Францияда 2900 полицей түрмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді 

Жексенбі күні 11:20 шамасында Калашников автоматымен қаруланған  үш ер адам қылмыскерге қашуға көмектескен. Бұл операция бар жоғы бірнеше минутқа созылған.

 
 Қылмыскердің сыбайластары тікұшақтың ұшқышын кепілге алған. Тікұшақ түрменің ауласына қонған. Қылмыскерлер түтіндететін заттарды қолданып,жылдам екі ағашты және дәлізге кіргізетін екі қақпаны кескен. 
 
Кейін қылмыскерлер мінген тікұшақ түрмеден 60 км жерге қонып, ұшқышты қоя берген. Содан кейін автокөлікке мініп кеткен. Ол автокөлік кейін сауда орталығының тұрағынан өртенген күйінде табылған. Қылмыскерлердің қайда кеткені белгісіз. Қазір іздестіру жүргізіліп жатыр. 
 
 
 
Дереккөз: reactor