Бүгін   Ақтау қаласы «Ынтымақ» алаңында,Әскерге шақырылған сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті.Маңғыстау бойынша, елу сарбаз мерзімді әскери қызметін өтеуге   аттанып барады.Бұл әскерлерді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылуымен Маңғыстау облыстық Қорғаныс Істер жөніндегі департаменті бастығы генерал-майор  Оразов Еділ Лұқпан ұлы ,  құттықтады.

        Сонымен бірге,12744 әскери бөлімінің өкілі подполковник  Жораев Бауыржан мырза  сөз сөйлеп, сарбаздардың «десанттық әскери шабуыл»қатарында қызмет ететін айта келіп,сарбаздар үшін уайымдамаңыздар оларға үш мезгіл тамағы беріледі.Бір жылдан кейін көресіздер қандай болып балаңыздың   ысылып,шыныққанын деді.

      Сарбаздардың ата аналары да сөз сөйлеп, ұлдарына ақ жол тіледі.

       Тас –түйін ,сақадай сай дайын сарбаздардың бойынан жігерлілікті,Отанға деген махаббаты көріп марқайып қалдық.Ақ жол Маңғыстаулық сарбаздар !

 

 

 

{jcomments on}