Фариза Амангелдіқызы

Жасұлан өз бөлмесіне тығылып, жан баласын көрмей, ас-су ішпей отырғанына бүгін үшінші күн. Анасы келіп:
- Балам, ауырып қаласың. Ең болмаса жүрек жалғап алшы. Неше күн бойы нәр татпадың. Сыртқа да шықпадың. Ашшы есікті, балам. Ешкім жауап қатпады. Алдындағыдай қажет емес деген де жауап келмеді. Ана жүрегі бірдеңені сезгендей қолдары дірілдеп есіктің тұтқасына жармасты. Бірақ, іштен ілінген есік ашылар емес. Жүгіріп күйеуін шақырды. Үй іші түгел Жасұланның бөлмесінің алдына жиналды. Еш дыбыс болмаған соң әкесі есікті сындырып кірді. Төсегінде бүк түсіп жатқан баласының дереу тамырын басып көрді. Тірі. Дереу жедел жәрдем шақырды.
Жасұлан ауруханада көзін ашты. Палатада анасы журнал қарап отыр екен.
- Қайдамын?
- Балам, халің қалай? Сені таңертеңгісін ауруханаға алып келдік. Есіңнен танып қалыпсың. Бөлмеңнен шықпай аштан-аш жатқан соң зорығып қалдың ғой балам.
- Бүйткенше өлгенім артық еді.
- Неге олай дейсің балам. Мені қорқытпашы.
- Жасарыңызды жасап алып, енді несіне жылап отырсыз мені уайымдап.
- Мен не жасаппын.
- Құрттыңыз. Өмірімді құрттыңыз. Бітті. Мен өлікпін. Өлікпін. Алла аманат етіп берген жан-жарымды аялай алмадым. Ұлыммен бірге кетті. Кетті. Енді олар жоқ. Мені де, сізді де, бәрін тастап кетті. Мүмкін тастап кеткені де дұрыс болған шығар. Болмаса мен тағы не көрсетер едім оған? Көрсетпеген не қалды?- деп тістене сөйлеген Жасұлан орнынан тұрмақшы болып еді, әлсіреп қайта төсекке қисайды. Аяқтарынан әл кетіп, жүре алмады. Анасы сүйемекші болып еді "қажет емес " деп ишара білдіргендей болды да, теріс қарап жатып қалды. Өткен өмірі көз алдынан кино таспасындай зырылдап өтіп жатты.
Жасұлан мектеп қабырғасында оқып жүргенде өте белсенді еді. Сабаққа да, қоғамдық жұмыстарға да. Тұрмысы орта отбасынан шыққан соң ба, әлде өзі қанмен берілген білімділік пе, әйтеуір ЖОО-на өз күшімен түсуге талпынды.

 Жасұлан білімінің арқасында оқуға ақысыз қабылданды. Алдымен әкесінің қолдауымен, екінші өзінің білімінің арқасында осындай жетістікке жетті. Әкесі Нартай мектепте физика пәнінің мұғалімі. Анасы үй бикесі. Орта білімді кісі. Аздап адуынды мінезімен елге белгілі еді. Бір айтқанды екі айтпайтын, күйеуінің жуас мінезін басқалай жоритын, көкбеттеу әйел. Үйде де Ғалияның айтқаны айтқан, дегені деген. Тіпті Ғалияның рұқсатынсыз шыбын ұшып өтпейді.
 
Осы мінезіне күйеуі де, балалары да үйреніп кеткен. Үш қыздың ішінде кенже ұл Жасұланның мінезі де анасына ұқсаған. Қайсар мінезді, бірбеткей. Ал әпкелері өте жуас, әкесінің қыздары болып өсті. Үшеуі де өз күштерімен оқып білім алып, дипломдарын қолтықтап анасы тапқан жігітке тұрмысқа шықты. Шүкір, бәрі барған жеріне сіңісіп, бір ауыз арыз айтып келмейді. Ғалия енді ұлын оқытып алған соң үйлендіремін деп қазірден баласының құлағына құйып жатыр. Екеуінің мінезі ұқсас ана мен бала осы тақырып ашылса сөзге келіп қалады. Ғалия дегенін істеткісі келсе, ұлының тыңдайтын түрі жоқ:
 
