Болған оқиға желісімен...

Ғани ƏЛИХАН

Ағам кетісімен мені өзімен бірге ерте кеткен администратор қыз кабинетіне апарды . Басымнан аяғыма дейін тесіле қарап шыққан жаңа басшым аты-жөнімді , елімді сұрап алды да тапсырмаға көшті .

 - Бізде үш күн стажировкадан өтесің .Бірақ біз сондада ақша төлейміз . Жалпы жұмыс сағатың 12 -14 сағатқа дейін . Дүйсенбіден, бейсенбіге дейін ары кетсе 14 сағат. Ал жұмадан жексенбіге дейін 16 сағат кейде 18 сағатқа дейін жұмыс .Тамағың бізден , то есть тегін тамақ .Жалақың күніне сегіз жүз теңге . Ал мына үш күндік стажировкада соның тең жартысын аласың . Надеюсь стажировкадан өтіп сен бізге жұмысқа тұрасың . Ол жағы өзіңе байланысты . Егер жақсы жұмыс жасап өз столыңа қосымша клиент жинап жатсаң, онда жалақың тағы да көтерілмек .

Сондай- ақ біздің кафенің ішкі заңына міндетті түрде бағынасың . Өз бетіңмен әрекет жасамайсың , сұраусыз жұмыстан қалмайсың . Егерде туыстарың немесе таныстарың келіп жатса , тамақ жағынан бір столдық жеңілдіктер қарастырамыз . Ал енді сенің тікелей бастығың мен боламын . Маған ғана бағынасың . Не айтсам соны істейсің . Сондай-ақ киімің таза , шашың жинаулы болуы керек . Алдымызда күз келе жатыр . Бірақ қазірше ыстық .Сондықтан мини киесің , алдыңда біздің кафенің эмблемасы бар жапқыш болмақ дей келе , енді саған соңғы сұрақ :

 - Жігітің болғанба , жігітің барма еді ?- деп дүңк еткізді . Мен болсам не дерімді білмей шошып түстім . Тіпті жігітімнің бар жоғының мынаған не қатысы бар екен деп таң қалдым . Әлде менің жігітім келіп күнде тамақ жеп маза бермей қояды деп ойлап тұр ма деген ойға қалдым. Ойымды тағы да басшым бөліп жіберді.

 - Сен менің сұрағыма жауап бермедің ! Мен сенен сұрадым емеспе ? Жігітің барма , жоқпа ?- деп қайталады . Аузыма сөз түспей қалды . Сасқалақтап біраз тұрып барып :

 - Ия бар - деп жауап бергенім сол еді ,

 - Қайда ?-деп қайта сұрады . Мына сұрақтан соң шынымен де қорқайын дедім . Не дерімді білмей тұтығып үнсіз қалдым . Ол енді сөзін қатқылдау үнмен қайта жалғастырды .

 - Қайда жігітің , қайда ?Осы Алматыда мА? Әлде ауылыңда мА? Соны айт !-деп шұқшия қарады .

 - Жігітім ауылда өзімнің ауылымда , бірақ жақында келеді . Осы Алматыға оқуға келеді - деп айтып салдым .

 - Мақұл , жігітің жайлы кейін сөйлесерміз , қазірше мына қызбен стажировкадан өте бер- деп алдында тұрған үстелдегі бір кнопканы басып қалды . Арадан бір минут өтер өтпес бір қыз есік қағып ішке кірді .

 - Мына қыздың есімі Айша . Бізге жұмысқа тұрмақшы . Сен мұны стажировкадан өткіз . Бәрін үйретесің .Әсіресе "клиент всегда прав" деген қағиданы миына құй . Ең бастысы тазалықпен, мәдениетті сөз екенін түсіндір . Кейін анау мұрынбоқ қыртымбайларыңа айт , тиісіп жүрмесін . Өзі жас қыз , өзі сұлу қыз . Еркек болсам ешкімге бермей өзім алар ем- деп күліп алды да, боссыңдар дегендей қолын бір сілтеп темекісін тұтатып теріс айнала кетті . Қысқасы осылайша менің үш күндік стажировкам басталды . Бір қарағанда жеңіл жұмыс сияқты көрінгенімен ауылдан келген маған мына жұмыс оңайға соқпады .

