фото ашық дереккөзден
14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстанда көрісу «Амал мерекесі » ретінде атап өтіледі. Наурыз жыл басы саналып, ата -бабамыз «жасың құтты болсын » деп жылдың жаңаруымен жаңа жас қосылғанын білдірген.
Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Ақ мол болсын !-деп ырыс -несібе артуына тілек білдіреді.
Бұл күні жасы кішілер сый- сыяпатымен жасы үлкендерге барып көрісіп амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды.
фото ашық дереккөзден