- Мам, осындай әдетіңізді қойыңызшы. Отырайын енді, шешеме қыз іздетіп. Өзім қалаған қызға үйленемін. Заман басқа мама, заман басқа! Оның үстіне қазір емес. Енді ғана студент болған жоқпын ба? Әлі ерте!- деп есікті тарс жауып шығып кетті. Ұлының мына сөздеріне намыстанып қалған Ғалия тістеніп:
- Көресің әлі, бала! Қара да тұр. Айтқанымды істеймін,- деді ызаланып. Намыстанбағанда ше? Осы уақытқа дейін үйде бұтақ та осының шешімімен сындырылады. Сырттай бақылап отырған күйеуі:
- Ойпырмай, саған қарсы келетін де адам бар екен-ау,- деп миығынан күлді де жұмысына кетті. Ғалия орындыққа сылқ етіп отыра кетті.
  Жасұлан бүгін алғаш рет студент болып университет табалдырығын аттады. Сымбатты жігіт соңғы сәнде киінген, аяғын асықпай кердейе басып кіріп келді. Сабақ басталғалы жатыр екен.
- Сәлеметсіз бе? Кіруге болады ма?
- Сен онсыз да кіріп тұрсың ғой, неге рұқсат сұрайсың? Отыр! Сабақ басталмай жатып кешігеді бұлар,- деген мұғалім өзін таныстырып, осы топтың кураторы екенін айтты.

 Үлкен лекция залының жартысында ғана студенттер отыр. Бәрі Жасұланға қарап қалыпты. Әсіресе қыздар жағы, көздерін кең ашып, қылымси күліп отыр. Ешкімге мән бермеген Жасұлан ең жоғарыға барып жайғасты.
  Ол студенттік өмірге ақырындап үйреніп келеді. Мектептегідей білімді әрі ұқыпты. Сабақтан еш қалған емес. Үнемі мұғаліммен бірге сабақты талқылап, білмегенін сұрап отырады. Сондықтан да мұғалімдер Жасұланды жақсы көреді. Қыздар жағы да қызыға қарап, шіркін деп армандап қояды. Бірақ Жасұлан еш қылтың-сылтыңсыз, артық әңгімесіз, оғаш қылықсыз, кілең бестікпен 1-курсты аяқтады.
 
Жазғы демалыста ауылға қайтты. Үй іші сол қалпы, өзгермеген. Баяғы анасы бәріне бұйрық беріп отыр. Әкесі миығынан күліп, басын шайқап қойып әйелінің жұмсаған тірлігін істеп жүр. Бауырымыз келеді оқудан деп үш әпкесі де келіпті. Қуанышы қойнына сыймай Жасұлан барлығын құшақтап беттерінен сүйіп шықты. Жиендерімен ойнап, мәре-сәре болып жатыр. Жезделері жалғыз қайнысын көрмегеніне жылдың жүзі болған соң тойлатамыз деп, сыртта кәуап жасап жүр. Бүгінгі күн осылайша көңілді өтті. Жақсы демалып, ертеңіне түске дейін ұйықтапты. Аз-маз әкесіне көмектесті де, сыныптастар болып жиналып ауыл сыртына көлге кетті. Бір топ ауыл жастары осында шомылып жүр. Былтыр бітіріп кеткендер келіпті деп сыбырласып, көздерінің қиығымен қарап қыздар да күлімсіреп жүр. Жасұланның шетте шомылмай, тек аяғын суға салып отырған бөтен қызға көзі түсіп кетті. Иә, расымен бұл ауылдың қызы емес. Бірақ бізбен қатарлас сияқты. Ақырын аяңдап әлгі қыздың жанына келді.
- Сәлем.
  Селк ете қалған қыз, жалт қарады. Жәудіреген солғын жанары таңырқай қарап:
- Сәлем,- деді.
- Біздің ауылдың қызына ұқсамайсың ғой, - деп Жасұлан жанына көк шөпке жайғасты.
- Иә. Мен әпкемнің үйіне келдім.
- Әпкең кім? Мен танитын шығармын, осы ауылда тұратын болса. Есімі кім? Күйеуінің есімі кім?
- Тануың шарт емес,- деді теріс бұрылып. Ыңғайсызданып қалған Жасұлан:
- Иә, шарт емес әрине. Бірақ... Мен жәй, сенімен танысқым келіп... Есімің кім?- деді күлімсіреп.