Азанғы сағат он жарымда барасың, содан түнгі он екі ,бірге дейін тынымсыз жүгіресің . Соңы таусылмайтын ығы - жығы адам . Алып Алматының тең жартысы осында жүргендей көрінеді . Түскі сағат он екіден бастап ,соңы түнгі бір- екіге барып бір-ақ басылады . Аяқтан аяқ қалмай қатты шаршайсың . Тіпті кей күндері сәл тыным тапсаң ұйықтап алсам екен дейсің . Қысқасы үш күндік стажировкадан қалай өткенімді білмеймін. Бірақ мен жұмысқа тұрдым . Енді міне жұмыстың көкесі басталды . Зыр жүгіріп келгендерді қарсы  аласың . Оларды адам санына қарап үстелге апарып отырғызасың . Отырғызып болған соң міндетті түрде амандасасың . Онан қолыңдағы менюді алдарына қойып, қалам қағазыңды алып дайын тұрасың .

Содан соң ең қиыны басталады . Менюді ақтарып анау барма, мынау барма?- деп сұрақты қарша боратады . Жан- жағыңнан жамырап қыспаққа алады . Тіпті жігітің барма танысайық- деп миыңды ағызады .

 Міне осылардың бәріне төзіп көңілдерін көтеру менің міндетім боп саналады . Тек қана күлімдеп тұрып көңілдерін көтеруің керек . Қабақ шытуға не сөз қайтаруға қатаң тиым салынады . Сондай-ақ айтқан тамағын айтқандай ғып апарып алдарына қоюың керек . Бұл сырт көзге ғана оп-оңай көрінеді . Өйткені апар - әкел ғана сияқты  көрінетін жұмыс . Қысқасы он бес күнде, мұныңда қыр- сырын үйреніп нағыз даяшы қызға айналдым . Жәмән орысшам тәуірленіп, енді бұрынғыдай ауылдың қызы емес, қаланың қызына айналдым . Оның үстіне клиентім көбейіп басшылықтан мақтау алдым .

 Ал енді осы клиент көбейту деген бұл өз алдына бөлек әңгіме . Мысалға кафеге келген адам маған мына қыз қызмет көрсетсін деп талап қояды . Қысқасы саған ғана заказ беріп ,сен апарған тамақты ғана жейді . Содан ақшасын төлегенде артығымен тастап кетеді . Немесе қайтарымын алмай өзің ала сал деп өте шығады . Бірақ мұның жаман тұстары да бар . Ол танысайық , тоқалым бол , үй әперем болмаса машина әперем ,тіпті шетелге апарайын т.с.с сөздер . Әкеңдей адамдардан,мынандай сөздерді алғаш естігенде шошып түскеніңмен ,бара бара бұл сөздерге де үйренесің . Еркекте ес болмайды деген сөздің мағынасын сонда ғана түсінесің . Осыдан соң жұмыр басыңды қаншама ойлар шырмап алатыны рас . Алайда мына еркектердің бірде бірін ренжітпейсің . Тіпті ескі танысың сияқты дос боп кетесің . Біраз уақыт көрінбей кетсе іздейсің ,алаңдап күтіп жүресің. Қысқасы, шырмауы көп мына жұмыспен менің де шым-шытырман қаладағы өмірім басталды . Өйткені менің клиентімнің көбейгенімен қатар дұшпандарым да көбейе түскен еді ...

 Қысқасы екі айдың ішінде мына кафенің тыныс тірлігіне бойым үйреніп кетті . Пәтерім жақын болғандықтан жұмысқа келіп кетуде ешқандай қиындықтар туғыза қоймады . Пәтерде үш қызбыз . О баста өзара тезде тіл табысып татуласып кеткендей едік . Олар таң атпай тұрып шәйін ішіп оқуға кететін . Мен сағат тоғыздарда тұрсамда шәй тамақ ішпестен  жұмысыма кете беретінмін . Өйкені ішетін, жейтінім бәрі сол кафеден тегін болды . Тамағымның тегін болғаны ,маған тезде ақша жинап ,келесі жыл оқуға түсуге жақсы мүмкіндік берді . Алайда осының бәрін бір күнде өзім астан кестеңін шығардым .

