Көп жыл бұрын перзентханада жатқанымда қасымда бір қызық келіншек болды. Мен сақтану үшін жаттым.

 

Бірде ауыр сөмке көтеріп, үйге келдім. Күйеуім тұмауратып жатқан. Үйде барын анық білем. Кіреберіске кіре сала, айғай салдым: «Сөмкелерді алшы» деп. Ол былқ етпеді. Қалың көрпе жамылып, терлеп жатыр. Қызуы жоғары.

 

«Отбасылы әйелге құрбы не керек?» деген күңкілді жиі естиміз. Көбіне күйеуден. Кейде енеден…

«Анда-санда сыр бөлісіп тұратын құрбың болғанның несі жаман?» – ашық қарсы шыға алмасақ та, осылай деп өз наразылығымызды білдіреміз. Шынында жаман болуы мүмкін, егер құрбы мен отбасы арасындағы шекараны білмесеңіз…

Отыздың бел ортасына келген шағыма дейін ащы-тұщы өмірдің дәмін татып үлгеріппін. Жастықты құшақтап жылаған, кірпігімді төмен ұстап күрсінген, жалғыздықтан жанымның жабырқаған сәттері көп болды. Тұла бойымды жарып шыққан тұңғышым мен ата-анам көңіліме демеу, жаныма сүйеу болуға тырысты. Алайда әйелдің бақыты - сүйікті жар болуда екендігін түсіндім. Мен сүйікті жар болғанмын, бірақ...

 

Арайлыммен танысқаныма көп бола қойған жоқ. Алматы 2 миллиондай адам тұратын үлкен қала ғойМұнда таксоват етіп жүріп, көлігіңе отырған талай қыз-келіншекпен танысуға болады. Арайлым да сондай таныстардың бірі.