 Орнынан көтерілген қыз ауылға беттеді. Бір-екі қадам жүрді де, артынан қарап тұрған Жасұланға бұрылып:
- Есімім Ақтоты,- деді де бұрылып жүріп кетті.
"Ақтоты" деп қайталады іштей. Осы кезде жанына келген досы:
- Не болды? Ақтотыға қызығып қалдың ба? Мен оны танимын,- деді күліп. Қуанып кеткен Жасұлан жақсылап таныстыруын өтінді. Жылтыңдаған досы бүйірінен түртіп көзін қысты. Балалар көлге шомылуға жүгіріп кетті. Бір жыл көрмеген жолдастарымен қанша мәре-сәре болып жүрсе де, Жасұланның көз алдынан Ақтоты кетпей қойды. Кешті әрең батырған ол, үйіне келіп асыға-аптыға кешкі асын ішті де достарыма баруым керек деп шығып кетті. Өзі оқудан кеше ғана келген соң ата-анасы қарсылық білдірмеді.
  Жасұлан Ақтотымен тілдесудің уақыты жақындағанына жүрегі алып-ұшып барады. Досының үйіне келген беті осы.
- Сен расымен Ақтотыға қызығып жүрсің бе?
- Несі бар? Сөйлесіп көрейік те. Жаман қыз емес сияқты.
- Жаманына жаман емес. Бірақ сен кімнің туысы екенін білсең жоламай кетер едің.
- Маған оның туысының қажеті жоқ. Маған Ақтоты керек.
- Ендеше жүр.
  Екеуі әңгімелесіп ауылды бөліп тұрған үлкен трассаның арғы бетіне өтті. Бұл жақта 50шақты үй бар. Барлығы бір рудан. Олар кішкентай қоржын тамның алдына келіп тоқтады.
- Тоқта, тоқта. Бұл Талғат алқаштың үйі емес пе?
- Иә. Бағана айттым емес пе? Ақтоты Талғаттың әйелінің туған сіңлісі. Сен қалада оқып жүргенде әпкесінің үйіне көшіп келді. Елдің айтуы бойынша ата-анасы көлік апатынан қайтыс болыпты. Жалғыз әпкесінен басқа ешкімі болмаған соң осы үйді паналаған. Әрине әпкесі қамқоршы болады ғой, бірақ Талғат балдызының келгенін ұнатпай жүр. Арамтамақ, жетімек деп күн бермейді деп жүр елдер.
- Әйелі ше? Арасына түспей ме? Кішкентай қызды қалайша қорлауға болады?
- Араша түспек түгілі күйеуіне сөйлей алмайды ғой. Күнде таяқтың астына алады. Әпкесінің өзі қазір инвалид болып қалған Талғаттан таяқ жеп.
Мына сөздерді естіген Жасұлан шыдап тұра алмады. Үнсіз бұрылды да көлге қарай беттеді.

 Жасұлан мен досы Сұлтан екеуі көл жағасында әңгімелесіп ұзақ отырды. Өткен-кеткенді, ананы-мынаны айтып біраз көңілдерін жазды.
- Мен Ақтотыға үйленем десем қалай қарайсың Сұлтан?- деді аяқ астынан Жасұлан.
- Не дейсің? Денің сау ма өзі? Әлде өле алмай жүрсің бе? Талғат күнде есігіңді қағып тұрғанын қалайсың ба? Оның үстіне сен анаңның мінезін білмеуші ме едің? Ешқашан Ақтотыға үйлендірмейді сені.
- Онда тұрған не бар? Ол қызға да қамқоршы адам, паналайтын баспана қажет қой.
- Сонда сен оны аяғандықтан үйленбекшісің бе? Жақсы көрмесең де?
- Несі бар?
- Мынаның басы істемей қалыпты. Сенен басқа қамқоршы, сенің үйіңнен басқа паналайтын үй жоқ па оған?
- Не болды сонша ашуланып, қалжыңдадым,- деді күліп Жасұлан. Қанша күлгенімен ойында Ақтоты бар. Оған деген аяушылық сезім бар.
- Әлде Ақтотыны қызғанып кеттің бе? Өзің үйленбекші ме едің?- деді досына сынай қарап.
- Сен де айтасың,- деп мысқылмен күлді Сұлтан.
- Жалпы Ақтотыны жаман қыз демеймін. Оның ұяң, ақылды, пысық әрі білімді екенін бәрі біледі. Тек тегінің жоқтығы...
- Қазір заманның өзі сондай болып жатыр иә? Тегіне қарап сөйлесетін...
- Жоға, мен... деп қысылып қалған Сұлтан үнсіз қалды. Орнынан тұрған Жасұлан қайттық дегендей ишара білдірді де ауылға қарай бұрылды. Үйге жеткенше бір-біріне ләм-мим деп сөйлемеді. Екеуінің де ойында Ақтоты. Қоштасып үйіне кірген Жасұлан көпке дейін ұйықтай алмады. Ақтотыны ойлап дөңбекшіп жата алмады. Таңға жуық көзі ілінді. Тіпті түсінде де Ақтотыны көріп шықты. Екеуі көлде бірге шомылып жүр екен. Кенеттен Талғат келіп Ақтотыны жер-жебіріне жете боқтап, шашынан сүйреп алып барады екен. Жасұлан Талғатқа қарсыласып, тіпті төбелесуге дейін барыпты. Оянып кетсе түсі екен. Сағатқа қарап еді түскі 12 болыпты.
  Жасұланның жазғы демалысы аяқталуына санаулы күндер қалды. Ол қалаға қайтуға дайындалып жүр. Іштей кеткісі де келмейді. Ақтотымен жаз бойы бір ауыз тілдесе алмады. Талғаттың үйіне кіре алмайды. Ал Ақтоты үйінен аттап шықпайды. Қанша рет барды. Айғай-шу, ұрыс-жанжал... Сыртынан қарап тұрып-тұрып қайтады.

Жалғасы бар...