(грек халық əні)
Аудармамды Шынар Əбілдаға арнаймын
 
Шынар ағашы,
Көктемін сүйген.
Шыңдай бағасы,
Басымды ием.
Көктем лебімен,
тербелер үнсіз.
Заңғар көгімен,
Тілдесер үнсіз.
Көктем келер,
Сəуір жетер,
Шынарларға,
Үміт берер.
Үміттенер,
Үміт жеңер,
Көктем болып,
Шаттық себер.
 
Грек тілінен аударған:  Мейірхан Мейрамбекұлы