Ақыл  Алдаберген   әнші

Ақыл, сұхбатымызды  өзіңізбен жақын танысудан бастасақ...

1996 жылы Сыр елі -жыр елінде өмір есігін аштым. Қарапайым қазақы отбасында үш баламен бірге тəрбиелендім. Екі мың төртінші жылдан ата-анаммен  Алматыға  қоныс  аудардық.  Биыл ғана  ҚазҰУ-ды бітірдім. Əнге деген – асқақ  махаббат жолында  азды-көпті  еңбек  қылып  жүрмін.

 Əн салуға  деген құштарлық қай кезден бастау алды?

Тіл шығып сөйлей  бастағаннан басталды.

 Жүрекпен айтылмаған əн жүрекке жетпейді. Сіздіңше, əнді жүректерге жеткізе орындау үшін не істеу қажет?

 Əнді сезініп, ішіне кіру керек.

 Жанды дауыста  əн салудың үш  артықшылығын  атап бересіз бе?

Халық жанды  дауысты жақсы көреді ғой, жасанды емес, шынайылық бəрібір де биік тұрады.

 Көп əншілердің əндерін жатқа білесіз. Кавер нұсқамен орындап та жүрсіз. Кавер орындау қиын ба?

Дым да қиын емес. Егер əн ұнаса қиыншылық тудырмайды.

  Бүгінгі əндердің мəтіндеріне көңіліңіз тола ма?

Жоқ!

Сіз үшін əнші деген кім?

Əнші болу - Құдайдың сыйы, адам əнші болып туылады, қолдан жасап , вокалға немесе т.б қатысып əнші болу ол мүмкін емес.. .табиғи дарының болмаса. Жоқтан бар пайда болмайды.

 Қазақилыққа қанып өскен жан екеніңіз көрініп тұр. Əдебиетке жақынсыз ба?

Иә, менің мамандығым қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі.

 Қазір, қарындас пен ағаның дуэті ретінде көпті сүйсінтіп жүрсіздер. Бұл дуэттің қоржынында қанша əн бар?

Əзірге əніміз жоқ, тек каверлер ғана. Жақын арада жаңалықтар болып қалады.

   Шығармашылық жолында  алға қойған жоспарларыңыз қандай?

Бұйырса күтіңіздер!

 Өмірде махаббатқа сенесіз бе?

Əрине, махаббатсыз өмір бос дегендей, махаббат əр нəрсенің бастауы ғой. Ол болмаса біз қайдан жүрміз.

Жүрегіңізді тербейтін музаңыз бар ма? 

Муза деген – белгілі бір зат, көзге көрінбейтін құбылыс не ерекше қасиет емес, ол адамның жан дүниесінің тыныштық тапқан кездегі ләззат ала алатын ішкі жан дүниесінің көрінісі. Менің музам сұлулық.

Уақыт  тауып  сұхбат бергеніңіз  үшін рақмет !Шығармашылық табыста болыңыз !

Дайындаған : Мейірхан  Мейрамбекұлы