-Күздің сырлы мезгіліндегі жаңа маусым құтты болсын! "Қызылжар" арнасының жаңа маусымдағы жаңалықтары қандай?
Жаңа маусымдағы «QYZYLJAR» арнасының ең басты жаңалығы, бұл біздің арнамыздың атауымыздың өзгеруі. Көптен күткен жаңалық болды, бұл. «QYZYLJAR» атауы латын қарпімен таңбаланып отыр, Осылайша, Елбасының «. Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосқан арна заман талабына сай түлеп, контентін де жаңартты.
- Жаңа маусымдағы патша көрермен қауымға ұсынатын қандай хабарларыңыз бар?
Биылғы жаңа маусымда біз 11 жаңа бағдарлама әзірлеп, эфирге шығарудамыз. Олар түрлі жанрда және сан алуан саланы қамтиды. Олар - ұлтымыздың атадан балаға мирас қылып қалдырған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық қолөнерін насихаттау, жаңғырту мақсатындағы «Ұлағат» бағдарламасы, ұлтымыздың жауһары ән өнерін, оның ішінде сал-серілердің алтын бесігіне айналған Қызылжар өңірінің ақын-жырауларының шығармашылығын насихаттау, өшкенді жаңғырту мақсатындағы «Ән аманат» бағдарламасы. «Аграрлы аймақ» және «АПК. Горизонты развития» - ауылшаруашылығы саласы туралы, ал «Қуатты Қазақстан» мен «Индустриализация - мост в будущее» - өңірдегі өндіріс пен бизнестің өркендеуі жайлы. «Туған жер – Родной край» бағдарламасы - Елбасымыз атап өткен тарихы бай, қойнауы қазыналы еліміздің өткені мен бүгіні жайлы танымдық хабар . «100 жаңа есім» бағдарламасы аясында облысымыздың, Еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар жайлы бағдарлама «Тұлға» , «Личность» деп аталады. Бұл бағдарламаға диқандар, ғалымдар, ұстаздар, спортшылар, дәрігерлер, бір сөзбен айтқанда аянбай еңбек етіп, өз саласының майталман шебері атанған жандар кейіпкер болады.
- Жаңа маусымнан не күтесіз?
Осы бағдарламаларымыз сәтті жүзеге асып, көрермендеріміздің көңілінен шығады деген сенімдеміз. Айта кеткен жөн, халық алғашқы хабарларымызға жақсы пікірлер білдіріп, қолдау көрсетіп жатыр.
- Көрермендеріңізге айтар тілегіңіз?
Біз халық үшін ашық телеарна болуды мақсат етіп отырмыз. Біздің бағдарламаларырымыз бұрынғыдай тек облыс аумағында ғана емес, қазір «Отау ТВ» жерсерігі арқылы бүкіл ел аумағына, көршілес мемлекеттерге де таратылып жатыр. Біз көрермендерімізбен арада кері байланыс болғанын қалаймыз. Қандай да бір хабарлар жайында, тұлғалар жайында білгілеріңіз келсе, теларнаға хабарласып тұрыңыздар, деген тілегіміз бар.
Шеф-редактор: Баян Қалиева