Үндістанда жаңадан отау құрған азамат жарымен бір апта тұрған соң ажырасуға арыз берді. Сол уақытқа дейін ол әйелінің түрін бояусыз көрмеген деп хабарлайды Lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістанда қалыптасқан дәстүр бойынша, жігітке қалыңдықты туыстары таңдап, тойда ол бетін орамалмен жауып алған. Оған қоса қалың бояудан да оның шын бейнесін көру мүмкін болмапты.

Үйленудің салтанатты рәсімі өте салысымен, азамат шаруалармен қалаға кетіп қалады. Ал үйіне қайта оралғанда, әйелін көріп, талып түсе жаздайды. Ол мәңгі бірге болуға серттескен келіншек гормондар дертімен ауырып, беті мен денесін түк қаптап кететін көрінеді. Осыны білген соң, күйеужігіт бірден ажырасуға арыз береді.

Сот отырысында жігіт өзінің алданып қалғанын айтса, әйелі күнде таяқ жейтінін жеткізіп жылайды. Тіпті күн сайын жанжал шығарып, үйден кетуін талап етеді екен. Келіншектің айтуынша, күйеуінің туыстары оны дүниесі көп болған соң пайдаланбақ болған.

Сот екі тарапты да тыңдап, оларды ажырастырмау туралы шешім шығарды. Жастардың әрмен қарай тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Ал сіз осындай жағдай туындаса, қалай әрекет етер едіңіз?

 

NUR.KZ