әлде мен саған осындай тәрбие беріп пе едім? Артыңнан ерген ініңе көрсетер үлгің осы ма?
Күні ертең әскери коммисариатқа барасың. Қапшағайға әскери горнизонға жұмысқа қабылдап жатыр екен. Осымен әңгіме бітті! - деді де,
- Ал ас дәмді болсын - деп, қызыл күрең шайдан екі кесе іштіде, жұмысына шығып кетті.
Әкенің қатқылда,қысқа сөзінен кейін намысты жігіт Жігердің тамағынан бір кесе шәй әзер өтті.
..Нүркен Жігердің Қапшағайға әскери горнизонға жұмысқа кететінін,және өзініңде сол жұмысқа барғысы келетінін кешкі аста әкесіне айтты.
- Балам,сен әулетіміздегі жалғыз ұя басарымызсың. Жұмыс ауылдада табылады. - деген әке сөзіне Нүркеннің іші елжіреп, тумысынан момын әкесінің ішкі ойын бірден ұғып:
- Болды,әке. Бір ауыз сөзіңіз ғой. - деп әкесі мен анасының ,қарындасы Жәудірдің беттерінен сүйіп сыртқа шығып кетті.
Жігердің Қапшағайға кететінін естіген Жәудірдің жүрегі атша тулап,толқындай атқақтап кетті. Ішін ыстық от шарпып,көкірегі өксікке толды. Бұл жас қыздың алғашқы махаббатына деген ең аяулы сезімі еді.
Ертесіне күндегі әдетінен ертерек тұрған Жәудір айна алдында ұзағырақ таранды. Қысқалау күздік ақ пальтгосы , күзгі қара етігі,ақ береткасы бәрі- бәрі өзіне өте жарасымды. Сабақ уақытынан ертерек шығып, аудан орталығына баратын ауыл көліктерінің біріне отырып, аудандық комисариатқа келді. Комисариат ауласындағы орындықтардың біріне келіп жайғасып, сөмкесіндегі дөңгелек кішкене айнасын алып, бас киімі мен маңдайына түсіп тұрған шашын қайта- қайта жөндеп қояды. Қасынан арлы- берлі өткен жас жігіттер мойындарын бір бұрмай өтпейді. Жас қыздың ботадай жәудіреген көзі мен тіп- тік,шағын әдемі мүсіні кімнің болсада назарын өзіне аудармай қоймасы анық.
Жан- жағына жалтақ- жалтақ қарап, әлде кімді күтіп тұрғаны бірден белгілі. Кенет:
- Ой, қарындасым, мұнда неғып жүрсің?- деген құлағына таныс қоңыр үннің иесіне ыстық сағынышты жанарымен жалт қарады Жәудір.
Жігерді жүгіріп барып құшақтап алуға шақ қалды.
- Аға, орталықтағы кітап дүкендерінен ҰБТ- ға байланысты тест жинақтарын алуға келген едім. Сіздің осында келетініңізді ағамнан естіп, сәлемдесейін деген едім- деп, ұялып төмен қарады.
- Кітап дүкендері әзір ашылмайды ғой. Мен ішке кіріп шығайын. Сен күте тұр. Дүкенді бірге аралпймыз.қарындасым- деді де, Жігер ішке кіріп кетті. Қыздың қуанышында шек болмады. Мектептегі сабағын ұмытып, басқа ғажайып әлемге қалықтап ұштыда кетті армандары.
Кешікпей іштен Жігер шықтыда:
- Ал қарындасым,ағаң бұйырса, Қапшағайға әскери жұмысқа орналаспақ.- деп, комисариат берген дәрігерлік байқаудан өту қағазын көрсетті .
Қыздың өнбойын қимастық сезім шарпып өтті. Кеудесіне өксік тығылып, тек сырттай жымидыда қойды.
Жас қыздың өзіне деген сезімі барынан бейхабар жігіт аңқылдақ сөйлеп келе жатыр:
- Әкей мен шешейдің жағдайы қалай? Сабағың жақсв ма?
- Нүркенге айт, кешкісін біздің ауылда басқосу болады, келсін""...
Бірақ бірде- бір сұрағына қыздан жауап болмады. Оған мән беріп жатқан жігіт жоқ. Самбырлап сөйлеп, кітап дүкенінің есігін ашып қызға жол беріп, өзі артынан ішке кірді.
Дүкен сөрелеріндегі кітаптардан көз сүрінгендей. Сатушы сары өңді,көк көз әйел бұларға бір қарап қойып,амандық жоқ,саулық жоқ:
- Не іздедіңдер?- деп дүңк ете қалды.
- Сәлеметсіз бе? - деді Жігер сатушыға оқты көзімен бір қарап қойып:
- Қарындасыма ҰБТға байланысты тест жинақтары керек- деп ,сатушыға тіктеп қарады. Жігіттің өтіір көзінен қаймықтыма,сатушы әйел Жәудірдің қолына бірнеше жинақты ұстата салды да:
- Қандай пән таңдадың? Кім болғың келеді?- деді.
- Дәрігер болғым келген. Бірақ қазір ол ойымнан айнығандаймын- деді. Қыздың жауабына есі сау ма дегендей бажырайып қараған сатушы:
- Алдымен таңдауыңды жаса
Сосын барып келерсің- деді қатқылдау үнмен.
..Жастайынан кітапқа құмар болып өскен Жігер бұл уақытта І. Есенберлиннің ,,Көшпенділерін" қолына алып, кітаптың ішіне кіріп кеткен еді. Айналасындағылардың барында ұмытқан. Қалтасына ауылға жететін ақшасын ғана қалдырып, әлгі кітапты сатып алды.
...Көше бойлай сап түзеген қарағаштардың,теректердің жерге түсіп жаншылған жапырақтары сүреңсіз күздің бейнесі іспетті.
Екеуі аудан орталығынан ауылдарға жүретін автовокзал бекетіне жаяу келді. Жәудірді ауылына баратын көлікке отырғыздыда:
- Жақсы, қарындасым. Үйдегілерге сәлем айт. Нүркенді кешке ауылда күтетінімді жеткіз- дедіде, ауылына баратын көлікке қарай аяңдады.
Өзі отырған көлік терезесінен жігітке деген қимастықпен қараған қыздың жанарынан бір тамшы жас үзілді.
(Жалғасы бар)