Деректі хикая

Жаназа шығарып болған соң бәрі үй- үйіне тарқады. Айнұр қайсарлығынан таймай Алпамысты бір күн бойы бір ұртам су да бермей қамап отырды. Төрт баласын Балнұрдың жалғыз сіңілісі үйіне алып кетті.
 
Ал бір күннен соң  Алпамысты өлтіріп алудан қорқып босатып жіберді. Адам баласы болған соң біреудің өлімін мойынына арқалаудан қорқуы орынды әрине. Бірақ таяқтың күшінен бе, әлде әйелінің қазасы жанына батқаннан ба, сол күннен кейін ол Алпамыс арақ атаулыдан бас тартты. Әрине оңайға соқпасы анық. Организмі арақты талап еткенде мақұлықтай ақырған дауысынан көшеде ойнап жүрген балалар жан - жаққа қаша жөнелетін.
 
Өзін- өзі ұрып, сабалап тастайтыны тағы бар. Сонда да берілмей соңына дейін күресіп есін жинап, маскүнем деген атақтан арылды. Балаларын қайтарып алмақ болып талай барып, жалғыз қайтып оралды. Бұл мәселе де Айнұрдың көмегімен шешімін тауып әке мен балалары бір- бірімен қауышты. Бәрі реттелді. Айнұр әр күн сайын хабар алып жағдайларын бақылап жүрді. Айнұр күндізгі уақытта банка жауатын зауытта жұмыс істейтін.
 
Зауыт басшылығы банкаға қажет өнімдерді әр жерден тасып, кейде таба алмай жұмысшылар бір кездері жұмыссыз қалатын. Айнұр ойлана келе зауыт басшылығымен келісімге отырып көктемде он гектар жерді ақысын күзде төлеуге келісіп жалға алды. Адам салып қызанақ пен қияр еккізді. Күн - түн демей өзі басында жүрді. Алла сәтін салып егістік мол өнім берді. Әр күн сайын он тонналап қияр үзіп зауытқа тапсыратын. Өмірінде алғашқы рет мол пайдаға кенелді.
 
Кезекті тапсырысын өткізіп қолма - қол ақшаны санап тұрған кезде құдасы Әлішер келіп қалды. (Күйеуінің інісінің қызының қайын атасы ).

- Құдағи амансыз ба? Қалыңыз қалай?

- Ой құда, мұнда қайдан жүрсіз? Шүкір аманшылық. Өз жағдайыңыз жақсыма ма? Біздің қыз қалай?

- Сізден кейінгі жер біздікі. Сол егістікке көз жүгіртуге келдім. Құдағи сізге айтар бір өтінішім болып тұр. Төрт ұлым барын білесіз. Бір ұлыма сіздердің қыздарыңызды жар еттік. Енді міне екінші ұлымды үйлентіремін бе десем, үшінші ұлым да үйленемін деп табан тіреп тұр. Соған аздап қаражат жетпей тұрғаны. Сол жағынан көмек көрсетіп қарызға ақша бере тұрсаңыз.

- Жарайды құда, берейін. Қанша керек?

- Төрт жүз мың.

Айнұр дәл сол жерде төрт жүз мыңды құдасының қолына санап берді. Ақшаны алып езуі екі құлағына жетіп артына қарамай шаба жөнелді. Сол тойда Айнұрдың өзі де сыйлы қонақтар қатарында отырды.
 
Алдынғы жолы айтқанымдай Айнұр болашаққа деп еш қаражат жинаған емес. Күздің кіріп келер уақыты жақын. Көкөністер бітіп жатыр. Тағы бір жинап алса одан кейін мал жайылымына айналады. Айнұрдың кіші қызы сырқаттанып күн өткен сайын ауруы асқына берді. Сараптама нәтижесі бойынша емі тек ота ғана. Отаны тек Алматы қаласында ғана жасайды. Айнұр Шымкенттен келіп, қонақ үйге орналасып, отаның ақысын төлеу үшін бірталай ақша керек. Ал Айнұрда ондай ақша жоқ.

Қарызға ақша берген құдасынан еш хабар болмаған соң, үйіне іздеп өзі барды. Үйінде де жоқ. Екі рет барды екеуінде де жоқ екенін хабарлап кері қайтарып жіберді.
 
Олардың айдауына көнетін Айнұр осал жан емес. Ешкімге қарамай үйге баса көктеп кіріп Әлішердің теледидар тамашалап отырған жерінен үстінен түсті.

- Әй, әй мұның не? Мынау өзі қайтеді ей? Сен не бұзақысың ба?

- Тез ақшамды қайтар. Қайтармасаң өз обалың өзіңе. Ескертпеді деме. Құдам екеніңе қарамаймын.

- Қайдағы ақша? Мен сенен қашан ақша алып едім? Шық үйімнен.
Құда мұныңыз жарамайды кәне ақшамды қайтарыңыз. Жай сөзге көніңіз!

Әлішердің екі ұлы араға түсе бастады.
- Әке, алған болсаңыз қайтарыңыз! Жағдайыңыз жетіп тұр ғой.