Бір күні тағы да, сол баяғы қырсық - қыңыр мінезім ұстап ұйқымнан қағынып ояндым . Жинаусыз қалған дастарханды көріп, қаным басыма шаппасы барма ? Негізі бұл қылығымның өзіндік себептері де бар еді . Мендегі бір туды ,бітті ең жаман қасиет жәй сөйлеп жәй қозғалатын қызды көрсем ызаланып шыға келемін . Бүгінгі ұрыс керістіңде басты себебі сол болды . Пәтерлес қыздарымның дастарханды ашық - шашық жинамай тастап кетуі менің ашуымды туғызды . Сондықтанда кешке келген соң сөйлесеміз деп ,дөрекі сөздер жазып бір жапырақ ,ескерту қағаз қалдырып жұмысыма кеттім .

 Енді міне , қызықтың көкесі мен кафеге жеткенде басталды . Киім ауыстыратын бөлмеге кіріп барсам ,менің киімдеріммен белжапқышым еденде шашылып жатыр . Мұны көргенде қаным басыма шауып айқайға басып сыртқа атып шықтым . Бұл кезде жұмысқа бары жоғы екі - үш қыз ғана келген болатын . Солардың ішіндегі ең момындау деген өзіммен құрбылас Алима деген қызға тап беріп жабыса кеттім . Осылайша ойда жоқта апан - топан төбелес басталды да кетті . Ара түскен қыздардың қой дегеніне қоя салатын мен бе , онан сайын өрши түстім .Ұзын шашынан ұстап алып бейкүнәні тепкінің астына ала бастадым . Негізі жазықсыз екенін біле тұрсамда айналамдағы қыздарға "қызым саған айтам келінім сен тыңда" дегендей сес көрсетпек болдым . Осылайша өзімнің абыройымды асырып кафедегі жиырма шақты қызды қолымда ұстаймын деп ойладым . Қысқасы ауылдағы мектептегі әдетіме қайта бастым . Алайда тап осыдан соң өз жағдайым тым нашарлап бәрі де кері кетті . Алима құрбым сол сәттен бастап зым – ғайым болып жоғалып кетті . Мұның соңы менің Роза апайдан (администратор) қатаң түрде ескерту алуыммен бітті . Бірақ бұл қатаң сөгіс осы істің соңы еместін . Арадан үш -төрт күн өткенде өз пәтерім алдында Нарынқолдың қыздарының қолына түсіп , оңбай таяқ жеп масқарам шығып жүзіқара болдым . Бұған дейінде өзім айтқандай пәтерлес екі құрбыммен де сөзге кеп қалған болатынмын . Осыдан соң өзімнің ешкімге керексіз екенімді түсіне бастадым . Бар ойым осы пәтерден тез арада кету болды да тұрды . Тап осылай жүре беруге болмайды, қалайда кетемін деп шештім . Өйткені не жұмысым да не пәтерім де бұрынғыдай абыройым болмады . Енді менің Роза апайдың ығына барып қайта жығылып кешірім сұрап, құрдай жорғалаудан басқа амалым қалмады .Осылайша кешірім сұрадым да, ол кісі кешірді де .

