Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды
Алматы әуежайында болған оқыс жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр-деп хабарлайды el24.kz тілшісі, КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ұшаққа кешіккен азамат әуежайдың Т-1 ішкі рейстер терминалында үстіне бензин құйып өзін өртеп жібермек болған.Күзетшілер отты сөндіріп үлгерді. Ол жедел жәрдеммен №4 клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Нұржан Биқоңыров, Алматы №4 клиникалық ауруханасы директорының орынбасары: – Науқас жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы өте ауыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам турфирма кеңсесінде телефонмен сөйлесіп отырған. Біраздан соң компания қызметкері сыртқа шыққан, ол оған бөгет болмаған. Кейін ер адам полицейлермен біраз сөйлесіп тұрады.
Ал тәртіп сақшысы табалдырықтан аттай берген сәтте, ол сіріңкені тұтатып, өзіне өрт қойған. Құқық қорғаушылар мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі өртті дереу сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әуежайға үстіне жанармай құйып кірген. Кейбір қызметкер одан бензин иісі шыққанын байқаған соң, бірден қауіпсіздік қызметіне хабарлаған.
Алдын ала дерек бойынша, ол билетін ауыстыра алмаған соң ашуға берілген болуы мүмкін. Басқа дерек көздері азаматтық некедегі әйелімен жанжал себеп болғанын айтады. Оқиға болған әуе агенттігінің кеңсесі бүгін жабық. Ал көліктегі полиция департаменті өзін-өзі өртеу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ал Алматы әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Алматы халықаралық әуежайы: — Аталған жағдай әуежайдың қызметімен байланысты емес және оның жұмысына әсер еткен жоқ. Алматы халықаралық әуежайы штат режимінде жұмыс істеп тұр. Оқиғаға қатысты әрі қарайғы тергеуді құқық қорғау органдары жүргізуде.


1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
el24.kz Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс тағайындау тәжірибесі енгізіледі. Бұл өзгеріс қайталанатын және қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады.
Жаңа жаза кімдерге қолданылады
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық жұмыс мына жағдайларда тағайындалуы мүмкін:
Жол қозғалысы ережесін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзу;
Экстрен қызмет көліктеріне жол бермеу фактісін қайта қайталау;
Жаяу жүргіншілердің жол ережесін өрескел бұзып, зардап келтіруі;
Қоғамдық орындарда қайта-қайта ішімдік ішу, мас күйінде жүру;
Ұсақ бұзақылық және қоғамдық тыныштықты бұзу.
Жаза көлемі
Құқық бұзушылықтың түріне қарай қоғамдық жұмыс көлемі 12 сағаттан 100 сағатқа дейін белгіленеді. Мысалы, экстрен қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушіге 40 АЕК (шамамен 157 мың теңге) айыппұлдың орнына 20 сағат қоғамдық жұмыс берілуі мүмкін.
Мақсат – тәртіпті күшейту
Министрлік өкілдері бұл шараның мақсаты – айыппұл төлеу мүмкіндігі жоқ адамдарды қатаң жазалау емес, қайта оларды қоғамдық жұмыс арқылы жауапкершілікке тарту екенін атап өтті. Қоғамдық жұмыс арнайы белгісі бар киімде, тұрғындар көретін орындарда атқарылады.
Теріс қылықтың алдын алу құралы
Жаңа жаза түрі құқық бұзушылық деңгейін төмендетіп, азаматтардың тәртіпке бағынуына әсер етеді деп күтілуде. Қоғамдық жұмыс жазасын орындамаған жағдайда, ол әкімшілік қамауға ауыстырылуы мүмкін.


Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді
el24.kz 2025–2026 оқу жылы қарсаңында еліміздің білім беру саласында бірқатар жаңа өзгерістер енгізілуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінше, биыл оқу бағдарламалары жаңартылып, мұғалімдердің жұмыс жүктемесі мен мектеп формасына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер оқушыларға да, ата-аналарға да, ұстаздарға да қатысты.
Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады, 31 мамырда аяқталады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу аптасы сақталып отыр. Алғашқы жеті күнде олар жеңілдетілген режимде оқиды.
Жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндерінің мазмұны тереңдетілді. Сонымен қатар бағалау жүйесі де жеңілдеп, тоқсандық бақылау жұмыстарының саны азайтылды. Енді әр пәннен оқушылар жоба жұмыстары мен практикалық тапсырмаларды көбірек орындайды. Бұл оқушының ойлау, талдау қабілетін арттыруға бағытталған.
Мұғалімдердің апталық жүктемесі кәсіби стандартқа сай қайта қаралды. Енді дәптер тексеру, қосымша сабақ өткізу сияқты жұмыстарға арнайы ақы төленеді.Бұрынан бар жүйе күшейтілді.Электронды журнал жүргізу де жеңілдетілген.
Мектеп формасына қатысты да бірқатар ереже өзгерді. Министрлік ата-аналарға мектеп формасының міндетті екенін, алайда қымбат киім алудың қажеті жоқ екенін ескертті. Форманың түсі мен үлгісін мектеп кеңесі бекітеді. Діни немесе сәндік сипаттағы киім үлгілеріне жол берілмейді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жергілікті әкімдіктер тарапынан мектеп формасы тегін берілуде.
Балабақшаларда электронды кезек пен eGov.kz арқылы өтініш қабылдау жалғасады. Бастауыш сыныптарда цифрлық оқулықтар мен планшет арқылы оқу жүйесі кейбір өңірлерде пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігіне де ерекше мән берілуде.
Министрлік ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға шақырып отыр. Мұғалімдер үшін курстар мен сертификаттау талаптары да жаңартылды.
el24.kz анықтамасы
2025 жылы елімізде 7 700-ден астам мектеп жұмыс істейді. 250-ге жуық жаңа мектеп салынған. 1-сыныпқа 400 мыңнан астам оқушы қабылданады. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар үлесі 98 пайызға жеткен.