- Әке біздің үйлі- жайлы болып отырғанымыз осы кісінің арқасы болар. Беріңіз әке.

- Ей жүгірмектер, сендер менің бұл қатыннан ақша алғанымды көздеріңмен көрдіңдер ме?

- Жоқ.
- Жоқ.

- Олай болса араласпай тыныш тұрыңдар.

- Сен секілді еркектен садаға кетейін. Осы тұрған жеріңде мұрныңды бет қылар едім, келіндеріңнің алдында абыройыңды төкпей - ақ қояйын.

- Сен абырой не екенін маған үйретіп тұрсың ба? Абырой сен де бар ма өзі? Уыс уыс ақшаны қандай жол мен тапқаныңды бәріміз білеміз. Бір еркек игере алмайтын он гектар жерді жалғыз өзің игеріп мол ақшаға қалай қарық болып жатқаныңда белгісіз.

- Саған кеткен сөзім зая екен. Мейлі сол ақша саған садақа болсын. Сол ақшаны мына ұлдарың жаназаңа жаратсын.

Ашуға бой алдырып не айтқанын өзі де байқамай қалды- ау шамасы. Бар ойы қызына ота жасату. Ақшаны қайдан табарын білмей есі кетті. Үйіне жеткен Айнұрды есік алдында Алпамыс тосып тұр еді. Қолында қағазға оралған бір зат бар.

- Әпке келдіңіз бе? Сізді күтіп тұр едім. Өтінем мынаны алыңызшы.

- Бұл не?

- Қызыңызға ота жасату үшін ақша таппай жатқаныңызды естідім. Мынау қанша жылдан бері бізге жасаған жақсылығыңыздың орнын толтыра алмасын білемін...

- Жоқ, олай айтпа. Өзің енді ғана аяққа тұрдың. Балаларыңның қажетіне жарат.

- Бұл қыздарымның қалауы. Өтінем алыңызшы..

Айнұр жалына сұрап тұрған Алпамыстың қолын кері қайтара алмады. Электрик, сварщик болып жұмыс істеп жүрген Алпамыстың табысы жақсы екенін білсе де, оның мұндай қомақты ақша ұсынарын еш күтпеген болатын. Дереу жолға аттанып Алматы қаласында қызына ота жасатып он күннің ішінде үйіне қайта оралды. Шаршап шалдыққан Айнұр шалқасынан түсіп жатқан да телефоны шырылдап маза бермеді. Телефон соғып жатқан қайын інісінің келіншегі. Қызының жағдайын сұрайтын болар деп ойлаған Айнұр күтпеген суық хабар естіді.
 
- Абысын амансыз ба! Қыздар жақсы ма?
 
- Шүкір, жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар? Аманшылық па?
 
- Әлгі Әлішер құда қаза болыпты. Қазір түсте жаназасын шығарады екен. Барасыз ба?

Айнұрдың сол кезде құдасына айтқан сөздері есіне түсіп, жүрегі тоқтап қала жаздады.

- Тыңдап тұрсыз ба? Баратын болсаңыз бірге барайық.
 
- Жолдан шаршап келдім. Қызыма ота жасалғаны кеше ғана. Оның жанында болуым керек. Өздерің барып қайта беріңдер.
 
Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыз егесін табады деп бекер айтылмаса керекті. Айнұрда сол қарғысты айтар кезде айтқаны келе саларын білді дейсіз бе? Сап - сау жүрген адамның ажалының неден келгенін білер жан жоқ. Әлде расында да бұл жесірдің ақысын жеп, қарғысын алғанның кесірінен бе? Ол жағы бір Аллаға аян. Әлішердің әйелі мен балалары Айнұрдың алдына келіп кешірім сұрап жалынды. Ақшасын қайтарып бермекке ниеттенді.
 
- Маған сіздер қарыз емессіздер. Ақшаны алған марқұм жолдасыңыз. Енді ол кісі жоқ болған соң оның қарызын төлеудің керегі жоқ. Алыңыз, ұлдарыңыздың қызығына жаратыңыз!

Айнұр сол кезде ашуға бой алдырып ессіз айтқан сол бір қарғысы үшін әлі күнге дейін іштей күйінеді. Біреудің жарынан, перзенттерінің әкелерінен айырылғанына өзін кінәлі сезінеді. Осы жағдайдан кейін кімді ұрысса да тек жақсылық тілейтін болды.

"Бай болғыр, бар болғыр " деген секілді сөз тіркестерін қолдануды әдетке айналдырды.

Қарғыс алма, бата ал деген аталы сөз босқа айтылмаса керекті? "Тас пен ұрғанды ас пен ұр "демеуші ме еді? Ендеше біреуді қарғасаңызда жақсы сөз айтып қарғаңыз. Біреуге жақсылық жасасаңыз да, жамандық жасасаңызда жасаған ісіңіз өзіңізге қайта келерін ұмытпаңыз.
 
Соңы 
«Әсерлі әңгімелер  « топтамасынан