Бірақ талабы күннен- күнге күшейіп сенімсіздік білдіре бастады . Бұрынғыдай клиенттерімнен де алыс ұстады . Көбінше кафенің ішкі жұмыстарын тапсырып сырт көзден тасалап жүрді . Ал клиенттерім болса мені сұрап жатқандарын естіп те біліп те жүрдім . Алайда үйреніп қалған клиенттеріммен сөйлесудің сәті түспей тағы да бір ай өткіздім . Қысқасы күндер зулап өтіп жатты .Күз кетіп қыс келді . Ауылдан жіберген қысқы киімдерім Алматыда жарамсыз боп қалды . Енді маған қалалықтарға сай киім керек болды . Менде қаланың қыздары сияқты әдемі киініп жүргім келді . Оған қол жетіру үшін тынбай еңбектену керек , оған менің жұмысым сай келмеді . Ойлана келе кафеде жүре бергенше ,өз сұлулығымды пайдаланамын деп шештім . Бір күні сәтін салып қалталы бір клиентіме мекен жайымды жазып қағаз лақтырып тындым . Өзімнен жасы біршама үлкен екеніне де қарамадым . Қалтасындағы уыс - уыс ақшасын көп көретінмін . Содан - ақ оның жәй адам емес екенін білетінмін . Өзі де көрікті келген жасы әкеммен шамалас кісі болатын . Оның үстіне ақшадан тарықсаң айт , көмектесемін деп талай айтқанын өз аузынан көп естігенмін . Демек осы адамнан ақша аламын деп топшыладым . Ұзын сөздің қысқасы сол түні мен пәтерімнің алдында онымен жолықтым . Бұл 42 жастағы Алматы қалалық жерге қатысты бір қызметте істейтін ,бір бөлімшенің басшысы Азамат есімді шалақазақ болатын ...

     Азаматпен сол күні көп сөйлесіп ,көп отырудың сәті түспеді . Бір жерге асығып тұрғаны белгілі , машинада отырып бір- екі ауыз әңгімелескеніміз болмаса онан әрі аса қоймадық . Тек қолымның сыртынан ұстап сен тым көріктісің дегеннен басқа сөз айтпады .Емін- еркін сөйлесіп отыруға менің де ұятым жібермеді . Қысқасы ертесіне жұмыстан соң қайта кездесетін боп тарқастық .Кетерінде қалтасынын бір уыс мыжылып қалған ақша шығарып ,қолыма ұстататты да көріскенше деп жүріп кетті . Басымды төмен салып рахметімді айтып мен қала бердім . Ол кетісімен жүгіріп үйге кірдім . Жарықты қосып жан - жағыма қарай бастадым . Құрбыларым Әлиямен ,Меруерт шырт ұйқыда жатыр . Енді маған қалай болғандада қалтамдағы ақшаны санау керек . Өйткені қанша ақша бергені мені мазалаған басты сұрақ болды . Асығып жүріп шешіндім де, төсегіме кеп қисая жатып санай бастадым . Бір , екі , үш , төрт , бес ...

Мәссаған , жиырма бір мың . Бақандай жиырма бір мың теңге .Мұны көріп қуанышым қойныма сыймай жүрегім жарыла жаздады . Мен мынандай ақшаны табу үшін кем дегенде бір ай жұмыс істеуім керек . Ал Азамат болса ойланбастан қолыма ұстата салды . Не деген жомарт жігіт десеңші . Жігіт деп жігіт емес ау ,әкемнен екі ақ жас кіші адам . Бірақ қою қара шашы ,әжім түспеген әппақ екі беті, қып - қызыл жаңа галстугі , қысқасы нағыз Шахзаданың өзі дерсің . Мұның қасында өмірі трактордан түспеген менің әкем шал сияқты көрінеді . Тіпті салыстыруға келмейді . Осылайша ойым шырмалып мен жүзіқараны албасты басты . Өз әкеммен бөтен еркекті салыстырып ақ жолдан тая бастадым . Мен үшін тынымсыз еңбек еткен әкемнің тәрбиесі естен шықты . Бар ойым ақшасы бар бөтен еркекте болды .

Қалай болғанда да айрылып қалмауым керек деп шештім . Өйткені өзі тартымды және өте қалталы азамат . Бұрындары тоқал дегенді ,анда - санда кітаптан оқитыным болмаса көзім көрмеген . Енді міне , өзімнен жиырма бес жас үлкен еркекпен көңілдес болуға мен де дайын сияқтымын . Ертеңгі кездесудің немен аяқталарын білмеймін, бірақ қарсыласуға шамам жетпесі анық . Себебі қарсы болсам айрылып қалуым мүмкін . Осыны ойлап өзімнен өзім қорқа бастадым . Жоооқ , Айша дегеніне көнеді . Сонан соң бітті ,осы еркектен қайтып айрылмаймын . Ал тұрмысқа шығуды мүлдем ойламаймын . Тап қазір ол жайлы ойлауға болмайды . Ойлауға қатты қорқамын . Ол жағының бір мәнісін табамын . Тым болмаса "қыздық “деген құрғыр пәлені сатып аламын . Қазіргі медицина қатты дамыған . Естуімше бес мың теңгенің ар -жақ бер жағында ғана . Ол маған тіпті проблема емес . Қолымның сыртын ұстағанға мұншама ақша ұстата салған Азамат , тай құлындай әппақ тәнімді құшқанда бес есе көп ақша берері сөзсіз . Ол беруге де тиіс . Өйткені менің сұлулығым табиғи сұлулық . Бұл маған Алланың берген сыйы . Қайткенде де мұны бағалауым керек . Ал Азаматтың жомарттығы көрініп -ақ тұр . Осы Алматыға келгелі өзімдей қыздардың су жаңа көліктерді зырылдатып теуіп жүргенін талай көрдім. Мүмкін , болашақта менің де көлігім болар . Олардан менің қай жерім кем ? Кейде біздің кафеге де өздерінен бірнеше жас үлкен адамдармен жап - жас қыздар келеді . Сұрап білмесеңде сырттай білесің . Әрине тегін емес , төсектес тоқалдары екені анық . Әне , сол қыздардан менің қай жерім кем ? Менің сұлулығым олардан асып түспесе кем түспейді . Неге пайдаланып қалмасқа ?

Сондай- ақ алып шаһар Алматыда мен не істеймін , оны өзім білемін . Не істесемде өз еркім . Оны кім біліп жатыр ? Ауыл алыс танысым жоқ . Бір Құдайдан басқа кім біледі дейсің ? Бірақ сол құдай дегеннің де өзі барма ? Бар дейтіндей кім көріпті ? Бар болса қайда ?  Көзімен көрген адам .Ал маған тап қазір оның бар жоғын сұрап отырудың қажеті жоқ . Өйткені бұл менің жеке өмірім . Өмірге бір ақ рет келемін . Демек өз тағдырымды өзім шешемін . Бұл мен таңдаған жол . Оңынан туып бәрі де мен ойлағандай болып жатса , онда мен де бәрі болады . Су жаңа қымбат көлігім де , тіпті Алматының қақ ортасынан үйім де болады . Сол үшін де Айша мына сыйдан қалыс қалма . Тек қана алға !

Осындай ойлармен арпалысып жатып таңды көз ілмей атырдым . Сағат тілі жетіге таяғанда қабырғада асулы тұрған жәмән будильник безілдеп қоя берді . Тәтті ұйқыда жатқан екі құрбым орындарынан атып тұрып киініп өз-ара сөйлесе бастады . Пайымдауымша пәтерге тағы да бір қыз әкелмекші . Ол үшін менен рұқсат сұрауы керек . Қысқасы кешке келіп менімен сол қыз жайлы сөйлеспекші . Өйткені бүгін кеш жатады , мен жұмыстан келгенше ұйықтамай күтеді . Ертең демалыс . Сондағысы пәтер ақшасын төртке бөліп төлемек. Сөйтіп азда болса ақшаларын үнемдемек .Тағы да екеуара бір жұмыс тауып кезек - кезек жұмыс істемек . Күндіз оқуын оқып түнде жұмыс істеп ақша таппақ . Ой сорлылар - ай . Тап қазір менің қалтамда осы пәтердің бір айлық төлемінен көп ақша тұр . Қолымның сыртынан сипады , қалтама ақшасын салды .Тіпті маған мына кафеде жұмыс істеп не керек ?

Ой қойш осыларды . Қысқасы екі құрбым сабағына кетті . Мен ұйқыға кеттім ...

Жалғасы бар....