8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
el24.kz 8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл — мемлекет басшысының сегізінші жолдауы.
Оны Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды. Мұны Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.


Адамның биоөрісі: көзге көрінбейтін энергия қабаты
el24.kz Адам баласы тек тәннен ғана тұрмайды, оны қоршап тұрған ерекше энергия өрісі бар деп сенеді халық арасында. Бұл құбылысты көпшілік аура немесе биоөріс деп атайды. Ғалымдар да, эзотерика өкілдері де осы тақырыпқа түрлі көзқарас білдіріп келеді.
Биоөріс деген не?
Биоөріс – адамның денесін қоршап тұратын энергия қабаты. Ол көзге көрінбесе де, кейбір адамдар оны түйсік арқылы сезеді. Эзотерикалық ілімде биоөріс адамның ішкі жағдайын, денсаулығын, көңіл-күйін көрсетеді делінеді.
Ғылыми тұрғыдан
Физика мен медицинада биоөрісті адамның биоэлектромагниттік сәулеленуі деп түсіндіреді. Әрбір тірі жасуша аздаған электр импульстарын бөледі. Осы импульстардың қосындысы адамды түгел қоршап тұратын әлсіз электромагниттік өрісті қалыптастырады.
Аураның түстері нені білдіреді?
Эзотерикада биоөрістің түсі адамның психикалық күйін аңғартады:
-
Жасыл – үйлесім, тыныштық.
-
Қызыл – қуат, ашу немесе құмарлық.
-
Сары – шығармашылық, ойдың сергектігі.
-
Көк – сабыр, рухани ізденіс.
Биоөріс неге әлсірейді?
Адамның энергия өрісі мына жағдайларда әлсірейді дейді мамандар:
-
Ұзақ стресс пен уайым;
-
Дұрыс тамақтанбау;
-
Ұйқының жеткіліксіздігі;
-
Жаман әдеттер (ішімдік, темекі).
Биоөрісті қалай күшейтуге болады?
-
Табиғат аясында серуендеу;
-
Медитация мен тыныс алу жаттығулары;
-
Пайдалы ас ішу, су ішу тәртібін сақтау;
-
Жақсы ой ойлау, жағымды эмоцияға көңіл бөлу.
Адамның биоөрісі – ғылым үшін әлі толық зерттелмеген құбылыс. Дегенмен халық сенімінде де, заманауи энергетикалық ілімдерде де ол адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне тікелей байланысты маңызды энергия көзі ретінде қарастырылады.


Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
el24.kz Соңғы уақытта ұялы байланыс пен интернет тарифтерінің өсуі халық арасында жиі талқылануда. Бұл өзгеріс ресми органдар мен байланыс операторларының да назарында.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы кейбір тарифтер 7,7%-тен 57%-ке дейін өскен. 2021–2022 жылдары аралығында орташа өсім 13–37% аралығын құраған. Соңғы екі жылдағы жиынтық өсім 90%-ке жуық деген депутаттар пікірі шындыққа жанасады.
Операторлар не дейді?
Beeline Kazakhstan биылғы 1 ақпаннан бастап бірқатар тарифтерін өзгертті. Компания мұны желіні дамыту қажеттілігімен түсіндіреді. Соңғы жылдары 500-ден астам базалық станция орнатылып, 3 мыңнан аса жердегі жабдықтар жаңартылған. Сонымен қатар, доллар бағамының өсуі, телекоммуникациялық құрылғылар мен электр қуатының қымбаттауы да тарифке әсер еткен.
Tele2/Altel де 11 ақпаннан бастап кейбір тариф жоспарларына өзгеріс енгізді. Олар да себеп ретінде техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындардың өсуін, валюта бағамының тұрақсыздығын және желіні кеңейту қажеттілігін алға тартады.
Министрлік не дейді?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Асхат Оразбектің айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес байланыс операторлары тарифтерін өздері белгілейді. Министрлік тарапынан тек келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Негізгі себептер:
- Инфрақұрылымды жаңарту мен кеңейту шығындары;
- Доллар бағамының ауытқуы;
- Электр қуаты мен телеком жабдықтарының қымбаттауы;
- Нарықта нақты бәсекенің болмауы.
Бәсекелестікті қорғау агенттігі байланыс нарығындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Агенттік кейбір тарифтерге қатысты тергеп-тексеру жүргізіп, операторлардан нақты есептер талап еткен.
Қорытынды:
Ұялы байланыс пен интернет тарифтерінің өсуі – күрделі экономикалық және инфрақұрылымдық процестердің нәтижесі. Бұл тек тұтынушыға ғана емес, байланыс операторларына да қатысты мәселе. Дегенмен, халықтың наразылығына байланысты бұл салаға қатысты бақылау күшейтілмек.


