Маңғыстау облысында полицейлер ауруханадан шыққан өртті сөндіруге және ғимараттағы науқастарды шығаруға көмектескен - деп хабарлайды el24.kz ақпараттық порталы ktk.kz ке сілтеме жасап.
"Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары - Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген", - делінген ресми хабарламада. Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеген.