Ресейде еркек пен әйелдерді қызықтыратын мамандықтарды анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Зерттеуге 18-30 жас арасындағы әлеуметтік желіге тіркелген бес мың ресейлік қатысыпты. 

Таныстыру қызметімен айналысатын компанияның бірі зерттеу жүргізіп, еркектер мен әйелдердің қызығушылығын тудыратын мамандықтарды анықтады.

 — Еркек пен әйелдің мамандықтары туралы қалыптасып қалған пікір бар. Кейбір мамандық, мысалы, әйелдің мамандығы еркектің сол әйелге деген қызығушылығын арттырады, деп жазылған хабарламада. 

Сонымен, әйелдерді қызықтыратын еркектің мамандықтары: маркетолог, кәсіпкер, инженер, заңгер, фотограф. Ал ер адамдар әйелінің визажист, дизайнер, журналист, дәрігер, заңгер болғанын қалайды екен.