Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар.  

Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.  

          1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады; 

  • 2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек; 
     
     
  • 3. Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады; 

 

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігінің   2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамалын ұсынамыз.

Зодиак белгілерінің көпшілігі үшін жылдың екінші айы түсінбестік аясында, оқиғалардың былықпа болуымен өтеді. 2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдызнама жұлдыз белгілерінің барлығы үшін өмірдің түрлі салаларына қатысты көптеген күтпеген құбылыстар дайындап қойды. Біреуінің махаббатта жолы болса, басқалары ақшасыз қалады, ал тағы біреулері мансаптық серпіліс жасауы немесе өз бизнесін басқаруы мүмкін. Сондай-ақ өз жобаларын уақытында іске асыра алмайтындар да болады. Сондықтан, сынық кіршінің жанында отырып қалмау үшін астрологтардың болжамына бір уақыт қарап тұру керек.

 
Тырнақтарыңызға қарап, бауыр, өкпе, жүрек ауруларын айқын аңғаруға болады. Тырнағыңыз не сыр жасырғанын білгіңіз келсе, назар салыңыз.

Біле білген адамға тырнақтың «хал-ахуалы» оның денсаулығынан хабар береді. Тырнақтағы ақ ноқаттар, тегіс емес болуы және сарғыштануы – әлдеқандай аурудың белгісін білдіреді.

1. Сүреңсіз тырнақтар

Өте сүреңсіз тырнақ қабаты кей жағдайларда қауіпті ауруларды білдіреді.  Мысалы: қан аздық, жүрек ауруы, бауыр ауруы сүреңі қашқан тырнақтар арқылы белгі береді. Сонымен қатар, тырнақтың үстіңгі қабатының сүреңсіз реңі тамақтанудың жеткіліксіздігін аңғартады.

 

Суық судың адам денсаулығына пайдасы зор болғанымен, дертке дауа бола алмайды екен.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде" деп дана халқымыз текке айтпаған. Адамның ең басты байлығы – денсаулығы, сондықтан күйбең тіршіліктің қамын күйттей бермей, күніне бір мезгіл спортпен шұғылданған абзал. Тән саулығын ойлаған кейбір жандар қыстың қытымыр аязына қарамастан, мұздай суға күмп етіп, денесін шынықтырып жатады. Қыста суға шомылудың пайдасы мен зияны туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Астана қалалық №10 емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Сүлейменова кеңінен тарқатып айтып берді.

 

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.