Адамның метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын вирус, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарға қауіпті.
Бұл вирус тұмау және басқа респираторлық вирустар сияқты симптомдармен көрінеді, мысалы, жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауруы және қызба.
Кейбір ақпарат көздері метапневмовирусы (HMPV) Қытайдан тарап жатыр деген ақпарат таратуда.Қытайда HMPV-ның таралуы туралы нақты мәліметтер шектеулі- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Дегенмен, жалпы алғанда, метапневмовирус әлемнің көптеген елдерінде кездеседі және маусымдық сипатқа ие, әсіресе қыста және ерте көктемде жиі таралады.
Метапневмовирус инфекциясының алдын алу үшін келесі шараларды сақтау ұсынылады:
Қолды жиі жуу және антисептиктерді пайдалану.
Бетке қол тигізбеу.
Ауру адамдармен тығыз байланыстан аулақ болу.
Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды жабу.
Қазақстанда адамның метапневмовирусы (HMPV) тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тұмауға ұқсас инфекциялар бойынша 2292 сынаманың 6-ы метапневмовирусқа оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта елімізде тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) кең таралуда. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ жұқтырудың 2 миллионнан астам жағдайы тіркелген.
Егер сізде тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері пайда болса, дәрігерге қаралыңыз.