Адам минутына неше рет көзін жыпылықтатады?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Қытайда екі рет жер сілкінді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Sergek лас түтін шығаратын алматылық көліктер туралы мәліметтерді полицияға тапсырады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
10 ақпанда Sergek Group компаниясы лас түтін шығаратын алматылық көліктер туралы мәліметтерді полицияға береді. Бұл туралы el24.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Зерттеу барысында анықталған лас түтін шығаратын көліктердің тізімдері 10 ақпанда полицияға тапсырылады. Осылайша, патрульдік қызметшілер көлік ағынындағы тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды тоқтатуға және тексеру үшін экологиялық бақылау бекеттеріне жіберуге заңды негіздерге ие болады”, – деп мәлімдеді Sergek Group компаниясының өкілдері.
Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді!
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Жалақысы 850 мыңнан асатындар МӘМС қорына бес есе артық ақша аударады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жалақысы айына 850 мың теңгеден асатын қазақстандықтар енді Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына бес есе артық ақша аударады. Мұндай айлықты ресми табатындардың үлесі елімізде 9 пайызды құрайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шекті жарнасын өзгерту туралы заң жобасы бұған дейін көптің ашық талқылауына ұсынылған болатын.
Педофильдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң шығуы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Педофилдер енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс осындай өзгеріс енген заң жобасын алдағы уақытта жан-жақты талқыламақ. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген.
Мұндағы басты норманың бірі — тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың қылмыс қатарына қосылуы. Яғни енді әкімшілік жазамен құтылып кету мүмкін болмайды. Әрі жаза да әлдеқайда қатаңдатылмақ. Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов мұндағы мақсат тек әйелдердің емес, жалпы адамдардың құқығын қорғауға негізделгенін атап өтті.
"Жер сілкінісі жалғаса ма?" Белгілі нумеролог 2024 жылға арналған болжамын айтты
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
"Үкімет ауа райына жиі көңіл бөлуге тиіс. Әсіресе, егер күн ылғалды болса бірден тізгіндеу қажет. Еліміздің оңтүстік аймақтары мен Алматы қаласы назарда болған жөн. Қазіргі таңда кәсіби техникамен жұмыс істейтін мамандар аз, жеткіліксіз деуге болады. Сондықтан елге физика-химия бағытын жақсы меңгерген мамандар мен сарапшылардың көмегі керек.
Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Полиция қашықтан сканерлеу арқылы адамдардан қару-жарақ іздей алады
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Британдық полицейлер қала көшелерімен серуендеп жүрген адамдарды киімдерінің астында қару-жарақтың бар-жоғын жасырын тексере алады.
«Келесі жылы енгізілуі мүмкін жаңа технология тәртіп сақшыларына жұртшылық көп жиналатын жерлерде алты метрге дейінгі қашықтықта киім, тіпті қалың пальто мен белдік астынан пышақтардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді», - деп жазды The Standard.
Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жер сілкінісі кезінде Алматыда неге дабыл қосылмады?
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сирена неге қосылмағанын түсіндірді.
"Жедел хабарландыру жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл хабарламалар қала тұрғындарына кеш келеді, өйткені бұл халықтың тығыздығынан, желі операторлары ақпаратты өңдеуге үлгермейді. Тиісінше, мұндай ақпарат кеш барады. Біз бірте-бірте мұндай ақпарат тарату тәжірибесінен алыстадық.
Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды
- Подробности
- Категория: Жаңалықтар
Интернет-алаяқтарға атыраулықтар 400 млн теңге беріп қойған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
"Енді қайталамаймын". Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.
Страница 29 из 237




Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
Соңғы жаңалықтар
- Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды
- 8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
- Адамның биоөрісі: көзге көрінбейтін энергия қабаты
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
Ескі үйдегі елес
Өз үйімде, маған қиянат жасады
Маржан
Қарт ананың қасiретi
Інім мен келініме менің қарғысым тиді ме...
Отбасы жарастығы
Сырттай ғашық едім
Мені зорлай жаздады: жігіт деп танысқаным арам ойлы аға екен
Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек ?!
«Не істесем екен? Күйеуім құмар ойынмен ауырады…»
Ерлі-зайыптылар бір-бірін неге қызғанады?
Ескі үйдегі белгісіз дыбыс
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru